Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат; 2013 ж., № 24, 379-құжат, 381-құжат; № 29, 439-құжат; № 31, 465-құжат; № 33, 497-құжат; № 43, 633-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына жолдар:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы | Президент | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы", |
"Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары | министрлер | Әкімшілік Басшысы", | |
"Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары | Қорғаныс министрі | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы", | |
"Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының орынбасарлары - Ішкі әскерлер комитеті төрағасының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы | Президент | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы", |
"Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары | министрлер | Әкімшілік Басшысы", | |
"Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы", | |
"Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы" |
деген жол алып тасталсын;
мына жолдар:
"Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әділет департаменттерінің бастықтары | жауапты хатшы | Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі", | |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры | Президент | Мәдениет және ақпарат министрі | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы", |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамның басшысы | Президент | Мәдениет және ақпарат министрі | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы", |
"Самұрық–Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы | Президент | Премьер-Министр" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әділет департаменттерінің басшылары | жауапты хатшы | Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі", | |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры | Президент | Мәдениет министрі | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы", |
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы | Президент | Мәдениет министрі | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы", |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы | Үкімет | Президент"; |
мына:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы | Президент | Премьер-Министр" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы | Үкімет | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы"; |
мына жолдар:
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ басқармалары төрағалары | тиісті холдингтердің директорлар кеңестері | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы", |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармалары төрағалары | тиісті холдингтердің директорлар кеңестері | Премьер-Министр | Әкімшілік Басшысы", |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы | Премьер-Министр | Әкімшілік Басшысы"; |
мына:
"Холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары | директорлар кеңесі | Премьер-Министр | Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы" |
деген жол алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
бесінші, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары;";
"Қоршаған орта және су ресурстары министрінің орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, комитеттерінің төрағалары;";
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Ұлттық ғарыш агенттігі, Дін істері агенттігінің төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары.";
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоршаған орта және су ресурстары, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Мұнай және газ, Өңірлік даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;
Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары; Бәсекелестікті қорғау, Табиғи монополияларды реттеу, Статистика, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Байланыс және ақпарат және Ұлттық ғарыш агенттіктерінің төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары; "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.";
19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;";
екінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет, Денсаулық, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары және комитеттерінің төрағалары; Дін істері, Байланыс және ақпарат, Спорт және дене шынықтыру істері агенттіктерінің төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары;";
"әкімдердің әлеуметтік саланы қадағалайтын орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары; "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ басқармасының төрағасы, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |