Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 418 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 418 Жарлығына
ҚОСЫМША

Астана қаласының шегіне қосылатын Ақмола облысы жерлері бөлігінің экспликациясы

      га

Р/с

Ауданның атауы

Барлық
жер

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы алқаптары

басқа жерлер

егістіктер

тыңайған жерлер

шабындықтар

жайылымдар

1.

Целиноград:







1.1

Астана халықаралық әуежайының учаскесіне іргелес, Астана қаласының оңтүстік-шығыс шекарасы: Талапкер және Қабанбай батыр ауылдық округтері жерлерінің бір бөлігі

7 300,0

1 470,9

305,0

4,9

2 512,2

3 007,0

1.2

Астана қаласының шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай 13,2 километр, жолақ учаске арқылы: Қабанбай батыр ауылдық округі жерінің бір бөлігі

959,0

26,5

-

41,0

859,5

32,0

1.3

Астана қаласының солтүстік-батыс шекарасы, жолақ учаске арқылы, Астана-Көкшетау тас жолынан солға қарай 2 километр: Талапкер ауылдық округі жерінің бір бөлігі

460,0

-

403,7

0,4

45,2

10,7


Барлығы:

8 719, 0

1 497,4

708,7

46,3

3 416,9

3 049,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады