2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 118 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2015 жылғы 27 қарашадағы  
№ 118 Жарлығымен     
МАҚҰЛДАНҒАН       

Жоба

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ
шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен
қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының
қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қосылады.

2-бап

      Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім күшіне енген күннен кейін осы Хаттама күшіне енеді.

      2015 жылғы ___ __________ __________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

         Армения        Беларусь        Қазақстан         Қырғыз
      Республикасы    Республикасы    Республикасы     Республикасы
          үшін            үшін            үшін             үшін

                         Ресей Федерациясы
                              үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады