"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 1036 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      1) 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6) тармақшасына және 33-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің және кешірім жасау туралы өтініштерді қараудың тәртібін белгілейді.
      2. Кешірім жасауды өзіне қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп жатқан не өтеген адамның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.»;
      2) 3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кешірім жасау туралы өтініш сот үкімі (қаулысы) заңды күшіне енгеннен кейін ғана берілуі мүмкін.»;
      4) 5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айырумен немесе белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) өмір бойына бас бостандығынан айыруды белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыру;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сот белгілеген жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) қосымша жаза түрінен босату;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан сотталғандықты алып тастау түрінде жүзеге асырылады.»;
      5) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын төраға Комиссияны басқарады.
      Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурордың жазаның орындалуы және азаматтарды ақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы орнында болмаған жағдайда Комиссияның жұмысына дауыс беру құқығымен оның орынбасарларының біреуі қатыса алады.
      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.»;
      6) 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқаларының төрағалары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағалары, Ішкі істер, Әділет министрлері немесе олардың орынбасарлары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.
      12. Комиссия өз отырыстарына оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, сондай-ақ өзге де адамдарды шақыруға құқылы.»;
      7) 14-тармақта:
      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Бас Прокурорының және Ішкі істер министрінің сотталған адамға қатысты кешірім жасауды қолданудың орындылығы туралы қорытындылары;
      3) жазаны орындайтын органдар әкімшіліктерінің, қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының пікірлері (болған жағдайда);
      4) сотталған адамға кешірім жасау туралы жәбірленушінің не оның заңды өкілінің өтініші (болған жағдайда) зерделенеді және назарға алынады.»;
      8) 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Сотталған адам жазбаша түрде кешірім жасау туралы өтінішпен Қазақстан Республикасы Президентінің атына жүгінеді.
      17. Өлім жазасына, бас бостандығынан айыруға, қамауға алуға сотталған адамның кешірім жасау туралы өтініші жазаны атқаратын мекеменің әкімшілігі арқылы беріледі.
      Гауптвахтада өтеумен қамауға алуға сотталған адамның (әскери қызметшінің) кешірім жасау туралы өтініші жазасын өтеу орны бойынша әскери полиция органдары арқылы беріледі.
      Жазаның өзге де түрлеріне сотталған, шартты түрде сотталған, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған адамның кешірім жасау туралы өтініші тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы беріледі.
      Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның кешірім жасау туралы өтініші тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары арқылы беріледі.
      Жазаны өтеген не жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президентінің атына өзі жолдайды.»;
      9) 181919-1 және 19-2-тармақтар алып тасталсын;
      10) 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Өлім жазасына сотталған адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген мерзімдерде кешірім жасау туралы өтініш беруге құқылы.»;
      11) 2425 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Мекемелердің, жазаны орындайтын органдардың әкімшілігі немесе ішкі істер органдары кешірім жасау туралы өтінішті тіркегеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны осы Ереженің 25-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдауы тиіс.
      Кешірім жасау туралы өтініштің жолданғаны туралы үш жұмыс күні ішінде өтініш берген адамға хабарланады.
      25. Мекеме әкімшілігі, ішкі істер органдары немесе жазаны орындайтын органдар арқылы берілген, сондай-ақ жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам жолдаған кешірім жасау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың куәландырылған көшірмесі;
      2) сотталған адам оларға сәйкес жазасын өтеп жатқан (өтеген) сот актілерінің куәландырылған көшірмелері;
      3) мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының пікірімен бірге кешірім жасау актісін қолданудың орындылығы туралы ұсынымы;
      4) мінездеме (кешірім жасау туралы өтінішті өзі жолдайтын адам тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының мінездемесін қоса береді);
      5) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      6) талап арыздары және өтелмеген берешегі туралы анықтама;
      7) сотталған адамның, жазасын өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамның қалауы бойынша, сондай-ақ мекеме, жазаны орындайтын органдар әкімшілігінің, ішкі істер органдарының бастамасы бойынша кешірім жасауды қолдану туралы мәселені қарауда маңызы бар басқа да құжаттар.
      26. Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және мекемелер, ішкі істер органдары, жазаны орындайтын органдары арқылы жіберілген материалдарды тиісінше осы мекемелердің әкімшілігі, тиісті органдардың басшылығы куәландырады.
      Кешірім жасау туралы өтінішке қоса берілген және пробациялық бақылау қызметтері арқылы не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адам өзі жолдаған материалдарды нотариат куәландыруға тиіс.»;
      12) 27-тармақ алып тасталсын;
      13) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің қарауы бойынша адамға кешірім жасау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы мекеме, жазаны орындайтын орган әкімшілігінен, ішкі істер органдарынан, не жазаны өтеген немесе жазаны одан әрі өтеуден босатылған адамнан қажетті құжаттарды сұратады.»;
      14) 3031 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Кешірім жасау туралы өтініші бар келіп түскен материалдарды Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Жоғарғы Сотына және Ішкі істер министрлігіне жібереді, олар келіп түскен сәттен бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған сот шешімдерінің мазмұнын, қылмыстың жасалу жағдаяттарын, сотталған адамның жеке басы туралы мәліметтерді және кешірім жасау туралы әрбір өтініштің мән-жайы жөнінде өз пікірлерін көрсете отырып, қорытындыларды ұсынады.
      Соттаудың негізсіздігі немесе заңдылықтың бұзылуы жөнінде тексеруді қажет ететін деректер келтірілген кешірім жасау туралы өтініштерді жұмыс органы не Комиссия тексеру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жібереді.
      Кешірім жасау туралы өтінішпен қоса ұсынылған құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, Комиссияның жұмыс органы оларды пысықтауға қайтарады.
      31. Жұмыс органы кешірім жасау туралы өтініштері бар материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша және тиісті мемлекеттік органдардың қорытындыларын алғаннан кейін Комиссияның қарауына енгізеді.
      Кешірім жасау туралы өтініштерді Комиссияның қарауына енгізуге негіздер болмаған жағдайда, жұмыс органы бұл туралы мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына кешірім жасау туралы өтініш берген адамды не осындай өтінішпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін хабарлайды.
      32. Комиссияның ұсыныстарын қараудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті кешірім жасау туралы жарлықтар шығарады, олар шағымдануға жатпайды.
      Кешірім жасау туралы өтініштерді қабылдамаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы бұл туралы кешірім жасау туралы өтініш берген адамды не осындай өтінішпен өзі жүгінген адамды кейіннен хабардар ету үшін мекемелерге, жазаны орындайтын органдарға, ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.»;
      15) 33-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Кешірім жасау туралы жарлықтар орындалу үшін:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өзге адамдарға қатысты - Ішкі істер министрлігіне немесе жазаны орындайтын органдарға жіберіледі.»;
      16) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасау туралы жарлықтарының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өлім жазасына сотталған адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, ал жазаның өзге түрлеріне сотталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе жазаны орындайтын органдар ұсынады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады