"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 602 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
  Президенті мен Үкіметі актілерінің
  жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:

      1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті блоктар бойынша бағалауға уәкілетті органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпаратты;

      2) бағалауға уәкілетті органдардың бағаланушы мемлекеттік органдарға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;

      3) бағалауға уәкілетті органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шағымдану рәсімінен кейінгі тиімділікті бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;

      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органына блоктар бойынша қорытындыларды;

      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органына тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды;

      6) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды.";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тиімділікті бағалау бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің мынадай блоктары бойынша жүзеге асырылады:

      1) мақсаттарға қол жеткізу;

      2) мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы;

      3) мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы.";

      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша әдістемені әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.";

      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тиімділігін бағалау";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Осы блок бойынша бағалау халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау бойынша шаралардың тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік органның ашықтығы деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.";

      30, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын осы блок бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органды осы блок бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағалайды.";

      "32. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету және ашық деректер сапасын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға енгізіледі.

      33. Жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.";

      45, 49, 51, 59, 60, 62 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Бағаланушы мемлекеттік органдар тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар мен Комиссия бұрын берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды тиімділікті бағалаудың әрбір блогы бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде шаралар кешенін іске асыру арқылы орындайды.";

      "49. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган блоктар бойынша қорытындылар мен тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін Комиссияның жұмыс органына енгізеді.";

      "51. Комиссия жыл сайынғы бағалау, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау нәтижелері, сондай-ақ осы Жүйенің 4-тармағында айқындалған дереккөздер негізінде тиімділікті жалпы бағалаудың нәтижелерін Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.";

      "59. Тиімділікті бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қарсылықтарды қарау үшін бағалауға уәкілетті органдарда Комиссияның жұмыс органы өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссиялар құрылады, олардың құрамына мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайды.";

      "60. Бағалауға уәкілетті органдар күнтізбелік он бес күн ішінде Комиссияның жұмыс органы мен бағаланушы мемлекеттік органдарға қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы шағымның нәтижелерін жібереді. Осы Жүйенің 62-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалауға уәкілетті органның қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы шағым нәтижелері қайта қарауға жатпайды.";

      "62. Комиссияның жұмыс органы бағалауға уәкілетті органдардың өкілдерін тарта отырып, тиімділікті бағалаудың жекелеген нәтижелеріне шағымдану рәсімінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілген мемлекеттік органдардың шағымдары бойынша қайта тексеру жүргізуге дербес бастамашылық етуге құқылы.";

      "65. Бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттік орган қызметінің тиімділік көрсеткіштері төмендеген, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталған жағдайда, Комиссия істің жай-күйіне бағалау жүргізілген мемлекеттік органның тиісті мемлекеттік саяси қызметшісінің жауапкершілігі туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Өздерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 602 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Өздерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың
ТІЗБЕСІ

      Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

      "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы" блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады