"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 145 Жарлығы


      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат; 2013 ж., № 8, 169-құжат; № 30, 455-құжат; 2014 ж., № 3, 17-құжат; № 61, 567-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 145 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1271 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      1. Орталық аппарат:

      1. Зерттеулер және статистика департаменті

      2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті

      3. Қаржылық тұрақтылық және тәуекелдер департаменті

      4. Монетарлық операциялар департаменті

      5. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті

      6. Банктерді қадағалау департаменті

      7. Бағалы қағаздар нарығы департаменті

      8. Сақтандыруды қадағалау департаменті

      9. Заң департаменті

      10. Бухгалтерлік есеп департаменті

      11. Төлем жүйелері департаменті

      12. Ішкі аудит департаменті

      13. Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)

      14. Инспекциялау басқармасы

      15. Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

      16. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы

      17. Ақпараттық технологиялар басқармасы

      18. Қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасы

      19. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы

      20. Ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы

      21. Монетарлық операциялар есебі басқармасы

      22. Операциялық басқарма

      23. Жоспарлау және бюджет басқармасы

      24. Қауіпсіздік басқармасы

      25. Шаруашылық басқармасы

      26. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы

      2. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары:

      1. Орталық филиал (Астана қаласы)

      2. Алматы қалалық филиалы

      3. Алматы облыстық филиалы

      4. Ақмола филиалы

      5. Ақтөбе филиалы

      6. Атырау филиалы

      7. Шығыс Қазақстан филиалы

      8. Жамбыл филиалы

      9. Батыс Қазақстан филиалы

      10. Қарағанды филиалы

      11. Қостанай филиалы

      12. Қызылорда филиалы

      13. Маңғыстау филиалы

      14. Павлодар филиалы

      15. Солтүстік Қазақстан филиалы

      16. Оңтүстік Қазақстан филиалы

      17. Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал)

      3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ресей Федерациясындағы өкілдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады