"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 979 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      "1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
      10-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдарды және жергілікті атқарушы органдарды "Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру" бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды."
      22-1-тармақ алып тасталсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Қадағаланатын аяда/салада/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "55. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті бағыттар бойынша қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланатын мемлекеттік органдарға ұсынады.";
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "58. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын мемлекеттік органдарға бір мезгілде хабарлай отырып, Сараптамалық комиссияға енгізеді.".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады