"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 851 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар»  мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері»;
      «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы;
      ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін төмендеуі;
      нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін төмендеуі;
      жалпы өлім-жітімінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
      туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4-ке дейін төмендеуі;
      15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының таралуын 0,2 – 0,6 % шегінде ұстау;
      І-II сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы;
      қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы»;
      Қаржыландыру көздері мен көлемінде екінші бөлік және кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 407 205,7 млн. теңгені құрайды.     

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4


2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

99 036,9

98 441,3

595,6


2015 ж.

97 279,8

96 622,0

657,8


Жиыны

415 605,7

404 443,6

2 762,1

8 400

                                                                   »;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      «Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық» деген бөліктің он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Соңғы бес жыл ішінде (2009 – 2013 жылдары) республикада қатерлі ісікпен (бұдан әрі – ҚІ) науқастанғандардың абсолютті саны ұлғайды: егер 2009 жылы 29071 науқас тіркелген болса, 2013 жылдың соңына олардың саны 33029-ға дейін өсті. Соңғы бес жыл ішінде ҚІ-ден қайтыс болу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2009 жылы 107,4-тен 2013 жылы 101,8-ге дейін төмендеді. Өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі, бірінші кезекте, ҚІ-нің ерте сатыдағы диагностикасының жақсаруына және оны емдеу нәтижесінің тиімділігіне байланысты. ДДҰ деректері бойынша ҚІ-ден қайтыс болу көрсеткіші Еуропа елдерінде Қазақстанға қарағанда жоғары. Жыл сайын әлемде 14 млн. адамда обыр диагностикаланады. 2025 жылға қарай бұл сан 19 млн., 2030 жылға қарай – 22 млн., ал 2035 жылға қарай – 24 млн. адамға жетеді деп болжануда.
      Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың өлім-жітімінің құрылымында әлемнің дамыған елдеріндегідей бірінші орынды қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болу, ал екінші орынды – онкологиялық аурулар алады.
      Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсу серпіні, әсіресе, соңғы 5 жылда ҚІ ауруларынан қайтыс болудың біртіндеп ұлғая бастайтынын және Еуропа елдерінің көрсеткішіне жететінін дәлелдеп отыр.
      Республикада 2013 жылы неғұрлым жиі кездесетін ҚІ сүт безі обыры (11,7 %), өкпе обыры (11,4 %), тері обыры (11,2 %), асқазан обыры (8,5 %), жатыр мойны обыры (4,9 %), тоқішек (4,6 %) және тікішек обыры (4,3 %), өңеш обыры (3,8 %) болды.
      Бұл ретте, ерлер арасындағы сырқаттану құрылымында алдыңғы орынды кеңірдек, бронх, өкпе (19,9 %), асқазан (11,8 %), тері (10,1 %) ісіктері алады, одан кейін қуықасты безі (7,4 %), тоқішек (4,7 %), тікішек (4,6 %), өңеш (4,6 %), гемабластоздар (4,2 %), бүйрек (3,8 %), ұйқыбезі (3,5 %) ісігі алады.
      Әйел популяциясында обырдың таралуы бойынша бірінші орынды сүт безі қатерлі ісігі (21,5 %), одан кейін тері ісігі (12,1 %), жатыр мойны (9,1 %), жатыр денесі (6,1 %), асқазан (5,7 %), анабезі (5,4 %), тоқішек (4,6 %), өкпе (4,2 %), тікішек ісіктері (4,0 %), гемабластоздар (3,2 %) алады.»;
      «Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары:
      халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы;
      ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін төмендеуі;
      нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін төмендеуі;
      жалпы өлім-жітімінің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
      туберкулезбен сырқаттанудың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4-ке дейін төмендеуі;
      15-49 жас аралығындағы топта АИТВ-инфекциясының таралуын 0,2 – 0,6 % шегінде ұстау;
      І-II сатыда анықталған ҚІ-дің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы;
      ҚІ бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы»;
      «Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» деген 5-бөлімде:
      «Қоғамдық саулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру» деген 5.1-кіші бөлімде:
      «Денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарлама» деген тарауда:
      «Дұрыс тамақтану» деген параграфта:
      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «темір тапшылығы анемиясымен сырқаттануды 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2221-ге дейін, 2015 жылға қарай 1 870,0-ге дейін (2009 ж. – 2 314,0) төмендету;»;
      «Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы» деген параграфтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нәтижелер көрсеткіштері:
      14 жасқа дейінгі балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруымен сырқаттану көрсеткішін тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1 194-ке дейін, 2015 жылға қарай 832,0-ге дейін (2009 ж. – 1 196) және 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2995,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 2665,3-ке дейін (2009 ж. – 2 997,1) төмендету;
      15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ сырқаттануды тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,3-ке дейін, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейін (2009 ж. – 8,5) төмендету (маркер ретінде мерез алынды);
      14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылуымен сырқаттану көрсеткішін тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейін және 2015 жылға қарай 4,0-ге дейін, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейін және 2015 жылға қарай 328,5-ке дейін (2009 ж. – 14 жастағы балалар – 13,5, 15-17 жас аралығындағылар – 564,8) төмендету;
      15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидті тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 23,8-ге дейін және 2015 жылға қарай 17,5-ке дейін (2009 ж. – 24,5) төмендету;
      мүгедек балаларды 2015 жылға қарай стационар жағдайында медициналық оңалтумен қамтуды 42 %-ға дейін ұлғайту.»;
      «Жол-көлік қауіпсіздігі» деген параграфтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нәтижелер көрсеткіштері:
      2015 жылға қарай ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2013 жылғы деңгейден (3 037 адам) 5 %-ға төмендету;
      2015 жылға қарай адамдар зардап шегетін ЖКО-ның санын 2013 жылғы деңгейден (23 359 ЖКО) 5 %-ға қысқарту.»;
      «Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық іс-шараларын, скринигтік зерттеулерін күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру» деген 5.2-кіші бөлімде:
      «Негізгі міндеттер» деген алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) онкологиялық көмекті жетілдіру.»;
      жетінші бөлікте:
      екінші, үшінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2-ге дейін (2009 ж. – 18,4) төмендеуі;
      ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4-ке дейін (2009 ж. – 36,9) төмендеуі;»;
      «қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімінің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 210,29-ға дейін (2009 ж. – 416,4) төмендеуі;»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «І-II сатыда анықталған ҚІ-дің үлес салмағының 2015 жылға қарай 55,1 %-ға дейін ұлғаюы;
      ҚІ бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 2015 жылға қарай 50,6 %-ға дейін ұлғаюы.»;
      сегізінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мыналарды:
      МСАК жүйесінің профилактикалық бағыттылығын жетілдіруді;
      онкологиялық аурулардың диагностикасы мен оларды емдеудің жоғары технологиялық әдістерін дамытуды;
      кадрлық әлеуетті нығайтуды және дамытуды;
      онкологиялық қызметтің инфрақұрылымын жетілдіруді және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуды;
      онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құруды көздейтін онкологиялық көмекті жетілдіру.»;
      «Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру» деген 5.3-кіші бөлімде:
      сегізінші бөліктің үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-7 жас аралығындағы 100 мың балаға шаққанда қызылшамен сырқаттану көрсеткішін 0,08 – 0,1 деңгейінде ұстау;»;
      «жіті А вирусты гепатитімен сырқаттануды 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 4,9-ға дейін (2009 ж. – 67,0) төмендету»;
      «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру» деген 5.4-кіші бөлімде:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нәтижелер көрсеткіштері:
      БҰДЖ жағдайында қаржыландырылатын стационарлық көмекті тұтыну деңгейін 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 төсек-күнге дейін, 2015 жылға қарай 1172 төсек-күнге дейін (2009 ж. – 1522,6) төмендету;
      бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жекеменшік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 16 %-ға дейін (2009 ж. – 0%) ұлғайту;
      ДБАЖ-ға енгізілген денсаулық сақтау объектілерінің саны: 2011 жылы – 94, 2012 жылы – 245, 2013 жылы – 399, 2014 жылы – 1551, 2015 жылы 1551 объект.»;
      «Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу» деген 5.5-кіші бөлімде:
      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға қарай 10 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 20 %-ға дейін (2009 ж. – 6 %) ұлғайту;».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады