"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 719 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен

  Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.09.2022 № 1005 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлімде:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға жататын корпоративтік табыс салығы, жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, бонустар, экспортқа салынатын рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, өнімді бөлу бойынша үлес және қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемі;";

      3-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сонымен қатар елдің қаржылық орнықтылығын сақтау мақсатында Үкіметтің сыртқы борышын (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты есепке алғанда) және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышын басқару саясаты Ұлттық қорды пайдалану саясатымен ұштасуы тиіс.

      Осыған байланысты жиынтық борышты басқару үшін Үкіметтің сыртқы борышы (мемлекет кепілдік берген борышты есепке алғанда) мен квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының көлемі бойынша қосымша шектеу енгізіледі, ол Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемінен аспауы қажет.";

      "5.4. Борышты тұрақтандыру үшін Ұлттық қордың, үкіметтік қарыз алу мен квазимемлекеттік сектордың өзара қарым-қатынасы" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қор активтерін үкіметтік борышпен алмастыруды болдырмау мақсатында мынадай шектеулер енгізілетін болады:

      Ұлттық қордан берілетін трансферттерді қоса алғанда, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығыстар республикалық бюджет кірістерінің 15 %-нан аспауға тиіс;

      Үкіметтің сыртқы борышы (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты есепке алғанда) мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының көлемі Ұлттық қордың валюталық активтерінің жалпы мөлшерінен аспауға тиіс.";

      "7. Тұжырымдаманы іске асыруға негіз болатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі" деген бөлімде:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі);".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады