Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында, қатысушы мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына бейілділігін растай отырып, әлемдік қоғамдастықтың балалар өмірі үшін қолайлы және мейірімді ортаны қалыптастырудағы күш-жігерін қолдай отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасында өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын.
2. Уәкілдің негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылда балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру болып табылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев