Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 955 Жарлығы

      Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) жыл сайын, жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 955 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН   

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 500 миллиард теңге мөлшеріндегі екінші траншты мына мақсаттарға:
1) 100 млрд. теңге:
өңдеуші өнеркәсіптегі және өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсету саласына жататын көрсетілетін қызметтер саласындағы ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеуге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуатын жүктеу үшін кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға;
өңдеуші өнеркәсіптегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеуге;
2) 250 млрд. теңге – Проблемалық кредиттер қорын қосымша капиталдандыруға;
3) 81 млрд. теңге – «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтарының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салуға;
4) 40 млрд. теңге – ЭКСПО-2017 кешенінің құрылысын жалғастыруға;
5) 29 млрд. теңге – Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалын салуға және ұшу-қону жолағын жаңартуға бөлу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес шешімінің жобасын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес хаттамасының жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк

2014 жылғы 17 қараша

2.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мына мақсаттарға:
1) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға;
2) индустриялық инфрақұрылым мен туризмге арналған инфрақұрылымды дамытуға;
3) энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы мен сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға;
5) тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға;
6) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға;
7) кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті қолдауға жыл сайын 3 млрд. дейін АҚШ долларын бөлу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес шешімінің жобасын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2016 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес хаттамасының жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк

2014 жылғы 17 қараша

3.

2015–2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттерді көздеу

Қазақстан Республикасының Заңы

Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы қараша

4.

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, ДСӘДМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2014 жылғы 30 желтоқсан

5.

2014-2016 жылдарда 100 млрд. теңге жыл сайын:
өңдеуші өнеркәсіп пен өңдеуші өнеркәсіпке қызмет көрсетуге жататын қызметтер саласындағы ШОБ субъектілеріне, сондай-ақ қазіргі жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуаттарына жүктеу үшін кәсіпорындардың айналым қаражатын толтыруға;
өңдеуші өнеркәсіптегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылға дейін жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банктің 2015-2016 жылдарға арналған Кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, ИДМ, Ұлттық Банк, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы қаңтар

7.

Банк секторын сауықтыру және «нашар» кредиттерді сатып алу үшін Проблемалық кредиттер қорын 250 млрд. теңге мөлшерінде қосымша капиталдандыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Ұлттық Банк, Қаржымині, ҰЭМ

2015 жылғы мамыр

8.

Жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарды индустриялық жобалармен толықтыру бойынша шаралар қабылдай отырып, олардың инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, Астана және Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2015-2020 жылдары жыл сайын, желтоқсан

9.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің және сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2015-2016 жылдары жыл сайын, желтоқсан

10.

Астана қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысын және ұшу-қону жолағын реконструкциялауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана қаласының әкімі

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

11.

Батыс Еуропа - Батыс Қытай; Астана -Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахан автожол магистральдарының жол учаскелерін салуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2015-2020 жылдары жыл сайын, желтоқсан

12.

Құрық портында паромдық өткелді және Боржақты - Ерсай теміржол желісін салуды аяқтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИДМ

2015-2016 жылдары жыл сайын, желтоқсан

13.

Қытайдың, Иранның, Ресейдің және Еуропалық Одақ елдерінің құрғақ және теңіз порттарында терминал қуаттарын салу немесе жалға алу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ИДМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша),  ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы наурыз

14.

Өңірлерде ШОБ өндірістерін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды салу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы 1 сәуір

15.

Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз етудің, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2015 жылғы маусым

16.

Екібастұз - Семей - Өскемен және Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы бағыттарында 500 кВ жоғары вольтты электр беру әуе желілерін салуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «КЕGОС» АҚ (келісім бойынша), ЭМ, Алматы қаласының және Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының әкімдері

2015-2018 жылдары жыл сайын, желтоқсан

17.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жыл сайын осы мақсаттарға 100 млрд. теңгеге дейін көздей отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды қоса қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту қарқынын жеделдету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2015-2016 жылдары жыл сайын, желтоқсан

18.

2015 - 2016 жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 180 млрд. теңге көздей отырып, халықтың әртүрлі санаттарына төмен пайызбен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз, делдалдарсыз ұзақ мерзімді жалға беру мақсатында жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы көлемін ұлғайту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2015-2016 жылдары жыл сайын, желтоқсан

19.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысының, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары мен жеке инвесторларды тарта отырып, жылумен және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртудың жаңа тетіктерін көздей отырып, Өңірлерді дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, ИДМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы ақпан

20.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 70 млрд. теңге көздей отырып, 2017 жылдың соңына дейін апатты мектептерді және үш ауысымдық оқытуды толық жоюды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

21.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 20 млрд. теңге көздей отырып, сондай-ақ жекеше секторды тарту жолымен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқартуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

22.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы мақсаттарға 10 млрд. теңгеге дейін көздей отырып, Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде ғылымның экономика салаларымен байланысы мен кадрлар дайындығын іске асыратын 10 жоғары оқу орнының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын дамытуды 2017 жылдың соңына дейін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

23.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 2015-2017 жылдар ішінде жалпы сомасы 155 млрд. теңге кредит желілерін тартуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

АДБ-мен, ЕҚДБ-мен, Дүниежүзілік Банкпен келісімдер, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне кредит желілерін тарту туралы ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ДАМУ» КДҚ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

24.

Жастарды «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыруға тартуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

25.

Қоғам санасында «Мәңгілік Ел» идеясын бекіту, кинематография, құжаттану, публицистика мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұлттық тарихты зерделеу, жастардың тарихшылармен кездесулерін ұйымдастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2015-2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АДБ                          - Азия Даму банкі
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ           – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
                               акционерлік қоғамы
БҒМ                          – Қазақстан Республикасы Білiм және
                               ғылым министрлiгi
«ДАМУ» КДҚ» АҚ               – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
                               акционерлік қоғамы
ДСӘДМ                        – Қазақстан Республикасы Денсаулық
                               сақтау және әлеуметтік даму
                               министрлігі
ЕҚДБ                         – Еуропа Қайта құру және Даму банкі
ИДМ                          – Қазақстан Республикасы Инвестициялар
                               және даму министрлігі
«KEGOC» АҚ                   – «KEGOC» акционерлік қоғамы
Қаржымині                    – Қазақстан Республикасы Қаржы
                               министрлігі
«ҚТЖ» ҰК» АҚ                 – «Қазақстан темір жолы» ұлттық
                               компаниясы» акционерлiк қоғамы
МСМ                          – Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                               спорт министрлігі
мүдделі мемлекеттік органдар – іс-шараны орындау барысына тартылған
                               мүдделі мемлекеттік органдар – орталық
                               мемлекеттік органдар
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ     – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                               акционерлік қоғамы
ҰКП                          – Қазақстан Республикасының Ұлттық
                               кәсіпкерлер палатасы
Ұлттық Банк                  – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ҰЭМ                          – Қазақстан Республикасы Ұлттық
                               экономика министрлігі
«ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ          – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы»
                               акционерлiк қоғамы
ЭМ                           – Қазақстан Республикасы Энергетика
                               министрлігі
ШОБ                          - шағын және орта бизнес

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады