"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 784 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 37, 444-құжат; 2012 ж.,  № 36, 476-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      1) 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.»;
      2) 17-тармақта:
      екінші бөлікте:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацымен толықтырылсын:
      «өмірбаян»;
      үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «форматы 3,5x4,5 төрт фотосурет»;
      бесінші бөлікте:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «өмірбаян»;
      үшінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «форматы 3,5x4,5 үш фотосурет»;
      «әскерге шақыру жасындағы адамды міндетті әскери қызметті өткеруден босату не босатудың мүмкін еместігі туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
      жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ атқарушы өндірісі аумақтық органынан мемлекет алдында атқарылмаған міндеттердің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелерінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама»;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе асырауында адамдар бар болса, ол осы адамдардың материалдық және басқа талап-арыздары жоқ екені туралы нотариат растаған өтінішті тапсырады.»;
      3) 18-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «форматы 3,5x4,5 үш фотосурет»;
      4) 20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өтініш беруші адамдар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, ішкі істер немесе сыртқы істер органдары өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.»;
      5) 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдердің орындалуы туралы Комиссияның жұмыс органына жылына екі рет ақпарат береді.»;
      6) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, ішкі істер органдары Қазақстан азаматының басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына қызметке кірген, көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде азаматтық алған, басқа мемлекеттің азаматтығын алған, адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныған фактілерді анықтаған жағдайда, осы адамның Қазақстан азаматтығынан айырылғанын тіркейді.»;
      7) 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Шет елдердегі мекемелер:
      халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан азаматына қатысты оның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына қызметке кіргенін растайтын құжаттар не басқа анық мәліметтер болса;
      егер азаматтықты көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынғаны анықталған болса;
      егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
      егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы үшін негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркейді.»;
      8) 31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адам Мемлекет басшысының атына тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына саяси баспана беру туралы өтінішхатпен жүгінеді.»;
      9) 3334353738 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері және шет елдердегі мекемелер материалдарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүгінген адамға саяси баспана берудің орындылығы туралы пікірлеріне сұрау салады.
      Саяси баспана беру туралы өтінішхат бойынша материалдарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
      Егер материалдарды қарау қосымша зерделеуді талап еткен жағдайда, шешім қабылдау мерзімі ұзартылуы мүмкін.
      34. Өтініш беруші мәселе нақты шешілгенге дейін айына кемінде екі рет өтініш берген жері бойынша белгіленіп отырады.
      Өтініш беруші тұрғылықты жерін өзгерткені туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.
      Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөлімшелері немесе шет елдердегі мекемелер осы тәртіп сақталмаған жағдайда, мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.
      35. Тиісінше ресімделген материалдарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өтінішті қанағаттандырудың мүмкіндігі не бас тарту қажеттілігі туралы дәлелді қорытындымен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.»;
      «37. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі немесе шет елдегі мекеме саяси баспана беру туралы өтініш берген адамды Мемлекет басшысының қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.
      38. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саяси баспана берілген адамға және оның 16 жасқа толған отбасы мүшелеріне белгіленген үлгідегі куәліктер береді.
      39. Қазақстан Республикасының аумағында болатын адамдарға ішкі істер органдары саяси баспана беру туралы куәліктің негізінде тұруға ықтиярхат ресімдейді.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
      3-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады