"Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 313 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 120 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында және республикалық

      баспасөзде жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "10. Қазақ ұлттық хореография академиясы".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады