Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру, сондай-ақ елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар өз қызметінде осы Жарлықты басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 9 қазандағы
№ 185 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі

БОЛЖАМДЫ СХЕМАСЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан", "Нұр-Сұлтанға" деген сөздер тиісінше "Астана", "Астанаға" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Астана қаласы, 2019 жыл

МАЗМҰНЫ

      Кіріспе

      1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау

      2-бөлім. Аумақтық-кеңістікте дамытудың бағыттары

      3-бөлім. Елді дамытудың болжамды параметрлері

      4-бөлім. Өңірлерді перспективалық дамыту схемалары

      Кіріспе

      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) елді дамытудың ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі стратегиялық құжаты болып табылады.

      Болжамды схеманы әзірлеу үшін Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама негіздер болып табылады.

      Болжамды схема Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар-2025) іске асыру мақсатында әзірленеді.

      Болжамды схема Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әзірленген.

      Аумақтық-кеңістікте жоспарлау перспективада экономикалық қызметті бөлуді және ел бойынша халықты таратып орналастыруды айқындайтын барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару функциясы болып табылады және жер ресурстарын ұтымды пайдалануды, экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімділігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге арналған.

      Аумақтық-кеңістікте жоспарлау көлік, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта сияқты салалардағы саясатты үйлестіруге мүмкіндік береді.

      Тиімді аумақтық-кеңістікте жоспарлау күш-жігер мен іс-шаралардың, оның ішінде салааралық сипаттағы іс-шаралардың қайталануына жол бермеуге бағытталған.

      1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау

      1.1. Ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін талдау және бағалау

      Жер, орман, су ресурстары

      Аумақтық-кеңістікте жоспарлау жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, жер пайдалану түрлері арасындағы байланысты күшейтуге, экономика қажеттіліктерінің теңгерімділігіне және қоршаған ортаны қорғау қажеттігіне бағытталған.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша негізгі проблемалар жыртылған жерлердің тозуы, суармалы жерлердің айтарлықтай тиімді пайдаланылмауы, жерлердің мелиоративтік жай-күйінің нашарлауына алып келетін суару және дренаж жүйелерінің едәуір тозуы болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы 2010 жылғы 93,3 млн га 2017 жылы 104,1 млн га дейін 11,4%-ке артты.

      Ел аумағының жалпы ауданынан егістіктің үлесі 9,3%-ті құрайды.

      2017 жылы егістік ауданы 25,2 млн га құрап, 2010 жылмен салыстырғанда (24,2 млн га) 4,4%-ке ұлғайды.

      Су эрозиясына ұшыраған жерлердің ауданы 2015 жылы 4,9 млн га құрады және 2010 жылмен салыстырғанда (1,0 млн га) 4,8 есеге ұлғайды. 2015 жылы жел эрозиясына ұшыраған жерлердің ауданы 24,2 млн га құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 41 есеге ұлғайды (0,6 млн га).1

      2010 - 2017 жылдар аралығындағы кезеңде суармалы жерлердің ауданы 2,1-ден 2,2 млн га-ға дейін немесе 4,6%-ке ұлғайды. Суармалы жерлермен ең аз қамтамасыз етілген өңірлерге Ақмола (31 мың га), Ақтөбе (28,1), Атырау (21,8), Солтүстік Қазақстан (17) және Маңғыстау (2,3) облыстары жатады.

      Республика аумағының жалпы ауданынан жайылым үлесі 68,4%-і құрайды. Жайылымдар ауданы 2017 жылы 186,4 млн га құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1,02%-ке аз (188,3 млн га).

      2018 жылы босалқы жер ауданы 96,7 млн га құрап, 2010 жылмен салыстырғанда (111,8 млн га) 13,5%-ке азайды.

      Эрозияға ұшыраған ауыл шаруашылығы алқаптарының жоғары үлесі (жалпы ауданының 30%-тен астамы) Алматы, Атырау және Түркістан облыстарында орналасқан.

      2016 жылдың соңында республикада өнеркәсіптік объектілерді, желілік құрылыстарды және басқа да кәсіпорындарды салу, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, оларды қайта өңдеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде бүлінген 248,3 мың га жер анықталды, оның ішінде, 51 мың га пайдаланылып болған және құнарлылығын қалпына келтіруге жатады. Бүлінген жерлердің көбі үш облыста орналасқан: Маңғыстау облысында - 78,6 мың га, Қарағанды облысында - 45,3 мың га және Қостанай облысында - 37,8 мың га. Барлығы республика аумағында бүлінген жерлері бар 3 346 кәсіпорын мен ұйым бар.

      Орташа жылдық температура одан әрі жоғарылаған кезде жерлердің шөлейттену мәселесі де күшейеді деп күтілуде. Қазақстанның ауыл шаруашылық аймақтары солтүстікке ығысады, бұл ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлеміне келеңсіз ықпал етеді.

      Жердің сапасын сақтау және жақсарту жөніндегі шаралардың жеткіліксіздігі экономикалық өсу драйвері ретінде агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту үшін шектеу болуы мүмкін.

      Халық тұрмысының жоғары сапасын қамтамасыз ету элементтері ретінде экожүйенің, "жасыл" инфрақұрылымның,2 орман қоры жерлерінің тұтастығын бағалау мен сақтауға да баса назар аудару қажет. 2018 жылдың қорытындысы бойынша орман қорының ауданы 29,8 млн ға құрап (ел аумағының 4,7%-і), 2010 жылмен салыстырғанда 1,1 млн га ұлғайды. Орман жерлерінің ең үлкен ауданы Қызылорда (6,7 млн га), Алматы (5,3 млн га), Жамбыл (4,4 млн га), Шығыс Қазақстан (3,7 млн га) және Түркістан (3,4 млн га) облыстарында шоғырланған. Бұл ретте аумақтың ормандылық көрсеткішінің позициясы біршама ығыстырылған. Атап айтқанда, аумақтың ең жоғары ормандылығы Жамбыл облысында байқалады - 15,5%, одан әрі Түркістан - 13,9%, Қызылорда - 13,6%, Алматы - 8,4%.

      __________________________

      1 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша зерттеу 5 жылда 1 рет жүргізіледі

      2 Экожүйе ретінде "Жасыл" инфрақұрылым орманды және табиғи аймақтарды, саябақтарды, ландшафт элементтерін қоса алғанда, адамның тіршілік әрекеті үшін стратегиялық маңызға ие

      "Ертіс орманы" және "Семей орманы" (Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары) табиғи резерваттары базасында Ертіс өңірінің қарағайлы жалды ормандарын қалпына келтіру, Арал теңізінің құрғаған түбінде ағаш өсіру және Қызылорда облысындағы фитоорман мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

      Сонымен қатар, 2030 жылға дейін ормандарды молықтыруды және орман өсіруді көбейту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

      Аумақтық-кеңістікте дамуға су ресурстарының үдемелі тапшылығы мен ұтымсыз пайдаланылуы, жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық өзендердің суларын мемлекетаралық бөлу проблемалары елеулі ә ін тигізеді. Жерасты сулары бойынша ең тапшылары Нұра-Сарысу, Есіл, Тобыл-Торғай бассейндері болып табылады. Есіл, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Тобыл-Торғай және Нұра-Сарысу бассейндерінің едәуір аумақтары жерүсті және жерасты суларынан тапшылық көріп отыр.

      Су ресурстарының әлеуетті тапшылығының қаупін төмендету үшін ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық секторда суды үнемдеу жөніндегі шараларды іске асыруды (қабылдауды) жалғастыру қажет.

      Елде жерүсті суларының 8 бассейні бар, бұл ретте Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында су тапшылығы барынша көп байқалып отыр. Осыған байланысты су ресурстарын су тапшылығы бар бассейндерге бұру және жаңартылатын жерасты көздерін пайдалану жөніндегі үнемді техникалық шешімдер әзірлеу мәселесін қарау қажет.

      Қолжетімді су ресурстарының азаюын болдырмау үшін трансшекаралық өзендер бойынша келісімдер шеңберінде барлық шекара маңындағы мемлекеттермен тұрақты негізде байланыс орнату қажет. Сондай-ақ қажеттілігіне қарай көпжылдық қолжетімді су қорын ұлғайту үшін инфрақұрылымның жаңа объектілерін салу жөніндегі іс-шараларды іске асыру қажет.

      Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі

      2010 - 2017 жылдары шикі мұнай өндіру көлемі азайды, оның ішінде Ақтөбе облысында 28,8%-ке, Батыс Қазақстан облысында 31,7%-ке, Қызылорда облысында 38,9%-ке және Маңғыстау облысында 2,9%-ке төмендеді.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2030 жылға дейінгі мұнай өндіру болжамына сәйкес перспективада 2018 жылға қарағанда мұнай өндіру Қызылорда облысында 63%-ке, Атырау облысында 33%-ке, Маңғыстау облысында 23%-ке, Батыс Қазақстан облысында 10%-ке, Ақтөбе облысында 4,3%-ке төмендейді деп күтілуде. Табиғи ресурстардың сарқылу үрдісінің сақталуына байланысты осы өңірлерде еңбек ресурстарының ықтимал босатылуы және бюджетке түсетін түсімдердің қысқаруына жауап ретінде экономикасын одан әрі әртараптандыру, басқа салаларда жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бұдан басқа ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін қарастыру қажет.

      Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2030 жылға қарай мұнай өндіру болжамы теңізде өндіруді ескере отырып (39,8 млн тонна), 105 млн тоннаны құрайды (2018 жылы - 90,4 млн тонна).

      2018 жылы елімізде табиғи газ өндіру 55,5 млрд текше м жетті, бұл 2010 жылмен (37,4 млрд текше м) салыстырғанда 48,4%-ке артық.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша 2030 жылға қарай газ өндіру болжамы 80,6 млрд текше м құрайды.

      Газ өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін бірінші кезекте газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту қажет.

      Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары көмір өндіретін өңірлер болып табылады.

      Соңғы жылдары көмір экспортының 25,7%-ке қысқарғаны байқалады (2018 жылы - 24,2 млн тонна, 2010 жылы - 32,6 млн тонна)3.

      Көмір өнеркәсібі өндірісі көлемінің одан әрі төмендеуінің негізгі себептері экспорттың қысқаруы, елді одан әрі газдандыру, жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) дамыту, экологиялық талаптарды арттыру болып табылады.

      Автомобиль жолдары, теміржол, әуе және су көлігі

      2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 83%- тен 87%-ке дейін өсті.

      Қанағаттанғысыз жағдайдағы жергілікті жолдардың жоғары үлесі Батыс Қазақстан (71,3%), Ақтөбе (47%), Атырау (46%), Солтүстік Қазақстан (39%) облыстарында сақталуда. Жергілікті жолдар желісін одан әрі дамыту аудан орталықтарының облыстардың тірек ауылдық елді мекендерімен (бұдан әрі - АЕМ) және қалаларымен байланысын жақсартуға бағытталуы тиіс.

      2010 жылдан бастап теміржол құрылысы бойынша ірі жобалар іске асырылды: "Өзен - Түрікменстан мемлекеттік шекарасы" - 146 км, "Жетіген - Қорғас" - 293 км, "Жезқазған - Бейнеу" - 1 036 км, "Боржақты - Ерсай" - 14 км, "Арқалық-Шұбаркөл" - 214 км, сондай-ақ "Алматы - Шу" екінші желісі -112 км.

      Теміржол тасымалдарының өсуі және қажеттілігі байқалады. 2018 жылы

      397,9 млн тоннаға жүк-багаж тасымалданды, бұл 2010 жылға қарағанда (267,9 млн тонна) 48%-ке артық. 2018 жылы 23,1 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда (19,6 млн адам) 17,9%-ке артық.

      Теміржол көлігін одан әрі дамытудың негізгі шектеулері негізгі қорлардың жоғары деңгейдегі тозуы, соның ішінде магистралдық теміржол желісінің - 58% (2018 жыл) және жолаушылар вагондары паркінің тозуы - 46% (2018 жыл).

      Теміржол саласындағы проблемалар перспективада көлік инфрақұрылымының жұмыс істеу тиімділігін төмендетуге, транзиттік әлеуетті дамытуға теріс әсер етуі мүмкін.

      3 ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша

      2010 жылдан 2018 жылдар аралығындағы кезеңде әуе көлігінің көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Осылайша тасымалданған жолаушылар саны 2018 жылы 7,9 млн адамға дейін 2,3 есеге (2010 жылы - 3,4 млн адам) артты.

      Тұтастай алғанда елдің барлық өңірлері ірі өңірлік орталықтар - Астана және Алматы қалаларымен әуе қатынасымен қамтылған. Алайда өңірлердің өз арасында әуе қатынасымен қамту төмен болып тұр.

      Ел бойынша барлығы республикалық және облыстық маңызы бар 18 әуежай жұмыс істейді. 17 әуежайға халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген, 16 - ИКАО4 стандарттарына сәйкес келеді. Қазақстанның халықаралық байланыстарын кеңейту мақсатында Франкфурт, Лондон, Париж, Амстердам, Ыстамбұл, Дубай, Әбу-Даби, Мәскеу, Бейжің, Сеул, Дели, Куала-Лумпур, Бангкок сияқты және тағы басқа әлемдік экономикалық орталықтармен авиақатынастарын дамытуға басымдық беріледі. Перспективада Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) және Жапония қалаларымен де тікелей авиақатынас жүзеге асырылады.

      Әуе көлігінің инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында халықаралық әуе желілерінде жолаушыларға жайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар трансферттік және транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетудің кең мүмкіндігі бар Астана әуежайының жаңа терминалы салынды. 2018 жылы Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын және аэровокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Қостанай және Өскемен қалаларындағы әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жалғастырылады.

      Атырау, Шымкент, Қызылорда, Орал, Өскемен, Қостанай қалалары әуежайларының терминалдарын реконструкциялау жоспарлануда.

      Әуе көлігінің негізгі проблемалары әуе кемелерінің ескірген паркі, әуежайлар инфрақұрылымының дамымағандығы және жолаушылар сұранысының жеткіліксіздігі болып қала береді.

      2018 жылдың қорытындылары бойынша теңіз көлігімен 1,8 млн тонна жүк, өзен көлігімен 1,18 млн тонна жүк тасымалданды.

      Ішкі су жолдарының ұзындығы 4 081 км құрайды.

      Ақтау, Баутино және Құрық теңіз порттары жұмыс істейді.

      Каспий теңізіне шығу жолы бар Атырау сағалық порты, Павлодар өзен порты (Ертіс бассейні) жұмыс істейді.

      Кемелерді жаңартуды және жөндеуді Орал, Семей, Павлодар, Өскемен қалаларындағы кеме жасау және кеме жөндеу зауыттары қамтамасыз етеді. Саланың негізгі проблемалары су көлігінің тозуы, білікті кадрлардың жетіспеуі, көлік-логистикалық орталықтармен өзара іс-қимылдың болмауы және басқалар болып табылады.

      Перспективада су көлігін дамыту шаралары теңіз порттарының инфрақұрылымын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға, жаға инфрақұрылымын қалпына келтіруге, су көліктерін жаңартуға және басқаларға бағытталады.

      _____________________

      4 ІСАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО ағыл. ІСАО - International Civil Aviation Organization)

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым

      Кеңжолақты қолжетімділік (бұдан әрі - КЖҚ) тіркелген Интернет абоненттерінің тығыздығы 2018 жылы 100 адамға 14 бірлікті құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты.

      Автомобиль және теміржолдардың, АЕМ-нің ұялы байланыспен және Интернетпен (40) толық қамтылмауы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның проблемасы болып табылады, цифрлық теңсіздік сақталып отыр. Қазіргі уақытта АЕМ-ді талшықты-оптикалық байланыс желілерін және ЬТЕ (40) сымсыз радиоқолжетімділіктің желілерін, сондай-ақ 50 жаңа буынды байланыс желілерін пайдалана отырып, Интернет желісіне КЖҚ қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

      Павлодар және Алматы қалаларында деректер орталықтары жұмыс істейді. Деректер орталықтарын орналастырудың перспективалы жерлері электр энергиясының артықшылығы байқалатын және қажетті инфрақұрылымы бар өңірлер болып табылады.

      Энергиямен қамтамасыз етілу

      Энергетика елді аумақтық-кеңістікте дамытудағы, үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етудегі маңызды сектор, экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің алғышарты болып табылады.

      Халықтың өмір сүру сапасы тұрғысынан энергетикалық инфрақұрылымның адамдар мен өндіріс үшін қолжетімді және тұрақты болуы маңызды.

      Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - БЭЖ) Ресей Федерациясының (бұдан әрі - РФ) және Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қатар тұрақты жұмыс жасайды. Жүйелік сенімділік, экономика мен халықтың электр энергиясында қажеттілігі қанағаттандырылған.

      БЭЖ шартты түрде Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарға бөлінген. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Солтүстік аймақтың энергиясы артық болады. Оның электр қуаты Солтүстік-Оңтүстік транзиті арқылы Оңтүстік аймақ қуаттарының тапшылығын өтеу үшін жеткілікті болады. Батыс аймақ өз-өзін теңгерімдейтін болуын жалғастырады.

      Сонымен бірге маневрлік қуаттарға қажеттілік маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Аталған мәселенің өзектілігі ЖЭК пайдаланатын энергия қондырғылары үлесінің жыл сайын артуымен байланысты күшейеді.

      Республикада ЖЭК-ті, оның ішінде жел, су, күн және геотермалды энергияны дамыту бойынша елеулі әлеует бар.

      2018 жылы ЖЭК объектілері 1 352 млн кВт/сағ электр энергиясын өндірді, бұл электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде 1,27%-ті құрайды. Негізгі гидроэнергетикалық қуаттар Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында орналасқан.

      Жел электр энергиясын өндіру бойынша генерациялайтын қуаттар Ақмола, Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істейді.

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарында жел энергетикасын дамыту үшін жоғары әлеует бар. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында су электр станцияларын салу үшін ресурстар бар.

      Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында күн энергетикасын дамыту үшін жағдайлар бар.

      Елді мекендерді газбен жабдықтау халықтың жайлылығы мен өмір сүру сапасына әсер етеді, ластаушы заттардың шығарылуын қысқартады. Қазіргі уақытта елдің 12 өңірінде - Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында орталықтандырылған газбен жабдықтаумен 9 млн адам қамтылған.

      2030 жылға қарай "Сарыарқа" магистралдық газ құбырын іске қосу есебінен газдандырумен қамтуды 13,55 млн адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

      Сумен жабдықтау және су бұру

      2018 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда халықтың орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 94,5%-і, ауылдарда 59,9%-і құрады. 2,6 мың ауылдық елді мекенде (бұдан әрі - АЕМ) орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ, бұл АЕМ-нің 70%-і Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарына тиесілі.

      Су бұрумен жеткіліксіз қамту қалалардағы негізгі проблемалардың бірі, 2018 жылы ол 68,7%-ті құрады.

      87 қаланың 28-інде кәріздік-тазарту құрылыстары жоқ. Қалалардағы 58 кәріздік-тазарту құрылысының 26-сы жаңғыртуды және реконструкциялауды талап етеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда ағынды суларды тазартумен қамтуды 100%-ке жеткізу жоспарланып отыр.

      Биогаз, электр және тыңайтқыш өндіру мүмкіндігімен лайды қайта өңдеуге негізделген "жасыл" технологияларды қолдану кәріздік-тазарту құрылыстарын жаңғырту жөніндегі шығындарды едәуір азайтуға және инвесторлар үшін осындай жобалардың инвестициялық тартымдылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Бүгінгі таңда халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңілдікті қарыздар беру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетігі бойынша инвестициялауға дайын ірі құрылыс компанияларынан ұсыныстар бар.

      Әлеуметтік инфрақұрылым

      Тұрғын үй саясаты

      Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу 2010 - 2017 жылдары 18,4 шаршы м-ден 21,6 шарша м-ге дейін өсті. Астана (бір тұрғынға 29,8 шаршы м), Алматы (27,1), Шымкент қалаларында (24,2), Маңғыстау (23,3) және Қарағанды (23,0) облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі ең жоғары. Жамбыл (16,6) және Түркістан (17,9) облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі ең төмен.

      Ел бойынша қазіргі уақытта 1 297 авариялық тұрғын үй бар (2015 жыл - 4 582 бірлік, 2017 жыл - 3 293 бірлік). Авариялық және ескі үйлер саны 3 есеге артқан Атырау облысын қоспағанда, жалпы оң үрдіс байқалады.

      Білім беру

      Балаларға мектепке дейінгі білім беру

      2010 - 2017 жылдар аралығында балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етілуі 100 орынға шаққанда 104,9-дан 96,1 балаға дейін жақсарды. Жекелеген өңірлерде балабақшаларда орын жетіспеушілігі байқалады - Маңғыстау облысы (100 орынға 115,6 бала), Астана қаласы (110,9), Павлодар облысы (109,1) және тағы басқа. Жекелеген өңірлердегі орын тапшылығы, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, әсіресе, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстарында бейімделген ғимараттарда орналасу үлесінің көптігі, білікті педагогтар персоналының тапшылығы балаларға мектепке дейінгі білім берудің негізгі проблемалары болып қалып отыр.

      Жалпы орта білім беру

      Қазіргі уақытта 7 393 мектеп бар, оның ішінде қалалық жерлерде - 2 055, ауылдық жерлерде - 5 285. Соңғы жылдары қала мектептерінің саны артып, ауылдық мектептердің саны қысқаруда. Мәселен, 2010 - 2018 жылдар аралығында ауыл мектептерінің саны 5 996-тен 5 285 бірлікке дейін қысқарды.

      Жалпы орта білім берудің негізгі проблемасы білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Сондай-ақ материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі, педагог персоналдың жетіспеушілігі сияқты проблемалар бар. Бұдан бөлек авариялық және үш ауысымды мектептердің жұмыс істеу проблемасы орын алып отыр, сондай-ақ ыстық тамақпен қамту жеткіліксіз, бұл оқытудың сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етеді.

      2018 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 31 авариялық мектеп есепке алынды. Қазіргі уақытта Түркістан (ел бойынша барлық авариялық мектептердің 22,6%-і), Атырау (16,1%), Шығыс Қазақстан (16,1%) және Жамбыл (12,9%) облыстарында апатты мектептер проблемасы өте өзекті болып тұр.

      128 үш ауысымды мектеп бар5, оның ішінде Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында. Үш жылда Интернетке қол жеткізген мектептердің үлесі 75,9%-тен 98,7%-ке артты, оның ішінде 2018 жылы мектептер 93%-і жылдамдығы 4 Мбит/с және одан жоғары Интернет желісіне қол жеткізді.

      2018 жылдың басында орталық жылу беретін мектептердің үлесі 21,4%-і (1507 бірлік) кұрады. Мектептердің едәуір бөлігі (45,5%) қатты отынды пайдалану арқылы автономды түрде жылытылады. Газ отынымен жылыту мектептердің 17%-інде ғана пайдаланылады.

      5"Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің статистикасы". Ұлттық жинақ, 2018 жыл

      Техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі - ТжКБ).

      ТжКБ саласында 2018 жылы 821 ұйым жұмыс істеді, олардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 73 бірлікке немесе 7%-ке азайды. Өңірлер бөлінісінде ТжКБ ұйымдарының ең көбі Алматы қаласында (93 бірлік), Түркістан (66 бірлік), Шығыс Қазақстан (87 бірлік), Алматы (74 бірлік) және Қарағанды (70 бірлік) облыстарында.

      2018 жылы колледждерде 488,7 мың оқушы білім алды, бүл 2010 жылмен салыстырғанда 120,3 мың оқушыға аз. 2018 жылғы жағдай бойынша ауылдық жерлерде 40,9 мың оқушыдан тұратын 174 колледж жұмыс істеді.

      ТжКБ саласын дамытудағы негізгі проблемалар түлектер құзыреттерінің еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуі, білікті педагог персоналдың жеткіліксіздігі, жас білікті мамандар үшін ТжКБ саласының тартымсыздығы болып отыр.

      Жоғары білім

      2018 жылы жоғары оқу орындарының саны 124 бірлікді құрады және 2010 жылдан 25 бірлікке қысқарды. Оқушылар контингенті 542,4 мың адамды құрады. Жоо негізгі бөлігі Алматы (41 бірлік), Астана (14 бірлік) және Шымкент (10 бірлік) қалаларында орналасқан.

      Саланың негізгі проблемалары білім беру бағдарламаларының нарықтың талаптарына сәйкес келуі, ғылым мен білім арасындағы айырмашылықтың сақталуы, білім алуда ерекше мұқтаждықтары бар адамдар үшін жоғары білімге қолжетімділіктің әлсіздігі, елдің жоғары білімінің шетел азаматтары үшін тартымсыздығы болып табылады.

      Шетелде жоғары білім алатын қазақстандықтар санының артуы салдарынан отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігінің (сапасының) әрі қарай төмендеуі қаупі туындайды (шетелде жоғары білім алатын қазақстандықтар саны - 2011 ж. - 43,3 мың адам, 2018 ж. - 89,6 мың адам). 2017-2018 жылдары шетелдік жоо-ға мектеп түлектерінің 11 010 (4%) түсті, олардың жоғары үлесі Алматы қ., Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

      Шекаралас өңірлер РФ ірі қалаларының "гравитациялық" ықпалының сын-тегеурінін сезінуде, ол еңбек қорларының, атап айтқанда жастардың кетуінен көрінуде.

      Осылайша 2017-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында мектеп түлектерінің жалпы санындағы шетелдік жоо-ға түскен түлектердің саны 2 есе өскен.

      Денсаулық сақтау

      Сапалы денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. 2010 жылдан бастап ауруханалық ұйымдар желісі 14,5%-і оңтайландырылды, жеке меншік ауруханалар санының 33,3%-ке өскені байқалады. Бұл ретте 2010 -2017 жылдар аралығындағы кезеңде фельдшерлік амбулаториялық мен медициналық пункттердің 9,6%-ке немесе 419 бірлікке қысқарғаны байқалады.

      Халықтың ауруханалық орынмен қамтамасыз етілуі жалпы республика бойынша 2010 жылғы 72,4 орыннан 2018 жылы 45 орынға дейін (10 мың адамға шаққанда) 37,8%-ке төмендеді. Орын қорының қысқаруы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесіндегі тәсілдердің өзгеруіне, сондай-ақ стационарды алмастырушы технологиялардың енгізілуіне байланысты.

      Кадрлық резерв 72,8 мың дәрігер мен 175,7 мың орта медицина қызметкерін, оның ішінде ауылдық жерлерде 2,4 мың дәрігер мен 45,6 мың орта медицина қызметкерін қамтиды.

      Қалалар мен ауылдық жерлерде дәрігерлермен қамтамасыз етілуде едәуір сәйкессіздік сақталуда. Мәселен, 2018 жылы халықтың 10 мың адамына қалаларда 58 дәрігерлік бірлік, ауылдық жерлерде 16 дәрігерлік бірлік келді. Алматы, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстары ең аз қамтамасыз етілген болып табылады.

      Қалалық және ауылдық жерлер арасындағы дәрігерлермен қамтамасыз етілудегі алшақтықтар сақталған жағдайда ауылдық жерлерде медициналық қызметтерге қолжетімділік және ауру-сырқау көрсеткіштері нашарлауы мүмкін.

      Жалпы алғанда денсаулық сақтау саласының жүйелі проблемалары медицина жұмыскерлеріне төмен еңбекақы, ұйымдардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, кадрлардың жеткіліксіз кәсіби даярлық деңгейі және басқалары болып табылады.

      Өңірлер арасындағы алшақтықтар

      Әлеуметтік игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі және қамтамасыз етілуі көрсеткіштері бойынша өңірлер арасындағы алшақтықты есептеу үшін көрсеткіштері ең жоғары сегіз өңір бойынша орташа мәннің көрсеткіштері ең төмен сегіз өңір бойынша (Шымкент қаласымен тоғыз) орташа мәнге арақатынасы алынды. Талдау негізінен "Талдау" ақпараттық-талдамалық жүйесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - ҚР ҰЭМ СК), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ "Ақпараттық-талдамалық орталық" Акционерлік қоғамның деректері негізінде жүргізілді.

      Барлық талданған көрсеткіштер бойынша өңірлер топтары арасындағы алшақтықтың қысқару үрдісі байқалады, балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда орынмен қамтамасыз етілуі ғана бүл қатарға жатпайды (1-кесте). Бүл ретте бірқатар өңірлерде жекелеген игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету проблемалары әлі де маңызды болып қала береді.

      1-кесте - Өңірлер арасындағы әлеуметтік игіліктердің және қажетті инфрақұрылымның қолжетімділігі мен қамтамасыз етілуіндегі алшақтық серпіні

Көрсеткіш

2010 жылы өңірлер арасындағы алшақтық, есе

2017 жылы өңірлер арасындағы алшақтық, есе

Абсолюттік ауытқу

10 000 адамға шаққандағы дәрігермен қамтамасыз етілу

1,77

▼ 1,62

-0,15

10 000 адамға шаққандағы орта медицина персоналымен қамтамасыз етілу

1,26

▼ 1,22

-0,04

Балалардың мектепке дейінгі ұйымдардагы орындармен қамтамасыз етілуі, 100 орынға балалар

1Д4

▼ 1,23

0,09

Жалпы білім беретін мектептердегі ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың үлесі, жалпы оқушылар санындағы

1,27

▼ 1,18

-0,09

Мемлекетгік жалпы білім беретін мектептердің жылдамдығы 4 Мбит/с жоғары Интернет желісімен қамтамасыз етілуі

2,06

▼ 1,79

-0,27

Мемлекетгік жалпы білім беретін мектептердің орталық жылытумен қамтамасыз етілуі

3,26*

▼ 2,69

-0,56

Халыктың орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен ауыз сумен қамтамасыз етілуі

1,14

▼ 1,12

-0,02

Жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі

2,54**

▼ 1,81

-0,73

Түрғын үймен қамтамасыз етілу, бір адамға м2

1,23

▼ 1,21

-0,02

Интернет желісіне кіру мүмкіндігі бар үй шаруашылыктарының үлесі

1Д4***

▼ 1,16

-0,08

      * "Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы" ұлттық жинағының деректері бойынша, 2014 жыл, http://edu.gov.kz

      ** көрсеткіш бойынша 2015 жылғы қолда бар деректер пайдаланылды, http://roads.miid.gov.kz

      *** көрсеткіш бойынша 2013 жылғы қолда бар деректер пайдаланылды, www.stat.gov

      Өңірлердегі әлеуметтік игіліктермен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілудегі алшақтықты талдау жүйелі проблемалардың бар екендігін корсетті. Мысалы, батыс өңірлерде, оның ішінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында қанағаттанғысыз жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі жоғары (46-71%). Жамбыл, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қанағаттанғысыз жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 19-22% шамасында.

      Дәрігерлермен қамтамасыз етілуде үлкен өңірлік айырмашылықтар бар. Мысалы, Алматы облысында 10 мың тұрғынға барлығы 23,3 дәрігер, ал Шығыс Қазақстан облысында 42,5 дәрігер келеді.

      Тұрғын үй құрылысының даму деңгейі бойынша өңірлік айырмашылықтар бар. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен қалган өңірлер арасында едәуір алшақтық байқалады.

      Мектептерді ақпараттандыру бойынша да сәйкессіздік байқалады. Мысалы, Ақмола облысында мектептердің 95%-і жылдамдығы 4 Мбит/с жоғары Интернет желісіне КЖҚ-мен қамтамасыз етілген, ал Ақтөбе облысында - олар небәрі 30%.

      Елдің аумақтық дамуының ерекшеліктері. Орналастыру жүйесі және нарықтық байланыстар сипаты

      Агломерациялық дамудың проблемаларын, үрдістерін талдау.

      Бүгінде төрт агломерацияда ел халқының 36%-і тұрады. Соңғы жылдары белсенді көші-қон ағындары агломерация орталықтарының жедел осуіне алып келді. Мәселен, 2010 - 2017 жылдары агломерациялар орталықтары бойынша көші-қонның оң сальдосы 480 мың адамды құрады.

      Агломерациялар орталықтарында елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) шамамен 1/3-і өндіріледі. Агломерациялар үлесіне елге тартылатын шетелдік инвестициялардың 60%-тен астамы тиесілі. Астана мен Алматы қалалары экономикалық қызметті, адамдар мен ресурстарды өзіне шоғырландыра отырып, қазірдің өзінде елдің экономикалық өсімінің драйверіне айналуда.

      Сонымен қатар елдегі қалалық агломерацияларды талдау олардың дамуын тежейтін бірқатар проблемалардың бар екенін көрсетеді.

      Агломерация орталығы мен айналасындағы елді мекендерді инфрақұрылымдық дамытудың және бюджеттік жоспарлаудың жеткіліксіз үйлестірілуі орталық және қала маңы аймақтарының әркелкі дамуына алып келеді. Орталық ресурстарды өзіне тартады, сол арқылы адамдар мен инвестициялар үшін шеткі аймақтардың тартымдылығын төмендетеді.

      Желілердің жоғары тозуына, әлсіз көлік жүйесіне байланысты проблемалар өзекті болып қалып отыр. Агломерациялар орталықтарында шеткі аймақтардың бейберекет көбеюі проблемасы сақталуда. Бұл табиғи ландшафттардың ығысуына және экологиялық жүйеге антропогендік әсердің күшеюіне әкеледі. Агломерация орталықтарына атмосфералық ауаның жоғары ластануы тән. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі (атмосфера ластануының индексі 5 - 7-13) тіркелді, ал Шымкент қаласында ластанудың жоғары деңгейі (атмосфера ластануының индексі 5 - 5-6) тіркелді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі - ТҚҚ) өңдеумен байланысты проблемалар бар.

      Күн сайынғы маятниктік көші-қон нәтижесінде агломерация орталықтарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға елеулі жүктеме, тұрғын үйдің жетіспеушілігі және тағы басқалар орын алып отыр.

      Агломерациялардың қазіргі шекараларын қайта қарау қажет. Мысалы, Астаналық (21,7 мың шаршы км) және Алматы (9,4) агломерацияларының аумақтары Токио (8,5), Чикаго (6,8), Шанхай (3,5), Сан-Паулу (3,2) сияқты әлемдегі ірі агломерациялардың аумақтарынан едәуір асып түседі.

      Астаналық агломерация. Соңғы 10 жылда қаланың жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі - ЖӨӨ) 4,2 есе өсті, ал қаланың елдің ЖІӨ-дегі үлесі 2018 жылы (алдын ала деректер бойынша) 9,8%-ке дейін өсті, бүл ретте ЖӨӨ-нің 80%-ке жуығын көрсетілетін қызметтер саласы қалыптастырады.

      Орталық халқының саны соңғы 10 жылда 70%-ке өсіп, 1078,3 мың адамды құрады.

      Халық санының қарқынды өсуі бірқатар проблемаларды туындатады, олардың негізгілері дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы, инженерлік инфрақұрылым объектілерінің жетіспеушілігі (Жеңіл рельсті көлік (бұдан әрі - ЖРК), нөсер кәрізі, паркингтер) болып табылады.

      Инфрақұрылымдық сипаттағы басқа да күрделі проблемалар сақталуда: авариялық тұрғын үй, сумен жабдықтау желілерінің тозуы (40-42%), жол кептелістері, қала шеттерінің инфрақұрылыммен жабдықталмауы.

      Агломерацияның еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі орын алуда.

      ЖЭО-1 және ЖЭО-2, автокөлік, сондай-ақ жеке үйлердің шығарындыларымен атмосфераның ластануы өзекті проблема болып отыр.

      Тазартылмаған өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық ағындарды шығару, сондай-ақ нөсер жүйесінің жетілмегендігі Есіл өзенінің ластануына әкеліп соғады.

      Алматы агломерациясы. Агломерация ядросы дамыған сервистік экономикаға ие, ЖӨӨ-дегі көрсетілетін қызметтер үлесі 87%-ті құрайды. Шикізат базасы жоқ қала адами капитал мен кәсіпкерлікке арқа сүйейді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында 174 мың шағын және орта бизнес субъектісі (бұдан әрі - ШОБ) жұмыс істейді. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 39,5%-ті құрайды.

      Агломерация орталығы халқының саны соңғы 10 жылда 32,3%-ке көбейіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,8 млн адамды құрады.

      Агломерация орталығының негізгі проблемаларының бірі көшіп-қонудың жоғары деңгейінің салдарын еңсеру және қала шеттерінің ұлғаюы болып табылады.

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі - ТКШ) жүйесіндегі проблемаларды шешуді қажет етеді: электрмен және жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жоғары тозу деңгейі (60%-тен жоғары) және соның салдарынан желілердегі шығындар.

      Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі көз автокөлік болып табылады. Стационарлық көздерден жалпы шығарындылар (ЖЭО-2 есебімен) 39 мың тоннаны (шамамен 32%), жеке тұрғын үй секторынан 3,9 мың тоннаны (3%), жылжымалы көздерден 80 мың тоннаны (65%-тен астам) құрайды.

      Алматының географиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты ол сейсмикалық және сел қаупі ең жоғары өңірлердің бірі болып табылады.

      Шымкент агломерациясы. Соңғы 10 жылда Шымкент қаласы халқының саны 69%-ке көбейіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1 009 мың адамды құрады. ЖӨӨ құрылымында 26,6%-ті өнеркәсіп, 15,4%-ті көтерме және бөлшек сауда алады.

      Халықтың базалық инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігінсіз агломерация орталығының бақылаусыз өсуі агломерация орталығында экономикалық тығыздықтың төмендеуіне және қаланың оны салу мен күтіп-ұстауға арналған шығыстарының өсуіне алып келеді.

      Өнеркәсіптік өнім көлемінің шамамен 50%-і агломерация орталығына тиесілі. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі өнімінің 61%-і Шымкент қаласында өндіріледі. Өңірдің негізгі құралдарының басым бөлігі де агломерация орталығында орналасқан - 68%.

      Қалада медициналық кадрлармен қамтамасыз етілудің төмендігіне, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орын тапшылығына және мектептерде үш ауысымды оқуға байланысты проблемалар бар.

      Қаланың жол инфрақұрылымы жақсартуды қажет етеді. Жолдардың жартысынан астамы қанағаттанғысыз жағдайда.

      Ақтөбе агломерациясы. Қазіргі уақытта Ақтөбе агломерациясында 638 мың адам тұрады. Соңғы 10 жылда агломерация орталығы халқының саны 19%-ке өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 488 мың адамды құрады.

      Ағломерация орталығына Ақтөбе облысының өнеркәсіптік өнім өндіру көлемінің 33%-і және өңдеу өнеркәсібінің барлық көлемінің 82,5%-і тиесілі.

      Агломерация экономикасы шикізат нарықтарына өте тәуелді. Агломерацияның экспорттық қоржыны әртараптандырудың төмендігімен сипатталады. Экономиканың тұрақтылығы үшін қолда бар қуаттар базасында өңдеу өнеркәсібін және көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

      Әлсіз әртараптандырылған экономика, еңбек нарығының дамымауы және өндіруші салалардың басым болуы білікті кадрлардың агломерация шегінен тыс кетуіне әкеп соғады. Халықтың кетуіне сонымен қатар ресейлік миллиондық қалалардың жақындығы ықпал етеді.

      Агломерациядан басқа, функционалдық қалалық аудандардың (бұдан әрі - ФҚА) орталықтары барлық облыс орталықтары мен Семей қаласы болып табылады. Жалпы агломерацияларда және басқа да ФҚА 34 қала және 500-ге жуық АЕМ шоғырланған, оларда 11 млн астам адам тұрады. ФҚА өңірлік өсудің жергілікті орталықтары болып табылатынын атап өту қажет.

      Моно- және шағын қалалардың проблемаларын, даму үрдістерін талдау. Барлық моно- және шағын қалаларда іс жүзінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері орташа республикалықтан төмен қалыптасты және төмендеу үрдісіне ие, мысалы, өндіріс көлемінің төмендеуі (орташа есеппен 30%-ке дейін), инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның жоғары тозуы (орташа есеппен 50%-тен астам), көші-қонның теріс сальдосы (шамамен 20 мың адам), зейнеткерлік жастағы халықтың жоғары үлесі (халық санының 10%-і), неғұрлым тығыз әлеуметтік-экономикалық байланысы бар ірі елді мекенге дейінгі қашықтық (орташа 134 км).

      Моноқалалардың проблемалары негізінен олардың экономикасын әртараптандырудың төмен дәрежесімен, халықтың жұмыспен қамтылуының қала құраушы кәсіпорынның даму перспективаларына аса тәуелділігімен, шикізат қорының сарқылуымен (мысалы, Жаңаөзен, Арқалық қалалары) байланысты.

      Экономиканың тұрақты өсуі және даму перспективалары бар қалаларда кәсіби кадрлардың, бірінші кезекте инженерлік-техникалық жұмыскерлердің болуы сияқты проблемалық мәселелер өзекті болып отыр.

      ФҚА құрамындағы моно-және шағын қалалар экономикалық даму перспективасына ие, ал қалған қалалардың әлеуеті оң серпінге ие емес. Сонымен қатар, ФҚА құрамына кірмейтін, 50 мың адам және одан да көп тұрғыны бар моноқалалар мемлекеттің ерекше назарын талап етеді, себебі оларда кадрлық әлеует бар және қала құраушы кәсіпорындарда өндіріс көлемі төмендеген жағдайда оларды жұмысқа орналастыру қажет болады.

      Ауылдық аумақтарды дамыту. Ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары тұрақтады.

      Алайда ауылдық жерлерде әлі де шешуді талап ететін бірқатар проблемалар бар.

      Тұрғындар саны 500 адамнан кем 3,5 мың АЕМ-де (немесе 6,5 мың АЕМ- нің 52,8%-і) 678,8 мың адам тұрады. Мұндай АЕМ-нің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

      2018 ж. ауыл халқын жұмыспен қамту құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі (35,1%) байқалады, әсіресе, Батыс Қазақстан (^5,5%), Қызылорда (49,5%), Түркістан (46,5%), Жамбыл (43,4%), Ақмола (40,1%), Шығыс Қазақстан (43,6%) облыстарында.

      АЕМ-де орталықтандырылған сумен жабдықтау проблемасы өзекті болып қалып отыр. Қазіргі уақытта АЕМ-нің 59,9%-і немесе ауыл халқының 84,5%-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында АЕМ-нің 30%-тен 70%-ке дейін орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылмаған. Халық саны аз АЕМ-нің ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі орталықтандырылған сумен жабдықтаумен, сондай-ақ жергілікті модуль-блоктармен қамтамасыз ету арқылы шешіледі.

      Жергілікті жолдар желісінің жалпы ұзындығы 70,6 мың км құрайды. Бұл ретте Батыс Қазақстан (71,3%), Ақтөбе (47%), Атырау (46%), Солтүстік Қазақстан (39%) және Қызылорда (36,5%) облыстарында жергілікті жолдардың 32%-і қанағаттанғысыз жағдайда.

      Шекара маңындағы аумақтарды дамыту проблемаларын талдау.

      Жыл сайын шекара маңындағы АЕМ саны және халық саны азайып барады. Қазіргі уақытта шекара маңындағы өңірлерде шамамен 1,5 млн адам тұратын 1,2 мың АЕМ бар, 2017 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон ағыны 16 мың адамды құрады.

      Алайда қазіргі уақытта ел өңірлерінің шекара маңындағы орналасу әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Егер Оңтүстік өңірлерде және Маңғыстау облысында Қытай Халық Республикасынан (бұдан әрі - ҚХР), Өзбекстаннан, Түрікменстаннан және Қырғызстаннан көшіп-қонушылардың ағыны байқалса РФ шекаралас солтүстік өңірлерде халықтың оның ірі қалаларына көшу ағыны байқалады. Қазақстанның шекара маңындағы өңірлері басқа мемлекеттердің бірқатар шекара маңындағы облыстарынан халықтың жан басына шаққандағы табысының мөлшері, бәсекеге қабілетті кәсіптік білім беретін оқу орындарының болуы бойынша артта қалып отыр, бұл перспективада білікті мамандар мен жастардың кету қаупін туғызады.

      Шекара маңындағы аумақтарды одан әрі дамыту мынадай жүйелі проблемаларды шешуге байланысты болады:

      инвестициялау үшін тартымсыз жағдайлар; халықтың жұмыспен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі; елді мекендердің өз инфрақұрылымдық жобаларының да (мектептер, ауруханалар, жолдар, сумен қамтамасыз ету жүйелерін салу және реконструкциялау, абаттандыру және тағы басқа), шекаралық инфрақұрылым жобаларының да (мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарын, шекара заставаларын, кедендік және шекаралық инфрақұрылымды жайластыру, қолданыстағы шекаралық өткелдердің, бақылау-өткізу және кеден бекеттерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру) жеткіліксіз қаржыландырылуы; автомобиль жолдарының қанағаттанғысыз жағдайы; әлеуметтік инфрақұрылым және ТКШ объектілерінің тозуы; бюджеттік білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарында мамандардың жетіспеушілігі; жайылымдық жерлердің тозуы.

      Өңірлерді экономикалық мамандануы бойынша жіктеу және талдау6 Ақмола облысы

      Облыс индустриялық-аграрлық сипатта маманданған. Облыстың жалпы ауыл шаруашылығы шығарылымындағы үлесі 2018 жылы 9%-ті құрады (5-орын). Өңірдің негізгі ауыл шаруашылық өнімі астық дақылдары болып табылады, оның облыстағы егістік алқабы Қазақстан бойынша ең үлкен - 4,3 млн га немесе елдегі ауыл шаруашылық дақылдардың егістік алқабының 19,8%. Облыстың ауыл шаруашылығының салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым - 66,1%.

      Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің үлесі 25,7%-ті құрайды. Өнеркәсіп құрамында алтын бар рудаларды өндіруге, химия өнеркәсібіне, тамақ өнімдері өндірісіне, машина жасауға, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіруге маманданған.

      Ақтөбе облысы

      Облыс елдің индустриялық-аграрлық өңірлеріне жатады. ЖӨӨ құрылымының негізгі бөлігін өнеркәсіп (38,4%) алады, олар - мұнай мен газ өндіру, металлургия, химия өнеркәсібі және машина жасау болып табылады. Өңірге елдің тау кен өндіру өнеркәсібінің 6,7%-і тиесілі (4-орын). ЖӨӨ көлемі бойынша өңір 9-орынға ие.

      __________________________

      6Өнірлерді экономикалық мамандануы бойынша жіктеу және талдау тармағы бойынша бұдан әрі деректер 2018 жыл бойынша келтірілген

      Алматы облысы

      Облыс индустриялық-аграрлық болып табылады, мұнда халықтың 77%-і ауылдық жерлерде тұрады. Өңір ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі бойынша елде бірінші орын алады, мұнда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының үлесі бірдей.

      Өңірдің ЖӨӨ ауыл шаруашылығының үлесі 14,7%, өнеркәсіп - 24,4% құрайды. Өнеркәсіптің негізін тамақ өнімдерінің өндірісі құрайды. Өнеркәсіп саласында құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау және металлургия бар.

      Атырау облысы

      Облыс өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Өңір елдің жалпы республикалық өнеркәсіп өнімі көлемінің 27,2%-ін өндіреді. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің үлесі 52%-ті құрайды, бұл ретте барлық өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 85%-тен астамы мұнай-газ саласының үлесіне тиесілі.

      Өңір сондай-ақ мұнайды қайта өңдеуге, мұнай химиясына, балық шаруашылығына және құрылыс материалдары өндірісіне маманданған.

      Шығыс Қазақстан облысы

      Облыс елдің индустриялық-аграрлық өңірлерінің қатарына жатады. Өңірде металл рудаларды өндіру, металлургия, машина жасау, автомобиль жасау, химия өнеркәсібі, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тамақ өнімдері өндірісі дамыған. Өңірге елдің өңдеу өнеркәсібі көлемінің 10%-і (3-орын), сондай-ақ елдің ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің 11,6%-і (3-орын) тиесілі.

      Жамбыл облысы

      Жамбыл облысы индустриялық-аграрлық өңір болып табылады. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің үлесі 18%, ауыл шаруашылығы - 10,2%-ті құрайды. Өнеркәсіп негізін химия өнеркәсібі, металлургия және тамақ өнімдері өндірісі құрайды.

      Батыс Қазақстан облысы

      Батыс Қазақстан облысы республиканың индустриялық-аграрлық өңірлерінің бірі, сонымен қатар мұнай және конденсат өндіру көлемдері бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін республиканың үшінші мұнай өндіруші өңірі болып табылады. Өңірге республиканың газ конденсатын өндіру көлемінің 97%-і және газ өндіру көлемінің 40%-і тиесілі. Газ конденсаты және мұнаймен қатар облыста борат рудаларының, жанғыш сланеңтердің, калий-магний тұздарының, әктас жыныстарының, цемент шикізатының, бордың, керамзит балшығының, кұрылыс және аллювиальды құмның кен орындары бар.

      Мұнай-газ саласынан басқа тамақ өнімдері өндірісі және машина жасау дамыған.

      Қарағанды облысы

      Қарағанды облысы - елдің жоғары дамыған индустриялық өңірлерінің бірі. Облыстың елдің ЖІӨ үлес салмағы 2018 жылы 7,4% құрады (4-орын).

      ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 47,8%-ті, бұл ретте өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 32%-ті құрайды. Дамыған өнеркәсіп құрылымы облыс халқының ағымдағы орналасу құрылымын айқындады. Облыс елдегі ең урбандалған өңір болып табылады (79,7%).

      Облыстың экономикалық мамандандырылуының негізгі бағыттары металл рудаларды өндіру, көмір, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, тамақ өнімдері өндірісі, сондай-ақ кұрылыс материалдарының өндірісі болып табылады.

      Қостанай облысы

      Өңірдің экономикалық мамандануы индустриялық-аграрлық сипатта. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің үлес салмағы 24,6%", ауыл шаруашылығы 11, 2%-ті құрайды.

      Өңір ірі ет, сүт және астық өндірушісі болып табылады (облыс елде өндірілетін бидайдың жалпы көлемінің 1/3-ін өндіреді). Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы бойынша өңір елде бірінші орын алады (14,6 млн га). Сондай-ақ облыста жайылымдық жерлердің елеулі ауданы шоғырланған (12,5 млн га).

      Бай минералдық-шикізат базасы облыста өнеркәсіптік өндірістің дамуына ықпал етеді. Өңір асбест және темір рудаларын өндіру бойынша республикада көшбасшы орындарды алады. Сондай-ақ облыста ауыл шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау және тамақ өнімдері өндірісі дамыған.

      Қызылорда облысы

      Облыс экономикасының негізін кен өндіру өнеркәсібі (мұнай және газ өндірісі) құрайды. Өңірдің ЖӨӨ саланың үлесі 33%-ті құрайды. Өнеркәсіп құрылымында кен өндіру өнеркәсібіне шамамен 80% тиесілі.

      Сондай-ақ облыс күріш өсіруге және ас тұзын өндіруге маманданған.

      Маңғыстау облысы

      Облыс экономикасының негізін мұнай-газ өнеркәсібі құрайды. Өңірге елдің тау кен өндіру өнеркәсібінің 18%-і тиесілі (2-орын). Өңірде химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнайды қайта өңдеу өнімінің өндірісі және құрылыс материалдарының өндірісі дамыған. Өңір ЖӨӨ көлемі бойынша 5-орынға ие.

      Павлодар облысы

      Облыстың экономикалық мамандануы индустриялық сипатта. ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіптің үлесі 43,5%-ті құрайды. Облыстың жұмыс істейтін халқының ширегінен астамы өнеркәсіпте жұмыс істейді. Облыста елдің электр энергиясының шамамен 40%-і өндіріледі, сазбалшық пен алюминий өндірісінің 100%-і, сондай-ақ Қазақстанның барлық көмір қорларының үштен бір бөлігінен астамы (өндірілетін көмірдің 60%-і) шоғырланған.

      Негізгі өнеркәсіп салалары металлургия, мұнай өнімдерінің өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика болып табылады.

      Облыс экономикасының өнеркәсіптік мамандануы жоғары урбанизация деңгейін айқындады 70,8%.

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Облыс елдің аграрлық өңірлерінің бірі болып табылады. Облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі 24%-ті құрайды. Облыс елде өсірілетін бидайдың барлық көлемінің 21,4%-ін өндіреді.

      Облыстың ЖӨӨ құрылымының 14%-і өнеркәсіпке тиесілі, олар азық-түлік өнімдері өндірісі және машина жасау саласы болып табылады.

      Облыс экономикасының аграрлық бағыты ауыл халқының жоғары үлесін айқындайды (55,6%).

      Түркістан облысы

      Облыс елдің индустриялық-аграрлық өңірлерінің қатарына кіреді және мақта, көкөніс-жеміс өнімі, тамақ өнімдері, құрылыс материалдарының ірі өндірушісі және жеткізушісі болып табылады. Өңір жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша республика бойынша екінші орын алады.

      Уран қоры бойынша бірінші орын (60%), фосфориттер мен темір рудалары бойынша үшінші орын алады.

      ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің үлесі шамамен бірдей, тиісінше 19 және 19,5%.

      Астана қаласы

      Қала экономикасының құрылымы - дамыған постиндустриялық, оның негізін көрсетілетін қызметтер мен сауда саласы құрайды. Қала елдің ЖІӨ 9,8%-ін өндіреді. Қалада қаржы және сақтандыру қызметі, білім, медицина, ойын-сауық, ғылым саласындағы қызметтер және басқалар дамыған.

      Алматы қаласы

      Алматы қаласы елдің аса ірі қаржы-сауда, туристік және мәдени орталығы болып табылады. Республиканың ЖІӨ-де Алматы қаласының үлес салмағы 20,6%-ті құрайды және басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары болып табылады.

      Қаланың мамандануы қызметтер мен сауда, оның ішінде қаржы және сақтандыру қызметі, туризм, білім беру қызметтері, медициналық қызметтер, көлік және логистика, дистрибуция және басқалары болып табылады.

      Шымкент қаласы

      Шымкент қаласының экономикасында сауда және қызметтер секторы маңызды орын алады. ЖӨӨ құрылымында сауданың үлесі 15,4%-ті құрайды. Сондай-ақ қалада өнеркәсіп саласы дамыған, оның ЖӨӨ үлесі 26,5%-ті құрайды.

      Қала тамақ өнімдерінің өндірісіне, саудаға, туризмге, жеңіл өнеркәсіпке, мұнай өңдеуге, машина жасауға, химия өнеркәсібіне, фармацевтикаға, көлік пен логистикаға, қызметтерге маманданған.

      Тұжырымдар:

      Алдағы онжылдық кезеңде өңірлердің жүйелі

      проблемаларын шешу, оның ішінде инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, ресурстық шектеулер қаупіне (ресурстардың сарқылуы, су тапшылығы, жер сапасының нашарлауы) әзірлікті ескере отырып, экономикалық өсу резервтерін анықтау бойынша түбегейлі шаралар қабылдануға тиіс.

      Тұтастай алғанда, өңірлерді аумақтық-кеңістікте дамыту перспективада басым проблемаларды шешуге, ресурстық және инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға байланысты болады.

      Басым тәртіппен шешілуге тиіс елдің аумақтық-кеңістікте дамуының түйінді проблемалары мыналар болуға тиіс.

      Біріншіден, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын арттыру қажет. Республикалық деңгейдегі ел өңірлерінің байланыстылығын арттыру, облыстық деңгейде АЕМ арасындағы жолдарды жақсарту қажет.

      Проблеманы шешу өңірлердің ішінде азаматтардың ұтқырлығын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және басқаларына ықпал ететін болады. Автокөлік жолдарының сапасын және елді мекендердің байланыстылығын арттыру әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерге, инфрақұрылымға қол жеткізуде өңірлер арасындағы, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті төмендетуге бағытталған.

      Екіншіден, демографиялық болжамды, еңбек ресурстарының салааралық және өңіраралық ағынын, кадрларды даярлау мен қайта даярлауды ескере отырып, қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту мәселесін шешу қажет (әлеуметтік объектілердің жетіспеуі және тағы басқа).

      Үшіншіден, таяу жылдары агломерациялар мен халық санының өсуі орын алатын ФҚА-дағы инфрақұрылымды жаңартуға басым тәртіппен инвестицияларды көп бағыттау қажет. Тиісінше болашақта қала халқының көбеюіне байланысты жүктемесі артатын қалалық инженерлік инфрақұрылым желісі жақсартылатын болады.

      Инженерлік инфрақұрылымды дамыту кезінде басқарылатын урбандалу және ішкі еңбек мигранттарының келуіне байланысты агломерациялар шеттерінің ретсіз өсуінің алдын алу саясаты ескеруілге тиіс.

      Моно- және шағын қалаларды дамыту жөніндегі шаралар бірінші кезекте олардың экономикалық даму перспективаларымен, өңір экономикасына қосқан үлесімен, халық санының серпінімен байланыстырылуға тиіс. Даму әлеуеті төмен моно- және шағын қалаларға қатысты шаралар ТКШ инфрақұрылымын қанағаттанарлық жағдайда ұстауға бағытталады.

      Төртіншіден, ауылдық аумақтар үшін орталықтандырылған сумен жабдықтауға және сапалы автомобиль жолдарына қол жеткізу проблемасын шешу қажет. Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылысты қайта қарау мәселелерін қарау қажет.

      Бесіншіден, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар кешенін қабылдау керек. Мысалы, ауыл шаруашылығында жайылма суару технологиясын қалпына келтіру және көктемгі кезеңде еріген суды ұтымды пайдалану қажет. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда зиянды заттардың шығарындыларын азайтуды және озық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету керек.

      Алтыншыдан, перспективада пайдалы қазбалар қорларының таусылуы, су қорларының тапшылығы, жаңа технологиялардың дамуы, өндірісті автоматтандыру мен цифрландыру қосылған құны жоғары өнім өндірісіне назар аудара отырып, өңірлердің экономикалық мамандануын тереңдетуді талап етеді.

      1.2. 2030 жылға дейінгі демографиялық ахуалды және көші-қон процестерін бағалау

      Халық саны

      2010-2018 жылдары Қазақстандағы демографиялық ахуал оң табиғи өсім есебінен қолайлы деп сипатталды.

      2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 18 395,6 мың адамды құрады, 2010 жылдың басындағы адам санымен салыстырғанда 2 192,3 мың адамға немесе 13,5%-ке көбейді (1-сурет).

      Демографиялық болжамға (бұдан әрі - болжам) сәйкес 2030 жылға қарай халық саны 21 млн адамға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

     


      1-сурет - Қазақстан Республикасы халқының жыл соңындағы саны, мың адам

      Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК www.stat.gov.kz, ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" Акционерлік қоғамының болжамы

      Өңірлер бөлінісінде 2010-2018 жылдары халық санының айтарлықтай өсімі Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды.

      Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, керісінше, туу мен көшіп кету есебінен халық санының төмендеуі орын алды (2-сурет).

      Халық санының жыл сайынғы өсуі оң табиғи өсім есебінен, сондай-ақ ішкі және сыртқы көші-қон (Астана және Алматы қалалары мен Маңғыстау облысы үшін) есебінен болды.

      2030 жылға қарай табиғи өсімнің артуы, сондай-ақ көші-қон процестері елдегі халық санының жалпы өсіміне әсер етеді деп күтілуде. Бұл қатарда Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ғана болмауы мүмкін.

      2010 жылдан бастап урбандалу деңгейінің өскені байқалады: қала халқының саны 2010 - 2018 жылдар аралығында 8,8 млн адамнан 10,6 млн адамға дейін өсті.



2-сурет - Жыл басындағы жағдай бойынша

өңірлер бөлінісіндегі халық саны, мың адам

      Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК www.stat.gov.kz, ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" Акционерлік қоғамының болжамы

      Қалалық жерге белсенді көші-қон ағынының және қалаларда табиғи өсім деңгейінің жоғары қарқынының нәтижесі 2018 жылдың соңына қарай урбандалу деңгейінің 58,2%-ке жетуі болды. Болжамға сәйкес 2030 жылға қарай урбандалу деңгейі осы факторлардың әсерінен 65%-ті құрайды деп күтілуде.

      2010 жылдан бастап ерлер мен әйелдер санының пайыздық арақатынасы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ және әйелдердің пайызы басым болды: 48,5% және 51,5%. Осы үрдістер 2030 жылға дейін сақталады деп күтілуде.

      Әлемдегі демографиялық ахуалды бағалау кезінде қазіргі уақытта БҰҰ деректері бойынша7 дамыған және дамушы елдерде халықтың қартаю процесі жүріп жатыр және болжам бойынша бұл үрдіс 2030 жылға дейін күшейеді.

      Қазақстанда да осындай жағдай байқалады. 2010 жылдан бастап 2017 жылдар аралығындағы кезеңде халықтың жыныстық-жас құрылымы (3- сурет) 65 жастан асқан халық саны өсіп, еңбекке қабілетті8 адамдар мен бала туатын жастағы әйелдердің үлесі (1,3%-ке) төмендеп бара жатқанын көрсетеді.

      2030 жылға қарай 65 жастан асқан адамдар санының өсу үрдісі сақталады, бала туатын жастағы әйелдер саны төмендейді деп күтілуде.

     


      Экономикаға "күміс экономика" тұжырымдамасының элементтерін енгізу өзекті болып отыр, яғни экономикалық өсудің жаңа драйвері ересек жастағы халықтың артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру бола алады, бұл медициналық және рекреациялық инфрақұрылымға елеулі инвестиция тартады.

      ______________________________

      7 United Nations Department of Economic and Social Affairs / Population Division "World Population Prospects: The 2015 Revision", Key Findings and Advance Tables

      8 Еңбекке қабілетті адамдар - бұл 16-62 жастағы ерлер және 16-57 жастағы әйелдер. Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгеріске байланысты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін Әйелдердің туған жылдары мен күндері бойынша зейнетке шығу мерзімдерінің кестесіне сәйкес одан әрі өзгерістер енгізіледі (болжамды деректерді есептеу үшін)

      9 "Күміс экономика" - нысаналы тобы карт адамдар ("күміс шаш"), ал басты міндеті солардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қанағаттандыру болып табылатын тоғыспалы "экономика"

      Сондықтан тұрақты күміс экономикасын қалыптастыру үшін денсаулық сақтау және күтім көрсету саласындағы қызметтер жекешелендірілуі және жоғары жастағы адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс.

      Күміс экономикасы цифрлік құралдар мен қызметтерге негізделеді, осыған байланысты жоғары жастағы адамдар арасында цифрлік сауаттылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу маңызды болып келеді.

      2010 - 2018 жылдары 221,7-ден 267,3 мың адамға дейінгі шекте халық санының табиғи өсімі байқалды. Табиғи өсім 2025 жылға қарай 227,5 мың адамға дейін төмендеп, кейіннен 2030 жылға қарай 251,0 мың адамға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

      2018 жылы өңірлер бөлінісінде табиғи өсімнің жоғары деңгейі: Түркістан облысында - 44,2 мың адам, Алматы облысында - 37,1 мың адам, Астана қаласында - 25,0 мың адам және Шымкент қаласында - 22,4 мың адам болды. 2030 жылға қарай табиғи өсім бойынша көшбасшылар осы өңірлер болып қала береді деп болжануда, бұл жұмыс орындарын құру, кадрларды оқыту және қайта оқыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде белсенді шаралар қабылдауды талап етеді.

      Солтүстік Қазақстан облысында табиғи өсімнің теріс мәні сақталады. Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да табиғи өсімнің айтарлықтай төмендеуі күтілуде. Осы өңірлерде экономикалық өсу орталықтарында жағдай жасау және жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдануға тиіс. Сондай-ақ халықтың табиғи өсімінің төмендеу проблемасын шешуге әйелдер үшін бала күтімі кезеңінде әлеуметтік кепілдіктерді орындау, жайлы тұрғын үй жағдайларын жасау жөніндегі шаралар бағытталуға тиіс.

      Халықтың көші-қоны

      Қазақстандағы көші-қон процестері 2018 жылға дейін халықтың кемуінің жыл сайын 29,1 мың адамға дейін ұлғаюымен сипатталды.

      Көп жағдайда еңбекке қабілетті халық кемиді, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастан кіші халықтың кетуі көбейеді. Мәселен, 2010-2017 жылдары кетушілер мен келушілер арасындағы сальдо еңбекке қабілетті халық арасында 24,1 мың адамды, еңбекке қабілетті жастан кіші халық арасында 14,5 мың адамды, еңбекке қабілетті жастан асқандар арасында 11,4 мың адамды құрады.

      Өңірлер бөлінісінде 2010-2018 жылдары көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Алматы және Маңғыстау облыстарында, Астана және Алматы қалаларында байқалды. Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан халықтың белсенді түрде кетуі байқалады. Жоғарыда аталған үрдістер 2030 жылға дейін сақталады деп күтілуде.

      Аталған үрдістер мен болжанып отырған теріс трендтер өңірлер және жалпы ел үшін сын-қатер болып табылады, осыған орай халықтың, атап айтқанда жастардың кетуін азайту үшін шаралар қабылдауды талап етеді (ірі және үлкен қалаларда сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу, отандық жоо-ның тартымдылығын арттыру, инновациялық өндірістерде жоғары табысты жұмыс орындарын құру, қалаларда өмір сүру сапасын жақсарту және басқалар).

      Отандық жоо-ның тартымдылығын арттыру мақсатында материалдық-техникалық базаны заманауи жабдықтармен бұдан әрі жаңарту, әсіресе техникалық мамандар бойынша заманауи жатақханалармен қамтамасыз ету, бизнес тарапынан ғылыми жобаларды және зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру қажет.

      Студенттік жастардың кетуінің алдын алу және шетел студенттерін тарту мақсаттарында материалдық (гранттар мен стипендиялардың кең жүйесі, студенттік заемдар бағдарламасы, өндірістік тәжірибе және тағылымдамаларды ұйымдастыру) және материалдық емес (академиялық алмасу бағдарламаларын іске асыру, ағылшын тілінде бағдарламаларды әзірлеу) тетіктерді қамтитын шаралар кешенін қабылдау қажет.

      Жалпы кәсіби-техникалық және жоғары білім беру жүйесін дамыту еңбек нарығының қазіргі және болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған болуы тиіс.

      "Адамдар инфрақұрылымға" қағидатын іске асыру үшін көші-қон есебінен де, табиғи өсім есебінен де халық санының өсуі өңірлердің алдына қала құрылысын жоспарлау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды озыңқы дамыту жолымен алдын ала дайындық міндетін қояды.

      Еңбек нарығы

      2010 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта жұмыс күшінің 10саны 527,9 мың адамға, жұмыспен қамтылған халық саны 580,8 мың адамға артты, жұмыспен қамтылған халық үлесі 0,9%-ке өсті (4-сурет).

     


4-сурет - Еңбек нарығының көрсеткіштері

      Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК www.stat.gov.kz, ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының болжамы

      Еңбек нарығы көрсеткіштерінің болжамына сәйкес алдағы онжылдықта жұмыс күшінің және жұмыспен қамтылған халықтың саны бойынша белгіленген үрдістер сақталады және 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 10,4 млн адамға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

      Таяудағы онжылдықта халықты жұмыспен қамту 2017 жылдың деңгейінде сақталады (95,1%), ал халықтың жалпы санынан жұмыс күшінің үлесі 2030 жылға қарай 50,1%-ке дейін төмендейді деп күтілуде.


      Халықтың өсіп келе жатқан санын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру және ШОБ-ты дамыту, жаңа өндірістер ашу, мамандарды оқыту және қайта оқыту шеңберінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру қажет. Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша шаралардың іске асырылуынан бастап ел бойынша 5,9 мың адам көшірілді (Ақмола - 0,25, Шығыс Қазақстан - 0,97, Қостанай - 1, Павлодар - 2,1, Солтүстік Қазақстан - 1,5), олардан 2,9 мың адам еңбекке жарамды халық. Бұл ретте 1,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.

      Жұмыспен қамту салалары бөлінісінде (5-сурет) 2010 жылмен салыстырғанда 2018 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылғандар санының төмендегені, ал көрсетілетін қызметтер саласында жұмыспен қамтылғандар санының артқаны байқалады.

      2030 жылға дейін салалар бөлінісінде жұмыс істейтін халықтың құрылымдық өзгеруі, тауарлық сектордан қызметтер секторына ауысуы күтіледі. Жұмыс істейтін халық ағынының кетуі технологиялық қайта жарақтаумен және экономиканың цифрландырылуымен байланысты ауыл шаруашылығында болжамдалады, бұл ретте бол қалған жұмыс істейтін халықтың үлкен бөлігі инфрақұрылымдық және технологиялық даму есебінен құрылыс пен көлік саласына, сондай-ақ ТжКБ дамуымен байланысты білім беру саласына ауысады.

      Өңірлер бөлінісінде жұмыскерлердің неғұрлым көп кетуі экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайтын өңірлерде, оның ішінде Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орын алады. Сондықтан осы өңірлер агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әлеуетті пайдалану қажеттігін ескере отырып, оз экономикаларын әртараптандыру бойынша шаралар қабылдауы қажет.

      Өнеркәсіп және құрылыс салаларында 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін жұмыспен қамтылған адамдардың саны Батыс Қазақстан облысында (6,7%), Павлодар (1,0%) және Қызылорда (0,4%) облыстарында қысқарды. Осы салада жұмыспен қамтылғандардың белсенді өсуі Ақтөбе облысында (59,6%), Түркістан облысында, Шымкент (36,6%) және Астана (35,2%) қалаларында байқалады.

      Білім беру жүйесі ең алдымен жаһандық үрдістермен бірге ауысып, оларға жақсы бейімделуі тисі, бұл ретте қазіргі жағдайда қоғам мен экономиканың дамуы адами капиталға, нақты айтқанда, білімге тәуелді болады.

      Еңбекті ұйымдастыру технологиялары, техникасы, өнімдері, әдістері және нысандары, басқару жүйесі, негізгі өндіріс факторлары, мамандардың деңгейлері, білім беру және тағы басқа түбегейлі өзгерді. Білім-ғылым жүйесі алдыңғы қатарлы елдердің моделі, жоо бойынша қайта құрылып, ұлттық жүйеден жаһандық, жоғары сапалы білім қызметтерін беретін жүйеге ауысуы тиіс. Өзгеріп жатқан шарттар, адамдардың дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар "Өмір бойы оқу" тұжырымдамасы шеңберінде тұрақты білім алуды талап ететін болады.

      Тұжырымдар: Қазақстандағы демографиялық ахуалды талдау нәтижелері бойынша бірқатар проблемалар анықталды, олардың ішінде түйінді мәселелер: бала туудың төмендеуі, халықтың қартаюы, еңбекке жарамды жастағы халықтың кетуі, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыскерлердің босауы. Өңірлер арасында халықтың және көші-қонның табиғи өсім көрсеткіштері арасында айтарлықтай теңсіздіктер сақталады. Анықталған проблемалардың шешілуі еңбекке жарамды жастағы халыққа түсетін демографиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

      Ағымдағы демографиялық ахуалды талдау, сондай-ақ оның перспективалық бағалаулары Қазақстанның демографиялық дамуында айтарлықтай өңірлік саралау қалыптасқанын білдіреді.

      Халықтың табиғи өсімінің деңгейі бойынша қалыптасқан өңірлік айырмашылықтар салдарынан, сондай-ақ тартушы/шығарушы көші-қон факторларын ескере отырып, өңірлерді демографиялық даму деңгейі бойынша мынадай 3 топқа бөлуге болады.

      Халық санының барынша өсімі күтілетін өңірлер тобына Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Астана, Алматы мен Шымкент қалалары жатады.

      Халықтың өсу үрдісі тұрғын үй, әлеуметтік және көлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен озық қарқында қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдауды талап етеді, бұл ретте экологиялық жағдайды нашарлатпау қажет. Оңтүстік өңірлерден еңбек күшін жұмылдыруды ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

      Халықтың тұрақты өсуі (Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары) және оның қарқындарының аз ғана төмендеуі (Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары) болжамдалатын өңірлер екінші топқа біріктірілген.

      Аталған өңірлерде халықтық табиғи өсімінің жоғары қарқындарын сақтап қалу және көші-қонды азайту маңызды болып отыр. Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғауды және қамтамасыз етуді күшейту есебінен бала туу деңгейін арттыруға бағытталған демографиялық ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет.

      Қазақстан үшін демографиялық жаңғыруда бала туу өсуді қамтамасыз ететін жалғыз құрамдауыш болатынын ескере отырып, бала туу мәселелері өңірлердің әлеуметтік-демографиялық саясатын әзірлеуде түйінді буындардың бірі болып табылады.

      Осыған байланысты, өңірлер мен этностар бөлінісінде бала туу мен репродуктивтік жағдайды тереңдетілген зерттеу бойынша шаралар қабылдау, Қазақстанда демографиялық дамудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу қажет.

      Жалпы елде және оның өңірлерінде бала туу деңгейінің баяулау/төмендеу тәуекелдерін ескере отырып (әсіресе, солтүстік облыстарда) бала тууды ынталандыру және көпбалалықты қолдау бойынша қосымша шаралар қажет. Бұл жұмыс істемейтін аналарға бюджет қаражаты есебінен төленетін бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін үш жылға дейін ұлғайту, бала тууға және оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер мөлшерін ұлғайту, сондай-ақ жұмыс істейтін аналарға төлем жасау мерзімін ұзарту, жұмыс істейтін әкелерге бала тууға байланысты әлеуметтік төлем алу, РФ "аналық капиталға" ұқсас екінші және одан кейінгі балаларды туу кезінде төлем жасау сияқты шаралар болуы мүмкін.

      Демографиялық процестерге, нақты айтқанда, табиғи өсімнің артуына ықпал еткен маңызды фактор тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет тұрғын үйдің қолжетімділігі бойынша шаралар қабылданған (көпбалалы отбасылар үшін жалдамалы пәтерлер беру, көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға тұрғын үйді алуға 10%-тік бастапқы салыммен жылдық 2%-ке жеңілдікті кредит беру). Әлеуметтік тұрғын үйді тарату тетіктерінің ашықтығын арттыру және жетілдіру бойынша бұдан әрі шаралар қабылдау қажет.

      Бала туудың өсуіне ықпал ететін тағы бір маңызды фактор өмір сүру сапасы болып табылады. Аталған бағыт бойынша шаралар экономикалық өсу орталықтарында өмір сүру сапасын жақсартуға, бірінші кезекте, материалдық жағдай мен тұрғын үй шарттарын жақсартуға бағытталуы тиіс.

      Көші-қонның кету ағынының ұлғаюы және өлім-жітім деңгейінің жоғарылығы (әсіресе, жас кезде) есебінен халық санының төмендеу үрдісі байқалатын Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда халық депопуляциясының салдарларын азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау талап етіледі.

      Аталған өңірлерде атаулы шараларды қабылдау қажет: экономикалық өсу орталықтарында өмір сүру сапасын арттыру, қоныстанушылар үшін жағдай жасау. Халықты ұстап қалу шаралары ретінде еңбекақыға үстемеақы, яғни, "аудандық коэффициенттерді", тұрғын үй субсидияларын беру, Қазақстанда өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын бұдан әрі арттыру (әсіресе, ерлерде), нәрестелердің және еңбекке жарамды жастағылардың өлім-жітім деңгейін азайту үшін жағдайлар жасау.

      Шаралар кешені сондай-ақ мыналарды қамтуы тиіс:

      шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанның тартымдылығының төмендеу себептерін терең түсіну үшін этникалық көшіп келушілердің, оның ішінде, "оралман" мәртебесін алғандардың және ҚР азаматтығын алғандардың/"оралман" мәртебесінен шыққандардың бейімделуін және интеграциясын мониторингілеу;

      жұмысқа қабылдау және экономиканың кейбір секторларында еңбек қызметін жүзеге асырған кезде, оның ішінде, еңбекақы төлеу бойынша да жергілікті кадрлар мен "экспаттар" үшін тең жағдай жасау;

      жоғары білімде отандық білім беру нарығын дамыту, кету проблемаларын шешу үшін оның бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстаннан білім алу мақсатында сыртқа көшіп қолжетімділігін арттыру.

      Ағымдағы демографиялық ахуалды талдау перспективада елдің бірқатар өңірлері еңбек ресурстарының босатылуы және салааралық ауысуы проблемасына тап болатынын көрсетеді. Осы мақсатта білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрларды тарту, сондай-ақ кадрларды қайта мамандандыру және қайта оқыту арқылы кадрларды даярлау жүйесін нарықтың жаңа талаптарына қайта бағдарлау жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі.

      Агломерация мен ФҚА-да халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру талап етіледі.

      Ауыл шаруашылығында кадрларды босату проблемасы әр өңірде еңбек нарығының ерекшеліктерін және бағалануын ескере отырып, шешілуі тиіс.

      Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тиісті мемлекеттік қолдау көрсету есебінен шешілуі тиіс.

      Елдің әлеуметтік саясатының перспективадағы маңызды бағыты бала күту кезеңінді әйелдерді, көпбалалы отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету болып қалады.

      Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін 2030 жылға дейінгі базалық (ұлттық) демографиялық саясатты қалыптастыру арқылы әлеуметтік-демографиялық процестердің тиімді реттелуін қамтамасыз ету қажет.

      1.3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытуға әсер ететін сын-қатерлер мен үрдістерді талдау

      Әлемнің барлық елдері жаһандық және өңірлік факторлардың әсеріне ұшырайды. Қазақстан интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жаһандық үрдістерді сыртқы сын-қатер ретінде, сонымен бірге елдің әлемдік нарықтардағы ұстанымын күшейтуге арналған мүмкіндіктер ретінде қарауға тиіс.

      Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада, Стратегиялық жоспар-2025-те көрсетілген мегатрендтерді ескере отырып, елді аумақтық-кеңістікте дамытуға әсер ететін сын-қатерлер мен үрдістер анықталды.

      Жаһандық сын-қатерлер мен үрдістердің әсері ел мен өңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындауда ескеріледі.

      Климаттың өзгеруі

      Климаттың өзгеруі әлемнің барлық елдері үшін орны толмас жаһандық зардаптарға әкеп соғады. Жаһандық жылыну, ауаның, топырақтың және су ресурстарының ластануы - осының барлығы адамдарды қоныстандырудың қалыптасқан жүйесіне және әлемдік сауда конъюнктурасына түбегейлі әсер етеді.

      Адамдар мен экономика үшін климаттың өзгеру тәуекелдерін мойындай отырып, "жасыл" экономиканы дамыту және қоршаған ортаны қорғау жөнінде шаралар қабылдау қажет. 7-ші Ұлттық хабарламаға сәйкес ауаның орташа жылдық температурасының 2030 жылға қарай 1,5-1,7°С және базалық кезеңге қарағанда (1980-1999 жылдары) 2050 жылға қарай 2,4-2,6°С шегінде артуы күтіледі.

      2030 жылға қарай Қазақстанның су ресурстарының көп жылдық орташа көлемінің 72,4 км-ға3 дейін азаю қаупі бар (қазіргі уақытта 100,5 км3).

      Осы климаттық өзгерістер ауыл шаруашылығының дамуына және оның өнімділігіне, сондай-ақ халықтың денсаулығына, ауызсумен қамтамасыз етуге әсер етеді. Осыған байланысты экономиканың басым секторларын орын алып жатқан климаттың өзгеруіне бейімдеу жөнінде шаралар қабылдау қажет.

      Су ресурстарының шектеулігіне байланысты Қазақстан үшін трансшекаралық өзендердің суын бөлу, сондай-ақ кейіннен ережелерді әзірлеу, халықтың, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің мұқтаждықтары үшін өзендер мен көлдердің су бассейндерін теңгерімді пайдалануды реттеу мәселесі өте маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада судың көп жұмсалуын талап ететін өнеркәсіп салаларын, атап айтқанда тау-кен металлургия кешені мен көмір энергетикасын дамытуды шектеу ең үлкен тәуекел болып табылады.

      Өңірдің барлық елдеріне қатысы бар және Еуразияның экологиясына әсер ететін Арал теңізінің проблемасы өзекті болып қалуда. Осыған байланысты өңірдің барлық мемлекеттері тарапынан экологиялық тұрақтылық пен инвестициялардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, су шаруашылығын реттеу тетіктерін дамыту қажет.

      Жердің шөлейттену проблемасының ушығу қаупі бар. Ұзақ мерзімді перспективада дүлей зілзалалардан, оның ішінде су тасқынынан теріс салдарлардың күшеюі мүмкін.

      Ел аумағы су тасқыны, сел, қар көшкіндері, опырылу, жер сілкінісі, орман өрттері сияқты және тағы басқа төтенше жағдайлардың алуан түрлеріне бейім.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан халықты қорғау мақсатында ұйымдастыру-профилактикалық және инженерлік-техникалық іс-шараларды іске асыру қажет. Шаралар дүлей зілзалаларға, оның ішінде маусымдық су тасқындарына, селдерге, көшкіндерге, өрттерге, жер сілкіністеріне, елдің барлық аумағындағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталуға тиіс. Сондай-ақ тұрғындарға уақтылы ескертуге мүмкіндік беретін және геоақпараттық жүйе мен радар сияқты жоғары технологияларды пайдалана отырып, күтпеген салдарларға дайындалуга мүмкіндік беретін, дүлей зілзалалардың, оның ішінде су тасқыны қатерін болжау жүйесін жетілдіру мәселесін қарау қажет.

      Қазақстан экономикасына экономиканың шамадан тыс энергия сыйымдылығы тән, ол бар инфрақұрылымды жаңғыртуды және елдің энергия үнемдеуде және энергия тиімділігінде әлеуетін толық пайдалануды талап етеді.

      "Жасыл" экономика жаңа жұмыс орындарын құруды, оның ішінде ауылдық жерлерде жандандыратын сектор ретінде үлкен әлеуетке ие. Жаңартылатын энергетика дәстүрлімен салыстырғанда 3 есе көп жұмыс орындарын құрады11. Бұл ЖЭК-ті дамытудың экономикалық және экологиялық пайдасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік пайдасы да бар екенін дәлелдейді. ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттіктің (ІКЕКА12) болжамына сәйкес 2030 жылға қарай әлемде таза энергетика секторында 24 млн адам жұмыспен қамтылатын болады13.

      Экономикалық жаһандану

      Протекционизм, таланттар үшін күресті күшейту, сондай-ақ сауда қақтығыстары әлемдік экономикаға елеулі жаһандық сын-қатерлерді тудырады.

      Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің әрбір елі үшін ұлттық экономиканың, оның өңірлері мен қалаларының жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мәселесі өзекті болып тұр. Аумақтық-кеңістікте дамыту - бұл тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыратын маңызды процестер, көлік, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта сияқты салалардағы саясатты үйлестіру.

      _________________________

      11 https://www.e2.org/wp-content/uploads/2019/04/Е2-2019-Clean-Jobs-America.pdf

      12 Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі хапықарапық агенттік (ІКЕЫА)

      13 https://www.irena.org/DocumentDownloads/Publications/IRENA_RE Jobs_Annual_Review_2017.pdf

      Standard Chartered14, Bloomberg15 болжамдарына сәйкес 2030 жылға қарай Азияның үлесі әлемдік ЖІӨ-нің 35%-ін құрайтын болады. Қазақстанның осы нарықтарға географиялық жақындығына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) шеңберіндегі интеграциялық процестер тұрғысынан жаһандық өндірістік-өткізу тізбегіне интеграциялану қажет.

      ЕАЭО шеңберіндегі интеграция Қазақстан экономикасына, оның ішінде өзара саудада экспорттық кедендік баж салығы мен өзге де шектеулерді қолданбауды көздейтін газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын құру кезінде ықпал етеді.

      Қазақстан үшін ЕАЭО шеңберінде қазақстандық тауарлардың ЕАЭО-ға мүше елдердің нарықтарына кіруі үшін әкімшілік кедергілер мен басқа да шектеулерді жою бойынша сын-қатерлерді шешу қажет.

      Қазақстанда "Белдеулер мен жолдар" бастамасы16 шеңберінде транзиттік инфрақұрылым объектілерін басқару саласында екі көлік бағыты үлкен мүмкіндік береді: контейнерлік "Украина - Болгария - Грузия - Әзербайжан - Қазақстан - Қытай" және "РФ-Қызылорда - Шымкент - Алматы - Үрімші" автомагистралі. Сондай-ақ Еуропада қытай тауарларына сұраныстың ықтимал қысқаруының теріс салдарын және инфрақұрылымдық объектілерді күтіп- ұстауды ескеру қажет.

      Қазақстан үшін ұзақ мерзімді перспективада жаһандану процесінің баяулауы тартылатын шетелдік инвестициялар көлемінің, технологиялар трансфертінің төмендеуіне және тауар айналымының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін.

      Өзбекстанның көршілес елдермен өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық саясаты шекара маңындағы өңірлердің және бірқатар салалардың дамуына әсер етуі мүмкін. Шетелдік инвестициялар, білікті кадрлар, тауарларды өткізу нарықтары үшін бәсекелестік күшейеді деп күтілуде.

      Өңірлік интеграцияны күшейту, ең алдымен, Орталық Азия елдерінен көші-қон ағындарын жандандыруға ықпал етеді, бұл Қазақстанның көші-қон саясатына ерекше талаптар қояды.

      Экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан Қазақстан үшін азық-түлік саласындағы импорт үлесінің жоғары болуы қауіп-қатер болып қала береді, бұл өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ескере отырып, ұлттық мүдделерді қорғау жөніндегі жүйелі шараларды талап етеді.

      Төртінші өнеркәсіптік революция

      Төртінші өнеркәсіптік революция жаһандық экономиканың құрылымын өзгертеді және жаңа технологиялық мүмкіндіктер мен ғылымның тұтас бағыттарын ашады.

      _____________________________

      14 Standard Chartered - каржы қызметтерін көрсететін трансұлттық корпорация

      15 Bloomberg - қаржы нарықтарының кәсіби қатысушыларына қаржылық ақпараттың жетекші жеткізушілерінің бірі

      16 ҚХР-ның 2010 жылдары алға тартқан "Жібек жолы экономикалық белдеуі" және "XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы" біріккен жобаларының ұсынысы

      Цифрландыру, технологиялық платформалардың өзгеруі өнеркәсіптің дәстүрлі салаларына елеулі әсер етеді, төмен және орташа білікті кадрларды роботтармен алмастырады.

      Жақын болашақта жасанды интеллект тұрмыстық және қоғамдық өмірде таптырмайтын опция болады. Сонымен қатар жаһандық күн тәртібінде адами капитал мен киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері өзекті болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ықпалының өсуі, ғылымды қажетсінетін өнеркәсіп және көрсетілетін қызметтер секторларындағы ғылыми зерттеулер, сондай-ақ Big Data17 технологиялары ғылымның жаңа бағыты - білім экономикасын қалыптастырды.

      Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстан үшін халықтың өмір сүру сапасын және қоршаған ортаны жақсарту мақсатында жүйелі түрде жаңа технологияларды енгізу қажет.

      "Smart City" қағидалары халықтың мұқтаждығын неғұрлым дәл бағалауға және тиісінше шығыстарды қысқарту, тәуекелдерді төмендету және азаматтардың күнделікті орын ауыстыруы мен өзара іс-қимылын жеңілдету арқылы экономиканың өсуін жеделдетуге ықпал етуге мүмкіндік береді.

      Ұзақ мерзімді перспективада жаңа материалдарды қолдану қара және түсті металлургия өніміне сұранысты түбегейлі төмендетуі мүмкін.

      Жаңа кадрларды даярлау, қайта даярлау есебінен қолдау қажет еңбек нарығындағы теңгерімсіздік технологиялық прогрестің теріс әсеріне айналуы мүмкін.

      Демографиялық сын-қатерлер

      Урбандалу және көші-қон жаһандық ауқымда күшеюде. Жаңа технологияларды енгізу және оның ауқымының әсері өңіраралық және трансшекаралық көші-қон көлемінің өсуіне алып келеді. Атап айтқанда, бүкіл әлемдегі трансшекаралық мигранттардың саны 250 млн адамға дейін үш еседен көп өсті.

      Бұл ретте 2030 жылға дейін ірі қалалар мен агломерацияларда халықтың едәуір өсуі күтілуде. Қалалар әлемдік ЖІӨ-нің 70%-тен астамын және жаңа жұмыс орындарын құруда осыған ұқсас үлесті қамтамасыз етеді.

      Дамыған елдерде халықтың азаю және қартаю үрдісі байқалады, ал көптеген дамушы елдерде бала туу көрсеткіші жоғарылауда.

      Халық санының өсуі тамақ өнімдеріне, су ресурстарына, энергия тасығыштарға сұраныстың артуына әкеп соғады. Бұл Қазақстанға әлемдік экономиканың сұранысын қанағаттандыру үшін өз әлеуетін пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

      Қазақстанда еңбекке қабілетті халыққа түсетін демографиялық жүктеме артады, оның үлесі ең алдымен зейнеткерлік жастағы халықтың көбеюі есебінен төмендейді. Бұл экономикалық даму, өмір сүру сапасының жақсаруы және өмір сүру ұзақтығының артуы аясында болады.

      ________________________

      17Big Data - ауқымды деректерді өңдеу технологиясы

      Бұл ретте "күміс экономика" тұжырымдамасы шеңберінде қарт адамдарға арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілері жаңа өсу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Әлемдік ауқымда "күміс экономика" миллиондаған қосымша жұмыс орындарын құрып, ЖІӨ-ні 2-2,5%-ке ұлғайтады (Accenture18 и Oxford Economics19 компанияларының есептеуінше).

      2-бөлім. Аумақтық - кеңістікте дамыту бағыттары

      2.1. Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсаты мен міндеттері, негізгі тәсілдері

      Болжамды схема Стратегиялық жоспар-2025-ті іске асыру мақсатында әзірленгенін ескере отырып, жеті реформа шеңберіндегі барлық бастамаларға талдау жасалды.

      Талдау барысында Болжамды схемада көрініс тапқан аумақтық-кеңістікте, өңірлік аспектісі бар бастамалар анықталды.

      Болжамды схеманың мақсаты - ел өңірлерін дамыту әлеуетін іске асыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасау.

      Болжамды схеманы әзірлеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) шекара маңы ынтымақтастығына және экономикалық интеграция нысандарына қарамастан, елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету;

      2) экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғауды үйлестіру - өмір сүру сапасының базалық стандарттары экожүйенің сақталуын және экологиялық талаптардың сақталуын ескере отырып, елдің барлық аумағында қамтамасыз етілуге тиіс;

      3) "адамдар - инфрақұрылымға" моделін ескере отырып, халықты қоныстандыру құрылымының ұтымдылығы - ішкі және сыртқы байланыстарды жақсарту мақсатында экономикалық әлеуеті мен даму перспективалары бар елді мекендерде экономикалық жағдайлар жасау, оның ішінде ӘАҚ-ты жетілдіру есебінен (ірілендіру, біріктіру, қайта бағындыру) жағдай жасау;

      4) өңірлердің даму басымдықтарын таңдаудағы дербестігі, бұл өндіріс факторларын жұмылдыру және төменгі бастамаларды "төменнен-жоғарыға" келтіру арқылы өңірлердің әлеуетін жандандыруды білдіреді. Өңірлердің дербестігі өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді, оның ішінде бизнесті қолдауға, инвестицияларды тартуға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, инфрақұрылымды дамытуға және кадрлық ресурстарды басқаруға қатысты мәселелерді шешу болып табылады. Қорғаныс қабілеттілігін және ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқық тәртібін, бірыңғай салық, бюджет, көлік-коммуникация, энергетика және әлеуметтік саясатты және басқаларын қамтамасыз ету сияқты стратегиялық мәселелер республикалық деңгейде сақталады. Бұл ретте, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері міндетті тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілетін болады.

      _____________________________

      18 Accenture - жаһандық компания, кәсіби кызметтер мен цифрлық технологиялардың әлемдік нарығындағы көшбасшылардың бірі

      19 Oxford Economics - ағылшын консалтингтік компаниясы, жаһандық болжау және цифрлық талдау саласындағы көшбасшы

      Осы қағидаттарды іске асыру үшін аумақтық-кеңістікте дамытудың мынадай тәсілдері пайдаланылады:

      1) басқарылатын урбандалуды ескере отырып, "өсу нүктелерін" дамыту;

      2) өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

      1-тәсіл. Басқарылатын урбандалуды ескере отырып, "өсу нүктелерін" дамыту

      Әлемдік экономикалық дамуды талдау кіріс пен өндіріс деңгейіндегі аумақтық сәйкессіздік болмай қоймайтынын және экономикалық өсудің біркелкі еместігінің салдары екенін көрсетеді. Табысты даму тәжірибесі ол өндірістің аумақтық шоғырлануы жағдайында болатынын мәлімдейді.

      Бұл тәсілдің мәні "өсу нүктелерін" дамыту бойынша қабылданатын шаралар экономикалық белсенділіктің, экономикалық интеграция есебінен әл-ауқаттың қалған аумақтарға "ауысуы" орын алады.

      "Өсу нүктелерінде" таланттарды тарту және олардың өмір сүруі үшін тартымды жағдайлар жасалуға тиіс.

      Бюджеттік шектеулер жағдайында еңбек, қаржы және ондірістік ресурстарды "өсу нүктелерінде" - ФҚА шеңберінде агломерацияларда, қалаларда, тірек және АЕМ-де шоғырландыру қажет.

      Алдағы онжылдықта Қазақстанды аумақтық-кеңістікте дамыту экономикалық және демографиялық тығыздықты арттыруға бағытталуға тиіс.

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) әдістемесіне сәйкес "өсу нүктелері" дегеніміз ФҚА20 форматындағы нақты елді мекендерді білдіреді, Қазақстанда олардың саны - 18, бұл негізінен ірі, үлкен қалалар және күнделікті еңбек көші-қоны аймағына кіретін басқа да елді мекендер (18 ФҚА-дағы халық саны 11,2 млн адамға жуық).

      Моно- және шағын қалаларға қатысты әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне бағалау жүргізіледі. Ірі агломерациялардың ықпалындағы моно- және шағын қалалар осы агломерациялардың экономикалық жүйелері шеңберінде қаралады.

      ФҚА-ның шеткі аймағында өндірістің оқшаулану есебінен ірі және шағын қалалар арасында экономикалық интеграциялану әлеуеті бар.

      "Басқарылатын урбандалу" саясаты ауыл халқының қалаға жаппай кетуінің алдын алу шараларын ("адамдар инфрақұрылымға" қағидаты) қабылдаудан тұрады. Осыған байланысты жер ресурстарын кешенді басқару және көліктік жоспарлау, халық пен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға инвестиция салу, "жасыл" технологияларды қолдана отырып, жасыл аймақтарды кеңейту сияқты құралдар пайдаланылатын болады. Ұзақ мерзімді перспективада урбандалу деңгейін ұлғайту көрсетілетін қызметтер секторының экономикаға үлесін кеңейтуге, сондай-ақ жұмыс орындары санының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызметтер секторын дамыту экономиканың басқа секторларынан босатылған жұмыскерлерді, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш кіретін жас мамандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

      ________________________

      20 Функционалдық қалалық аудан - өңірлік деңгейдегі агломерациялық құрылымдардың аналогы. Бұл ретте ФҚА: а) кемінде 100 мың адам халқы бар және тығыздығы кемінде 1 ш.м. 1000 адамнан келетін (бұл ретте басқа ФҚА бөлігі немесе моноқала болып табылмайтын) өзек - қала; б) жұмыс істейтін халықтың кемінде 15%-і өзек-қалаға күнделікті маятниктік көші-қонға қатысатын айналадағы елді мекендерді біріктіреді

      "Өсу нүктелерін" дамыту стратегиясы дамыған және табысты дамушы елдерде, оның ішінде ЕО елдерінде, Оңтүстік Корея, ҚХР, Малайзия, Сауд Арабиясы және тағы басқа іске асырылды.

      2-тәсіл. Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өңірлерде базалық тұрмыс сапасын қамтамасыз ету

      Аумақтық-кеңістікте жоспарлау өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, білім беру мен денсаулық сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті, сапалы ауыз суға, электр энергиясына, Интернет желісіне қол жеткізуді, сондай-ақ таза қоршаған ортаны қоса алғанда, орнықты дамуды және өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

      Өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің, қалалық және ауылдық елді мекендер үшін көліктік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің нақты талаптары мен көрсеткіштері көзделеді.

      Қажеттіліктердің өсуін ескере отырып, қалалық жерлер үшін өңірлік стандарттардың көрсеткіштері ауылдық жерлерге қарағанда көбірек салаларды қамтитын болады.

      Өмір сүру сапасының жоғары стандарттары қалаларға шекаралас мемлекеттердің басқа экономикалық орталықтарымен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

      Халық саны аз АЕМ-нің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің төмендігі қымбат тұратын инфрақұрылымды жүргізу орынды емес екендігін көрсетеді.

      Осыған байланысты халықты базалық қызметтермен қамтамасыз етудің аз шығынды, инновациялық тетіктерін қолдануды ынталандыру қажет, бұл тұрмыс деңгейінің базалық көрсеткіштерін аумақ бойынша теңестіруге ықпал етеді. Мысалы, АЕМ-ді ауызсумен қамтамасыз ету үшін блок-модульдерді пайдалана отырып, жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану. Шалғайдағы, халық саны аз АЕМ-ді, фермерлік шаруашылықтарды энергиямен қамтамасыз ету үшін ЖЭК-ті (күн батареялары, гибридті қондырғылар және тағы басқа) қолданудың әлеуеті зор.

      Ауылдық аумақтарды одан әрі дамыту жергілікті өзін-өзі басқаруды тиімді дамытпай, жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық дербестігін арттырмай мүмкін болмайды. 2020 жылдан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде барлық жерде дербес бюджетті енгізу жоспарлануда.

      Бірқатар ауылдық округтерде дербес бюджетті енгізу үшін экономикалық базаның болмауы өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін кедергі болуы мүмкін. Мәселен, талдау нәтижелері21 бойынша, ауылдық округтердің барлығына бірдей дербес бюджетті енгізген орынсыз, өйткені экономикалық перспективалар жоқ - халық саны аз, көші-қон ағыны, шаруашылық жүргізуші субъектілер және салық салынатын база жоқ. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар "әлсіз күштіге" қағидаты бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық округтерді жақын ауылдық округтердің қарамағына қосып ірілендіру қажет.

      Халықтың базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бірқатар функцияларды жергілікті деңгейге беру бөлігінде өкілеттіктерді орталықсыздандыру, оның ішінде ауылдық округ әкімі аппаратының жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша өз функцияларын жүзеге асыруына ықпал ететін коммуналдық ұйымдарды құру бойынша құқық беру де ықпал етеді.

      Фискалдық орталықтан алу шеңберінде салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің бір бөлігін басқаруды жергілікті деңгейге беру қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру, трансферттерді, субвенцияларды бөлу де салық салынатын базаны кеңейту үшін ішкі ресурстарды пайдалануға өңірлерді ынталандырады.

      Өңірлерде базалық өмір сүру сапасын қамтамасыз ету тәсілі Аустралия, Бразилия, Канада және Үндістан сияқты елдерде де қолданылды.

      Тұтастай алғанда, аумақтық-кеңістікте дамытудың жаңа тәсілдері қалалар мен шалғайдағы аудандардағы өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

      Төмендегі міндеттерді шешу кезінде осы тәсілдерді қолдану Болжамды схеманың мақсатына қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады.

      1-міндет. Бәсекелестік артықшылықтар мен перспективаларды ескере отырып, өңірлер мен қалаларды, ауылдық және шекара маңындағы аумақтарды дамыту

      Алдағы онжылдықта өңірлердің экономикалық күрделілігін арттыру және бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған мамандануын қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі болады.

      Ол үшін өңірлерде мамандандырылған факторларды, оның ішінде, ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту есебінен мамандандыруды бұдан әрі тереңдете отырып, базалық салалардың әлеуетін іске асыру бойынша шаралар қабылданады.

      Бұл аумақтық-кеңістікте ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін қолдануды талап етеді. Әлемдік үрдіс қазіргі заманда жекелеген қалалар мен жоғары

      ________________________

      21ҚР ҰЭМ "Экономикалық зерттеулер институты" Акционерлік қоғамының 2017 жылы жүргізген "Өңірлік саясатты жетілдіруді сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, оның ішінде жергілікті басқару мәселелері" атты зерттеу нәтижесінен урбандалған аумақтар экономикалық өсудің және адами капиталды дамытудың драйверлері екенін көрсетеді.

      Осыған байланысты "өсу нүктелерін" дамыту аумақтық-кеңістікте ұйымдастырудың басым нысанына айналады. Жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін салалар білім, адамдар мен капитал шоғырланған қалаларда дамиды. Осыған байланысты урбандалу процестерін ынталандыру шараларын іске асыру жалғасады, оның ішінде ірі және үлкен қалалардың агломерациялық даму әлеуеті іске асырылады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерацияларды дамыту жалғасады. Облыс орталықтары мен Семей қаласының жанынан ФҚА қалыптастыруды ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

      Бұл ретте ірі және үлкен қалалардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге үлкен назар аударылады. Қазіргі мәселелерді және ұзақ мерзімді даму басымдықтарын анықтау мақсатында ірі қалаларды дамыту стратегиялары әзірленеді.

      Алдағы онжылдықта моно- және шағын қалаларды дамыту тәсілдері түбегейлі қайта қаралады. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін талдау негізінде аталған қалаларға қатысты сараланған шаралар әзірленеді.

      Шекара маңы аймақтарының халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды аймақтары ретінде әлеуетін іске асыру шараларын қабылдау қажет. Шекаралас инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар іске асырылады. Шекара маңы қалаларының сыртқы қақпа және тірек АЕМ ретінде дамуына ерекше назар аударылады. Шекара маңы АЕМ-де өңірлік стандарттар жүйесінің игіліктері мен қызметтерін басым тәртіпте енгізу қажет.

      Ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты саясат тірек АЕМ-нің басым дамуына бағытталатын болады. Ауылдық аумақтарды қалалардың экономикалық жүйесіне интеграциялау шараларын әзірлеу талап етіледі. Осы мақсатта алдағы онжылдықта аталған елді мекендердің әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі.

      Сондай-ақ адами капиталды дамытуға, қоршаған орта жағдайын жақсартуға және табиғи ресурстарды қорғауға ерекше назар аудару қажет.

      2-міндет. Басқарылатын урбандалуды ескере отырып, халықты қоныстандыруға жәрдемдесу

      Басқарылатын урбандалу – бұл келетін еңбек ресурстарының тұрмыс мен бейімделу жағдайларын және олардың жергілікті экономикаға тартылуын қамтамасыз ету. Басқарылатын урбандалудың қала халқының мүддесі үшін ғана емес, елдің барлық халқының мүддесі үшін жүргізілетінін атап өткен жөн.

      Алдағы онжылдықта басқарылатын урбандалу процесі қала құрылысы саясатын және қалалық жоспарлауды, жерді пайдалануды, инфрақұрылымды дамыту жоспарларын, қалалардың экономикасын жаңғыртуды, сондай-ақ қалалардың ұлғаюын бақылау құралдарын енгізуге байланысты болады.

      Тұрғын үйдің, оның ішінде, жалға берілетін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады. Жоғары сапалы жол инфрақұрылымын және заманауи көлік қатынастарын қалыптастыру үлкен және ірі қалалар экономикасына ауылдық аумақтардың тартылуына, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдеседі.

      Халық пен кәсіпорындардың ұтқырлығы жер пайдалану құрылымына және кеңістікте өзара байланыстарға әсер етеді.

      Қоныстану құрылымына әсер ететін адамның негізгі қажеттіліктері тұрғылықты жердің, жұмыс орындарының, білім алудың, көрсетілетін қызметтердің және демалыс орындарының болуымен байланысты.

      Кез келген аумақ "тұрғылықты жер - жұмыс орны - күнделікті қызметтер" бағыты бойынша тұрақты орын ауыстыратын күнделікті қызмет кеңістігіне бөлінеді. Мысалы, күн сайын Алматыға 250 мың автомобиль, Астанаға 100 мың автомобиль кіреді.

      Халықтың қалалық және ауылдық жерлерде одан әрі қоныстануы көбінесе табиғи емес, экономикалық және экологиялық факторлармен айқындалатын болады. Халықтың "өсу нүктелерінде" және тұруға қалыпты жағдайлары бар жерлерде әрі қарай шоғырлануы жалғасады.

      Табиғи ресурстардың кен орындарын игеру кезінде жаңа елді мекендердің болуы емес, вахталық әдіс кеңінен қолданылуға тиіс.

      Тұрақты қоныстануды сақтап қалу үшін барлық АЕМ-де жыл бойы жол қозғалысына жарамды, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар желісі болуға тиіс.

      Халықтың электр энергиясына, сумен және газбен жабдықтауға, Интернетке қолжетімді бағамен қосылу мүмкіндігі болуы керек. Адамдарда негізгі қызметтерді "қадамдық қолжетімділікте" алу мүмкіндігі немесе оларды күн сайын жақын әкімшілік орталықта алу мүмкіндігі болуға тиіс.

      3-міндет. Аумақтардың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі

      Елді аумақтық-кеңістікте дамыту мақсаттарына қол жеткізуде аумақтық- байланыстырушы және базалық, оның ішінде көліктік, әлеуметтік, коммуникациялық, энергетикалық және басқа да инфрақұрылымның рөлі ерекше.

      Келешекте халықтың қоныстануы, қоныстану құрылымының кеңістік қаңқасын қалыптастыратын және "адамдар - инфрақұрылымға" қағидатын іске асыруға ынталандыратын көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің "Автомобиль жолдарының сапасын арттыру және жол бойындағы көрсетілетін қызметтерді дамыту" бастамасын іске асыру үшін қаржыландырудың едәуір көлемі жергілікті жолдарды күтіп-ұстауға, жөндеуге және реконструкциялауға бағытталады, мұның өзі адамдар мен тауарлардың ұтқырлығын арттырады. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы перспективалы сервис объектілерін орналастыру схемасы өңірлерде жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ Стратегиялық жоспар-2025-тің "Шұғыла қағидаты бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру" бастамасын іске асыру шеңберінде қала мен қала маңы арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін қала маңындағы көліктің интеграцияланған инфрақұрылымы құрылады. Болжамды урбандалу және халық санының өсуін ескере отырып, "өсу нүктелері" арасында көлік қатынастарының дамуына ерекше назар аударылады. Осылайша облыс орталықтары Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент хаб-қалаларымен "шұғыла" қағидаты бойынша қосылады.

      Тиімді аумақтық-кеңістікте дамытуға жергілікті жолдар желісін дамыту ықпал етеді. Алдағы онжылдықта өңірлер ішіндегі инфрақұрылымдық алшақтықтарды толығымен жою міндеті тұр. АЕМ ауылдық округтердің орталықтарымен және аудан орталықтарымен қатты жабынды жолдар арқылы байланыстырылады, ал облыс ішіндегі аудан орталықтары, моно- және шағын қалалар облыс орталықтарымен қосылады.

      Көліктің барлық түрлері халықтың, бизнестің және транзиттік әлеуеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында өзара тиімді іс-қимыл жасап, бірін-бірі толықтыруға тиіс.

      Өңірлік стандарттар22 жүйесіне сәйкес автожолдар тиісті қызмет көрсетіліп, қанағаттанарлық жағдайда болуы керек және жыл мезгіліне қарамастан халықтың жүріп-тұруы үшін қолжетімді болуға тиіс.

      Ірі қалаларда қоғамдық көлікті ұйымдастыруды жетілдіру артып келе жатқан автомобиль қозғалысын толықтырып, ішінара ығыстыруға тиіс.

      Сондай-ақ тірек АЕМ қажетті инфрақұрылымға инвестиция салу үшін басымдыққа ие болуға тиіс, бұл ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасын жақсартуға қосымша серпін береді.

      Алдағы онжылдықта әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарлары демографиялық болжаммен, халықтың көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігімен, жеке сектордың, МЖӘ-нің дамуымен және елді мекендерді дамыту перспективаларымен байланыстырылуға тиіс.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің "Жасыл технологияларды дамыту" бастамасы шеңберінде өңірлерде энергия сыйымдылығын төмендететін, қалалық және ауылдық жерлерде ЖЭК-ті пайдаланатын әртүрлі инфракұрылымдық жобалар іске асырылады. Энергиямен қамтамасыз ету проблемаларына тап болып отырған өңірлерде уәкілетті мемлекеттік орган "Астана" халықаралық қаржы орталығының "жасыл" облигацияларды шығаруы арқылы қаржыландыруға "жасыл жобаларды" іріктеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Ауылдық жерлердің цифрлық теңсіздігін төмендету мақсатында Стратегиялық жоспар-2025-тің "Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту" бастамасы шеңберінде 2030 жылға қарай шамамен 1 300 АЕМ үшін Интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділік қосымша қамтамасыз етіледі. Бюджет қаражатын тиімді жұмсау мақсатында тірек АЕМ-ді іріктеу кезінде олардың экономикалық әлеуеті мен халқының саны және көші-қоны жөніндегі болжамын ескеру қажет.

      _________________________

      22Өңірлік стандарт - жалпы өмір сүру сапасын арттыру тұрғысынан әлеуметтік, инфрақұрылымдық және экологиялық сипаттағы игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі және олардың қалалық және ауылдық жерлердегі қолжетімділігін арттыру үшін оларға қойылатын талаптар

      Бұл сондай-ақ республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдардың барлық деректер базаларын интеграциялауға, геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жер, су және басқа да ресурстарды "цифрландыру" мүмкіндік береді. Табиғи ресурстардың сапалық өзгерістерін мониторингілеу тұрақты негізде жүзеге асырылуға тиіс. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша түрлі электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистердің қолжетімділігі артады, бұл халықтың, бизнестің артық қозғалысы мен шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

      Бұл міндетке қол жеткізу барлық елді мекендерде халықты өңірлік стандарттармен қамтамасыз ету бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылының үйлесімін талап ететін инфрақұрылымды дамытудың жүйелі тәсілін ұстануды білдіреді.

      4-міндет. Тұрғылықты жеріне және өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне және қарамастан, халықты өмір сүру сапасының базалық стандарттарымен қамтамасыз ету

      Осы міндет шеңберінде тірек ауылдардан республикалық маңызы бар қалаларға дейінгі түрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарын іске асыру көзделеді.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің әрбір деңгейі үшін оз стандарттары әзірленуге тиіс. Торт агломерация үшін өңірлік стандарттар халықаралық деңгейге сәйкес келеді. Олар үшін әлеуметтік стандарттардың ең жоғары пакеті, инженерлік және көлік инфрақұрылымының ең озық жетістіктері (геоақпараттық технологиялар, кеңістіктік ақпарат инфрақұрылымы, "Smart City" және тағы басқалар) көзделген. Бұл агломерацияларға халықаралық аренада инвестициялар, ресурстар, талантты адамдар және тағы басқа үшін бәсекелесуге, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі қалалар деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік береді. ФҚА орталықтарында республикадағы ең жоғары, көршілес елдердің ірі қалалары деңгейінен төмен емес стандарттар қамтамасыз етіледі.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің "Smart City" түжырымдамасын іске асыру" бастамасы шеңберінде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда ресурстарды ұтымды пайдалану және басқару үшін жоғары технологиялық шешімдерді қолдануды көздейтін Астана және Ақкөл қалаларының тәжірибесі негізінде "Smart City" тұжырымдамасы іске асырылады.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің "Ауызсудың қолжетімділігін қамтамасыз ету" бастамасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың жаңа объектілерін салуды және жұмыс істеп тұрған объектілерін реконструкциялауды бюджеттен қаржыландыру ұлғайтылады. Ірі және үлкен қалалар үшін инженерлік инфрақұрылымды салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленуге тиіс.

      Халықты тұрмыс сапасының базалық стандарттарымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жүйелі шаралар іске асырылады:

      1) орталық мемлекеттік органдар заманауи талаптарды, өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдар желісі жөніндегі салалық нормативтерді, көрсетілетін қызметтер сапасына қойылатын талаптарды қайта қарайды;

      2) жергілікті атқарушы органдар өзектілендірілген салалық нормативтер негізінде халықты өмір сүру сапасының базалық стандарттарымен қамтамасыз етуге тиіс;

      3) Өңірлер арасында, өңірлер ішінде, қалалық және ауылдық жерлер арасында халықты өмір сүру сапасының базалық стандартының қызметтерімен және игіліктерімен қамтамасыз етудегі алшақтықтың азайғанына сүйене отырып, трансферттерді есептеудің әдіснамалық тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл ретте, трансферттерді есептеу өңірлер үшін тек өтеуші ғана емес, сондай-ақ ынталандырушы сипатқа да ие болуға тиіс. Бұл жергілікті билік органдары үшін экономикалық дамуды неғұрлым тиімді қолдауға күшті ынталандыруды қалыптастыруға көмектеседі.

      5-міндет. Адами капиталды дамыту

      Тұтастай алғанда, Болжамды схеманың ережелерін және аумақтық-кеңістікте дамыту жөніндегі тиісті іс-шараларды іске асыру елде адами капиталды дамыту үшін жағдай жасауға тиіс.

      Перспективада тұрақты аумақтық-кеңістікте даму жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларға ие адами капиталдың дамуын талап етеді.

      Адами капиталды дамыту үшін елдің барлық аумағында сапалы білім қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Алдағы онжылдықта мемлекеттің күш-жігері білім алуға қолжетімділіктегі алшақтықғы қысқарту, нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, халықтың ұтқырлығын арттыру, халық табысын көтеруге бағытталатын болады.

      Орта білім берудің оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді, бағдарлама жасауды, робот техникасын және бастапқы технологиялық дайындықты дамытуға бағытталған SТЕМ23элементтері енгізіледі.

      Алдағы жылдары білім беру жүйесінде шағын жинақты бастауыш мектептерді қозғамастан, бірінші кезекте ауылдық жерлердегі жалпы және негізгі орта білім беретін шағын жинақты мектептерді қысқарту проблемаларын шешу қажет. Келешекте жұмыс авариялық және үш ауысымды мектептерді түпкілікті жоюға бағытталуы тиіс.

      Сонымен бірге еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес ТжКБ жүйесін дамыту, ауылдарда мектеп-колледж кешендерін құру, қалалық ТжКБ ұйымдарын бейіндеу, алғашқы жұмыс мамандығын тегін, оның ішінде курстық дайындық арқылы алуға мүмкіндік беру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

      ________________________

      23Science, technology, engineering, mathematics (STEM) - ғылым мен технологияларды дамыту сапасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында білім беру саласындағы әдіснаманы айқындау және мектептерде оқу жоспарын таңдау кезінде қолданылады

      Өңірлерде білім беру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады. 20 жоо мен 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырта отырып, әрбір өңірде бір бәсекеге қабілетті жоо мен ТжКБ мекемелері желісінің пайда болуын қамтамасыз ету қажет, бұл кадрларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

      Адами капиталды дамытудың басым бағыттары:

      1) білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету, сапалы және қажетті дағдыларға ие кадрларды даярлау. Кадрларды даярлау экономика салаларындағы, оның ішінде ЖЭК-ті дамыту саласындағы перспективалы қажеттіліктермен байланыстырылады;

      2) нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болады.

      Халықтың еңбек ұтқырлығын дамыту жұмыс күшінің экономиканың төмен өнімді секторларынан жоғары өнімді салаларға ауысуына жәрдемдеседі. Стратегиялық жоспар-2025-тің "Кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыру нәтижесінде босатылған қызметкерлерді қолдау" бастамасы шеңберінде өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруды (оның ішінде ірі бизнестің ұзақ мерзімді тапсырыстар беруі және өңірдің ШОБ кәсіпорындарында қажетті өнімді игеруге өзге де көмек көрсетуі арқылы), қайта оқытуды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларын көздейтін бірлескен жол карталарын іске асыру көзделеді.

      Стратегиялық жоспар-2025-тің "Ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу" бастамасы шеңберінде ерікті қоныс аудару кезінде халықтың ұтқырлығын ынталандыру жалғастырылады. Мемлекеттік қолдау қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша жылдық шығыстарды өтеуге субсидиялар беруден, сондай-ақ қоныс аударғаннан кейін жаңа тұрғылықты жерде жұмыспен қамту бойынша шаралардан тұрады.

      Нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Стратегиялық жоспар-2025-тің "Аграрлық сектордағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кооперативтер ұйымдастыруға ынталандыру" бастамасы шеңберінде жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірістерін қатысуымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ауыл шаруашылығы кооперациясына барынша тарту мақсатында жағдай жасау және мемлекеттік қолдау көрсету бойынша шаралар қабылданады.

      2.2. Басқарылатын урбандалуды ескере отырып, Қазақстан өңірлерін аумақтық-кеңістікте дамытудың перспективалары

      Өңірлердің (макроөңірлердің) бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануын дамыту

      Өңірлердің географиялық, табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескеретін қалыптасқан экономикалық мамандандырылу әлемдік нарықта бәсекелес артықшылықтарды одан әрі дамытудың және мамандандырылуды күшейтудің негізі болуға тиіс.

      Өңірлердің бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандырылуы қосылған құны жоғары өнім өндірісіне одан әрі мамандандырылатын базалық салаларды дамытуға негізделуге тиіс.

      Бұл ретте бәсекелес артықшылықтар жаңа технологияларды, инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау есебінен дами алады, бұл елдерге, өндірушілерге табиғи ресурстардың, факторлардың жетіспеуі жағдайында да жаңа нарықтық орындарға ие болуға мүмкіндік береді. Мысалы, Израильде табиғи ресурстар, әсіресе су мен егістік жерлер тапшы болса да, әлемде ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша жетекші орындарға ие.

      Макроөңірлердің қазіргі топтастырылуы олардың ел шеңберінде қалыптасқан экономикалық мамандандырылуын ескереді. Бұл ретте Болжамды схема шеңберінде өңірлердің топтастырылуы ықпал ету аймақтарын, экспорттық географиялық құрылымын, ел шегінен тыс қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өткізу нарықтарын ескере отырып жүргізілген. Өңірлердің перспективалық бәсекеге қабілетті мамандандырылуы, қоныстандыру жүйесі және нарықтық байланыстар сипаттамасы 2-кестеде келтірілген.

      Барлық макроөңірлер үшін экономикалық мамандануды тереңдету мақсатында өндіріс пен ғылыми-зерттеу және қолданбалы білім берудің оқу орындары арасындағы байланысты күшейту қажет.

      Қазақстанның экономикалық мамандандырылуын тереңдету әлемдік нарықтағы өзгерістерге бейімделу үшін әлеуетті өткізу нарықтарына тұрақты бағалау жүргізумен сүйемелденуге тиіс.

      2-кесте - Қазақстан Республикасы өңірлерінің перспективалы бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануы

Макроөңірлер (ықпал ету аймақтары, әлеуетті өткізу нарықтары)

Өңірлер

Аймақтарға бөлу өлшемшарттары:

Өңірлердің перспективалы бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануы

Қоныстандыру жүйесі

Нарықтық байланыстардың сипаты

1. Жоғары технологиялық өңірлер (көрсетілетін қызметтер экспортының географиясын ескере отырып)

Астана, Алматы, Шымкент қалалары

Көрсетілетін қызметтер саласын, ғылымды, сандық технологияларды, инновацияларды экспортқа бағдарлай отырып дамыту

Агломерациялық

ҒЗТКЖ-ға және инновацияларға ұзақ мерзімді инвестициялар салу үшін жағдай жасау

2. Өндіруші өңірлер (экспорт географиясын ескере отырып, сондай-ақ РФ, Өзбекстанның шекара маңы аумақтары)

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңгыстау және Қызылорда облыстары

Базалық және өңдеу салаларында индустриялық жобаларды іске асыру, ілеспе көрсетілетін қызметтерді дамыту. Өңдеу өнеркәсібін экспортқа бағдарлау

"Өсу нүктелері" - қалаларда одан әрі шоғырландыра отырып, дисперстік

Кейіннен шетел нарықтарына шыға отырып, әлемнің жетекші инжиниринг компанияларын тарту үшін жағдай жасау

3. Индустриялық өңірлер (экспорт географиясын ескере отырып, сондай-ақ РФ шекара маңы аумақтары)

Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары

Дәстүрлі экономика салаларының базасында және жанында жаңа индустриялардың пайда болуы, қызметтер саласын дамыту

"Өсу нүктелері" - қалаларда одан әрі шоғырландыра отырып, дисперстік

Жоғары технологиялық өнімдер өндірісін дамыту және жаһандық қосылған құн тізбектеріне қосылу үшін жағдай жасау

4. Аграрлық- индустриялық өңірлер (экспорт географиясын ескере отырып, сондай-ақ РФ, Қытай, Өзбекстанның, Қырғызстанның шекара маңы аумақтары)

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары

Органикалық ауыл шаруашылығы, акваөсіруді дамыту. Экологияға және экспортқа бағдарлануға негізделе отырьш, қосылған құны жоғары ұлттық бәсекеге қабілетті өндірістерді құру

Тірек АЕМ-ге одан әрі шоғырландыра отырып, дисперстік

Ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті дамыту үшін жағдай жасау

      Өңірлерде өндірістердің перспективалы орналасуы олардың экономикалық мамандандуына, ел экономикасында өңдеу онеркәсібі үлесінің артуына тығыз байланысты болады.

      2010-2017 жылдар аралығында экономикалық мамандандырылу коэффициентін есептеу бойынша24 қандай салалардың өз дамуына жеткені (коэфф. >1) және қандай салалар ұзақ мерзімді перспективада өз үлесін арттыра алатыны анықталды (коэфф. <1).

      Өңдеу өңірлері: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.

      Атырау облысы

      Перспективада ресурстарды өндіруге байланысты емес, маманданудың оң өсу қарқыны байқалатын салаларды дамыту қажет: құрылыс (1,45), тұру және тамақтану қызметтері (1,10), әкімшілік және қосалқы қызмет саласындағы қызмет (2,42), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,86). Онымен қоса, өңдеу өнеркәсібін дамыту шараларын қабылдау қажет.

      ___________________________

      24ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша есептелген. Соңғы жыл - 2017

      Ақтөбе облысы

      Өңірде өңдеу өнеркәсібін дамытуға назар аудару қажет, оның мамандандырылу коэффициенті 0,7-ден 1,03-ке дейін артты. Сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,01-1,13) мен көлік пен қоймаға сақтау саласында (0,99-1,17) оң қарқын байқалады. Перспективада өңір экономикасына көлік пен қоймаға сақтау саласы айтарлықтай ықпал ететін болады.

      Батыс Қазақстан облысы

      Сондай-ақ, өңірде ауыл, орман және балық шаруашылығын дамытуды қолдау шараларын қабылдау қажет (0,75). Облыс сумен жабдықтау саласын, канализация жүйесін дамытуға, қалдықтардың жиналуы мен бөлінуіне бақылауға назар аударуы тиіс, олар талданатын кезеңдерде 0,57-ден 0,99-ға дейін өсу үрдісіне ие болып келеді.

      Маңғыстау облысы

      Перспективада экономиканың монобағдарлануынан кету мақсатында өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру шараларын іске асыру қажет. Мысалы, құрылысты дамыту (0,93), мамандандырылу көлемі аз болып келетін өңдеу өнеркәсібін дамыту (0,25) бойынша жобалардағы бастамаларды қолдау.

      Қызылорда облысы

      Перспективада өңдеу өнеркәсібін (0,42), сондай-ақ мамандандырылудың оң коэффициенті байқалатын көлік пен қоймаға сақтау саласын (1,77) дамыту қажет. Ауыл, орман және балық шаруашылығын дамыту жобаларын қолдау қажет (0,87).

      Индустриялық өңірлер: Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.

      Шығыс Қазақстан облысы

      Облыс экономикасы теңгерімделген сипатқа ие: өнеркәсіп (1,19), өңдеу өнеркәсібі (1,83), ауыл, орман және балық шаруашылығы (2,00), көлік және қоймаға сақтау (1,27). Перспективада мамандандырылуын тереңдету мақсатында қайта өңдеу саласын, сондай-ақ "қарапайым заттар экономикасын" дамыту қажет.

      Қарағанды облысы

      Индустриялық өңірдің рөліне қарамастан облыста ауыл, орман және балық шаруашылығы дамып жатыр, елдің ЖІӨ құрылымында өңір саласының үлесі 2010-2017 жылдар аралығында 1,6%-тік көрсеткішке өсті.

      Перспективада өңірге "қарапайым заттар экономикасында" өндірісті дамыту, сондай-ақ шығарылатын тауарлар желісін өңдеуді тереңдету және күрделендіру мақсатында өнеркәсіптегі өндірушілерді қолдау қажет.

      Павлодар облысы

      Облыс экономикасы өңдеу өнеркәсібі тауарларының шығарылымына мамандандырылған (2,53). Сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы да белсенді дамып жатыр (1,09). Көлік және қоймаға сақтау саласының (1,66), сондай-ақ құрылыс саласының (1,14) да рөлі маңызды. Мамандандырылуды тереңдету перспективалары өңдеу өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында бастамаларды іске асыру есебінен шығарылатын тауарлар желісінің күрделендірілуімен байланысты.

      Индустриялық-аграрлық өңірлер: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

      Ақмола облысы

      Өңір дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне мамандандырылған (3,26). Бұл ретте соңғы жылдары қайта өңдеу өнеркәсібінің (1,69), құрылыстың (1,24), көлік пен қоймаға сақтаудың (1,01) рөлі айтарлықтай артты. Әрі қарайғы мамандандырылудың перспективалары шығарылатын тауарлар номенклатурасының күрделенуіне, ауыл шаруашылығы өнімінің қайта өңделуіне байланысты.

      Алматы облысы

      Өңірде оның экономикалық дамуына ықпал ететін еңбек ресурстарының айтарлықтай жоғары саны байқалады. Өңдеу өнеркәсібінің дамуы өңірлік және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті шығарылатын тауарлар номенклатурасын бұдан әрі күрделендіруді талап етеді.

      Жамбыл облысы

      Жамбыл облысы экономикасының басымдығы мамандандырылудың жоғары коэффициенті байқалатын ауыл шаруашылығы өнімін шығару болып табылады (2,3). Бұл ретте қайта өңдеу саласының өсуі байқалады (1,0). Ауыл шаруашылығында мамандандырылуына қарамастан көлік пен қоймаға сақтау (2,1), құрылыс (1,3) салалары экономиканың өсуіне ықпал етеді. Облыста "қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде жобаларды қолдау, шығарылатын тауарлар желісін көбейту қажет.

      Қостанай облысы

      Облыс экономикасындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы маманданудың жоғары коэффициентіне ие (2,8). Бұл ретте өңдеу өнеркәсібін

      (1.2) көлік пен қоймаға сақтауға (1,4) үлкен назар аударыла отырып өнеркәсіптің рөлі маңызды болып келеді.

      Перспективада өңір экономикасы индустриялық-аграрлық сипатқа ие болады. Бұл ретте "қарапайым заттар экономикасын" дамыту, бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісі бойынша жобаларды қолдау қажет.

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Өңірде ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында мамандандырылу байқалады (5,29). Өңдеу өнеркәсібінің (0,93), көлік пен қоймаға сақтаудың (0,96) рөлі бірте-бірте артып жатыр.

      Өңір өңдеу өнеркәсібінің дамуын, шекарада орналасу артықшылықтарын пайдалануды ескере отырып, өз бәсекелес артықшылықтарын дамыту қажет.

      Түркістан облысы

      Өңір экономикасының құрылымында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (2,1), өңдеу өнеркәсібінде (1,7), көлік пен қоймаға сақтауда (1,3) мамандандырылу айқын байқалады.

      Облыстың басымдығы еңбек ресурстарының көптігі, сондай-ақ шекарада орналасуы болып табылады. Ішкі және сыртқы нарықтардың дамуы облыста шығарылатын тауарларға сұраныстың өсуіне алып келеді.

      Жоғары технологиялық өңірлер: Астана, Алматы және Шымкент қалалары.

      Астана қаласы

      Қазақстанның елордасында мынадай салаларда мамандандырылу байқалады: құрылыс (1,76), тұру және тамақтану қызметтері (1,79), ақпарат және байланыс (2,55), қаржы және сақтандыру қызметі (1,44), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (2,6). Қалада қызметтер саласы, инновациялар және постиндустриялық экономика элементтері белсенді дамиды деп күтіледі.

      Алматы қаласы

      Қалада мынадай салаларда мамандандырылу айқын байқалады: бөлшек және көтерме сауда, автокөліктер мен мотоциклдарды жөндеу (2,12), тұру мен тамақтану қызметтері (1,31), ақпарат және байланыс (2,41), қаржы және сақтандыру қызметі (2,47), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,49).

      Перспективада қала экономикасы инновациялық өнім есебінен өсуі тиіс, оған мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық компаниялардың жоғары шоғырлануы жәрдемдесуі тиіс. Сондай-ақ дистрибуция әлеуетін арттыру перспективалары бар.

      Шымкент қаласы

      Халық санының өсуі "Индустрия 4.0" элементтерімен кәсіпкерліктің және өңдеу өнеркәсібінің дамуына жәрдемдеседі.

      Қала көлік пен қоймаға сақтау, транзиттік әлеуетті іске асыру, көлік-логистикалық хабты ұйымдастыру салаларын дамыту перспективаларына ие.

      Өңірлердің стратегиялық даму бағыттары

      Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, барлық дамыған елдерде экономикалық реформалар мамандануды тереңдетуге ауыса отырып, базалық салаларды дамытумен байланысты болды.

      Айталық, Оңтүстік Корея 60 жылда артта қалған ауыл шаруашылықты елден экономикасы жоғары технологиялық елге айналды. Германия, Франция және Ұлыбритания базалық салаларды күрделендіру және олардың жоғары технологиялық кіші салаларын құру есебінен Еуропаның мықты өнеркәсіптік орталықтары болып қалады.

      Ел өңірлерінің тарихи қалыптасқан мамандануы бай минералдық-шикізат базасы және табиғи ресурстары, елдің географиялық орналасуы, жиналған үлкен тәжірибе мен елдің базалық салаларындағы кадрлық әлеуеті экономиканың өңірлік салалық құрылымдарын күрделендіру және өңірлердің жаңа бэсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру үшін негіз жасайды.

      Осыған байланысты ел өңірлерінің перспективалы мамандануы экономиканы құрылымдық әртараптандыруға және өнімділікті өсіруге бағытталады.

      Өңірлердің ұзақ мерзімді перспективаға экономикалық мамандану перспективалары өңір экономикаларының, сондай-ақ салалардың дамуы мен әртараптандырылу деңгейіне негізделе отырып анықталуы тиіс.

      Экономикасы постиндустриялық өңірлер үшін (Астана және Алматы қалалары) жаңа жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететін өндірістерді құру есебінен өндірістің құрылымдық-технологиялық жаңғыруы, қалалар экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында әрекет ететін жаңа, таза технологиялар базасында жаңарту мен қалпына келтіру даму басымдықтарына айналуы тиіс. Маманданудың басым бағыты ақпараттық жүйелерді дамыту, дәрілік заттар мен дәрі-дәрмектерді шығару бойынша жаңа өндірістерді, құрылыс материалдары мен құрылыстың прогрессивті түрлерін, экологиялық тағам өнімдерін, электрониканы, тұрмыстық техниканы шығару бойынша өндірістерді құру болуы тиіс. Инновациялардың енгізілуін ынталандыру, ғылыми-зерттеу құрылымдарын дамыту, зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау, технопарктер мен технополистерді қалыптастыру қажет.

      Елдің өндіруші өңірлері үшін перспективада экономикалық күрделілікті арттыру негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Осыған байланысты, мұнайды терең өңдеумен, өңдеу өнеркәсібі салаларын, көрсетілетін қызметтер, көлік және логистика салаларын дамытумен байланысты экономиканы әртараптандыру перспективалы басым міндеттер болып табылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру жергілікті экономиканың кұрылымын әртараптандыруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталады, бұл дәстүрлі салаларға және әлемдік шикізат бағасының конъюнктурасына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Өңдеу секторын дамыту саясаты жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты еңбек нарығында сұранысқа ие болу факторы ретінде жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, тұрақты қайта оқыту мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау қажет.

      Табиғи ресурстарды кешенді пайдаланып қана қоймай, бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді де қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, жаңа ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларға көшуді қамтамасыз ету қажет.

      Елдің индустриялық өңірлері үшін орнықты дамудың ұзақ мерзімді басымдықтары ретінде өндірісті құрылымдық-технологиялық жаңғырту болады, ол ең алдымен, өңірлер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жаңа жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететін өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарын түбегейлі жаңарту және жаңғырту есебінен қамтамасыз етіледі. Ғылым мен инновациялардың дамуын ынталандыру олардың экономикаларының күрделенуіне және бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған маманданудың қалыптасуына алып келеді.

      Мысалы, Германия тәжірибесі бойынша ірі компаниялар үшін инновациялық өнім беруші және олардың инновациялық немесе технологиялық әлеуетінің қозғаушы күші болып келетін шағын және орта кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті өңірлік инновациялық жүйелердің негізін құрайтыны анықталды. Көптеген өнеркәсіп салаларында (мысалы, автомобиль) инновациялардың негізгі импульстары әзірлемелер жөніндегі мамандар немесе технологиялардың өнім берушілері ретінде шағын және орта кәсіпорындардан туындайды.

      Аграрлық-өнеркәсіптік өңірлердің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, көлік пен логистиканы, қосылған құны жоғары көрсетілетін қызметтер саласын жедел дамыту негізінде олардың экономикаларын әртараптандырудың маңызы бар.

      Тұтастай алғанда перспективада барлық өңірлердің энергия үнемдеуші және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуге ЖЭК-ті дамытуға, қалдықтарды үнемдеуші өңдеу үлесін арттыруға және энергия сыйымдылықты төмендетуге баса назар аударғаны маңызды. Мұның барлығы талап етілген дағдыларға ие жаңа жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде басқа салалардан босатылатын кадрлар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

      Іс жүзінде барлық өңірлерде туризмді дамыту үшін әлеует пен жағдай бар. Осыған байланысты өңірлер аумақтардың туристік және рекреациялық тартымдылығын арттыру, мәдени-тарихи және сәулет мұрасын дамыту, жаңа туристік құрылымдар мен сауықтыру кешендерін құру бойынша шаралар қабылдайтын болады.

      Перспективалы салаларда инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құру, іскерлік белсенділікті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту басымдықтар болып табылады.

      Нарықтық жағдайларда жаңа экономикалық даму факторларына және өндірістік күштердің орналасуына бейімделген агломерациялар мен қалалардың экономикалық маңыздылығының айтарлықтай күшеюі орын алып отыр.

      Өндірістік күштердің кеңістікте орналасуына урбандалу және агломерациялар мен қалаларда халық пен компаниялардың шоғырлану факторлары ықпал ететін болады, олардың барлығы ең жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.

      "Өсу нүктелерінде" өндірістік күштердің, өндірістік, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымның орналасуы шикізат көздерінің болуы, әлеуетті тапсыру нарықтарының алыс орналасуы, еңбек ресурстарының болуы, энергия, су және көлік инфрақұрылымына қол жеткізуі сияқты "дәстүрлі" экономикалық факторларды ескере отырып жүргізіледі, бұл аумақтардың экономикалық байланысын арттыруға жәрдемдеседі.

      Жаңа көп қаражатты және ғылымды қажет ететін өндірістерді орналастыру инновациялармен, білімнің таралуымен, кәсіпорындардың өндірістік және цифрлық инфрақұрылымға қол жеткізумен, сапалы мамандандырылған капиталмен, инновациялар және құзыреттер орталықтарымен байланысты факторларға бағдарланатын болады.

      Онымен қоса, тұрмыс сапасы, экологиялар, инвестициялық климат сияқты өндірістік күштерді орналастырудың өңірлік факторларының ықпалы күшейеді, олар перспективада компаниялар мен өндірістерді орналастыру орны туралы шешім қабылдауға шешуші рөлге ие болады.

      Перспективада дәстүрлі және жаңа өндірістік күштерді орналастырудағы айырмашылықтар күшейе түсетін болады. Мысалы, өнімді әзірлеу мен қаржыландыру ірі қалалардың штаб-пәтерлерінде, ал өндірісі шағын қалаларда өтеді. Бұл ретте өндірістік процестердің бір бөлігі өндіру аутсорсинг нәтижесінде өндірістік шығындары төмен, тапсыру нарықтарына жақын орналасқан аумақтарда орналастырылады.

      Сондай-ақ өндірістік күштердің, өндірістік және өзге инфрақұрылымның тиімді орналастырылуына арнайы экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды, парктерді дамыту жәрдемдесетін болады.

      Әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымды орналастыру көліктік қолжетімділікті, 2030 жылға дейінгі демографиялық болжамды ескере отырып, қалалық жерлерде де, ауылдық жерлерде де "өсу нүктелеріндегі" халықтың тығыздығымен анықталады. Бұл ретте МЖӘ қолданылуы және жеке инвестициялардың тартылуы кеңейеді.

      Осы құжат жоғары тұрған құжаттардың және халықаралық тәжірибенің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті органдар үшін бағдар болуға тиіс өңірлердің салаларын дамытудың болжамды нұсқаларын ұсынады. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар ел мен өңірдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалын, сондай-ақ сыртқы конъюнктураны негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті экономикалық маманданудың басымдықтарын айқындауда дербестікке ие болады.

      Аумақтық-кеңістікте дамыту

      Қазақстанның үлкен көлік-логистикалық әлеуеті бар. Трансконтинентальдық бағыттар Азия мен Еуропа арасында жүк тасымалдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

      Теміржол көлігі ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жүк тасымалын қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады.

      Елде 5 халықаралық теміржол көлік дәлізі қалыптастырылып, жұмыс істейді ("Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі", "Трансазиялық теміржол магистралінің оңтүстік дәлізі", "Трансазиялық теміржол магистралінің орталық дәлізі", "ТРАСЕКА", "Солтүстік - Оңтүстік").

      Теміржол саласын дамыту жөніндегі шаралар перспективада Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдаудың ең қысқа жаңа бағыттарын қамтамасыз ету үшін теміржол учаскелерін салуға, сондай-ақ көлік дәліздерінің және жалпыеуразиялық қатынас жолдары жүйесінде көлік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.

      Перспективада теміржол көлігі ел ішінде де, экспорттық бағыттарда да жүк тасымалдарын қамтамасыз етуде жетекші рөлін сақтап қалады. Өңірлерді бір-бірімен байланыстыратын және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық транзиттік дәліздердің бір бөлігі болып табылатын қазіргі теміржолдарды дамыту және жаңа теміржолдар салу басымдыққа ие болады. Келешекте 2030 жылға дейін "Жетіген - Қазыбек Бек" қатынасында Алматы торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу" жобасын іске асыру жоспарлануда.

      Ел облыстары экономикаларының дамуына және транзиттік әлеуетті іске асыруға автомобиль жолдары елеулі ықпал ететін болады. Транзит легін ұлғайтуда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі маңызды рөл атқарады.

      ҚХР, Орталық Азия мен Орта Шығысты қосатын "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының көлік-логистикалық хабының жұмыс істеуі транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға септігін тигізеді. ҚХР-дан тауар айналымының өсуі "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының "құрғақ порт" ретіндегі маңыздылығын арттырады.

      Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 автокөлік дәлізі жұмыс істейді ("Ташкент - Шымкент - Тараз - Бішкек - Алматы - Қорғас", "Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара", "Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл", "Астрахань - Атырау - Ақтау - Түрікменстан шекарасы", "Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай", "Астана - Қостанай - Челябинск - Екатеринбург").

      Заманауи стандарттарға сәйкес жолдардың техникалық параметрлерін арттыру және қолдау, өңірлер ішіндегі, өңірлер мен "өсу нүктелері" арасындағы көлік байланысын қамтамасыз ету перспективаға арналған негізгі міндет болады. 2030 жылға дейін автожолдарды дамыту жөніндегі мынадай жобалар перспективалы болады:

      "Орталық - Оңтүстік" дәлізі шеңберінде "Астана - Қарағанды - Балқаш - Алматы" бағыты бойынша "Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал" учаскесінде, "Астана - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Шалқар - Қандыағаш" бағыты бойынша "Астана - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Шалқар - Қандыағаш" учаскесінде "Орталық-Батыс" және "Астана - Павлодар - Семей - Қалбатау - Өскемен" багыты бойынша "Павлодар - Қалбатау" учаскесінде "Орталық-Шығыс";

      республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және жобалау-іздестіру жұмыстары: "Таскескен - Бақты (ҚХР шекарасы)", "Астана қаласының оңтүстік - батыс айналма жолы", "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарым - Қатонқарағай - Рахман қайнарлары", "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан Республикасының шекарасы (Нүкіске)", "Щучинск - Зеренді", "Үшарал - Достық", Сарқанд қаласының айналма жолын қоса "Алматы - Өскемен", "РФ шекарасы (Орскіге) - Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханьға)", "Ақтөбе - Қандыағаш", "Атырау - РФ шекарасы (Астраханьға)", "Қарабұтақ - Комсомол - Денисовка - Рудный - Қостанай", "Мерке - Бурылбайтал", "Қызылорда - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы", "Астана - Қостанай - Челябинск", "Жезқазған - Петропавл", "РФ шекарасы (Астраханьға) - Атырау - Түрікменстан шекарасы" учаскесіндегі "Жаңаозен - Түрікменстан шекарасы", "Атбасар - Көкшетау", "Орал - Атырау", "Көкшетау - РФ шекарасы (Омбыға)", "Ақтөбе - РФ шекарасы (Орскіге)", "Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз", "Чапаев - Жалпақтал - Казталовка - РФ шекарасы", "Өскемен - Семей", "Павлодар - РФ шекарасы (Омбыға)" және "Ұзынағаш - Қарасай батыр".

      Автомобиль жолдарын реконструкциялаумен қатар жолаушылар көлігінің инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде автовокзалдарды, жолаушыларга қызмет көрсету пункттерін және такси тұрақтарын салу және реконструкциялау қажет.

      Эрозия процестерінің жер алқаптарының жағдайына теріс әсерін азайту үшін кешенді эрозияға қарсы іс-шараларды (ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық, су техникалық) қолдану, жер шаруашылығының бейімді ландшафты жүйесіне ауысу қажет. Жер шаруашылығы және жер құрылысы жүйелерін жетілдіру үшін өңірлердің ерекшеліктерін және ландшафтық-экологиялық тәсілді ескере отырып, су және жел эрозиясының процестерін нақты эрозиялануы мен диагностикасының дәрежесін анықтай отырып, егжей-тегжейлі эрозиялық түсірілімді қамтитын жаппай топырақты ірі ауқымды кешенді картографияның жаңа дәуірі қажет.

      Халықты және өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы өнімімен және жалпы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын суару мен өсіру кезінде ылғалды үнемдеу технологияларын енгізе отырып, суарылатын жер шаруашылығын қалпына келтіру мен жаңғырту қажет.

      Өңірлерде шөлейттенуге жол бермеу, жерасты суларының таусылуына және ауыл шаруашылығы алқаптарын эрозиядан және дефляциядан қорғау бойынша табиғатты қорғау шараларын ескеру қажет. Елде топырақ қабатының жағдайын жақсарту шараларын қабылдау үшін топырақтың жағдайы туралы нақты және тұрақты жаңартылатын деректерді талдау қажет. Тиісті ластаушы заттардың барлық түрлері бойынша топырақты мониторингілеуді жүргізу қажет.

      Жаңа технологияларды игеру Қазақстанға орта мерзімді перспективада ауыл шаруашылығы айналымына құрғақ және жартылай шөлейтті өңірлердегі бұрын игерілмеген жерлерді қосуға, сондай-ақ сала өнімділігінің жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

      Су ресурстарын мониторингілеу жүйесін кеңінен дамыту үшін республиканың су объектілерінде қосымша су бекеттерін енгізуді қарастыру қажет.

      Республика үшін аса маңызды кәсіпорын - Қ.Сәтбаев атындағы арнаның жұмыс қабілетін сақтау мақсатында оны толық реконструкциялау керек.

      Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандыру үшін Қаратал өзені ағысының бір бөлігін аудару және реттеу құрылысымен Ұзынарал айрығын салу қажет, ол көлдің шығыс бөлігінен желмен тұздың келуін азайтуға мүмкіндік береді.

      Шығындардың азаюының маңызды тетігі су инфрақұрылымының ірі объектілерін реконструкциялау бойынша іс-шаралар - магистралды арналар, су резервуарлары, бөгеттер болуға тиіс. Ол үшін барлық су шаруашылық және гидромелиоративтік инфрақұрылымдық объектілерге көпфакторлы зерттеу жургізілетін болады.

      Электр энергетикасын дамыту жөніндегі саясат электр энергиясын өндіру мен тасымалдаудың теңгерімді және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады. Сенімділікті арттыру және оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында солтүстік энергия көздерінің электр энергиясын оңтүстік өңірлерге кедергісіз тарату үшін жаңа электр беру желілерін салу, сонымен қатар Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстанның БЭЖ біріктіру мүмкіндіктері қаралатын болады.

      Өңірлерде жаңа өнеркәсіптік өндірістерді перспективалы орналастыру энергетика, су және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті ескере отырып жүзеге асырылуы қажет.

      Нарықтың шағын сыйымдылығы, экономиканың күрделі емес құрылымы мен экспорттық себет және шикізат бағыттарын бекіту Қазақстан экономикасының әлсіз бәсекеге қабілеттілігінің негізгі себебі болып табылады. Сондықтан аумақтарды аумақтық-кеңістікте дамытудың басымдығы ретінде қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалану есебінен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болуға тиіс.

      Аумақтарды дамыту перспективалары бәсекеге қабілетті өндірушілерді қолдаумен, "қарапайым заттар экономикасын" дамытумен, индустриялық-инновациялық және кеңістікте дамумен байланысуы керек. Инновациялық әлеует, білікті жұмыс күші, қолайлы институционалдық жағдайлар сияқты және тағы басқа мамандандырылған факторларды одан әрі дамытып, құру үшін жекелеген кеңістікте "өсу нүктелерінде" ресурстар мен күш-жігерді шоғырландыру қажет. Ауыл халқы көп және бытыраңқы орналастырылған көптеген елді мекендер желісі бар халықты қоныстандырудың ағымдағы жүйесі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру талаптарына жауап бермейді. Қазіргі жағдайда Қазақстанға "өсу нүктелері" айқын ықшам аумақтық-кеңістікте құрылым қажет.

      Сондықтан елдің перспективалы аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуы елдің әрбір өңірінде экономикалық өсудің мықты урбандалған орталықтарын қалыптастыруға бағытталуға тиіс. Олар өңірдің жаһандық экономикаға интеграциялануы үшін "жетекші" қызметін атқарады. Ұлттық деңгейде халықаралық технологиялық тізбекті біріктіре отырып, "өсу нүктелерін" қалыптастыруды жалғастыру қажет.

      Олардың әлеуетін арттыру үшін ірі, үлкен қалаларды және жақын маңдағы аумақтардағы елді мекендер желісін қамтитын ФҚА-ны қалыптастыру ұсынылады. Бұл өңірлік деңгейде агломерациялық әсерді іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

      Ірі қалаларға қатысты "өсуді бақылау" саясатын жүргізу, яғни қалалардың аудан бойынша ретсіз кеңеюіне жол бермей, құрылыс тығыздығын арттыруды қамтамасыз ету қажет, бүл сондай-ақ "ауқым әсері" есебінен өнімділікті арттыруға және инфрақұрылымға жұмсалатын шығындарды азайтуға ықпал етеді.

      Осыған байланысты астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін қалалық аумақтардың өсуіне жол бермеу мақсатында бас жоспарларда халық тығыздығының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу қажет.

      Бұл ретте, астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарларын сәулеттің заманауи тәсілдеріне және қала ортасының дизайнына сәйкестікке келтіру мақсатында оларды қайта қарау қажет. Қалалардың аумақтары шартты түрде қолайлы қалалық дамуға қол жеткізу мақсатында халқының саны шамамен 10 мың адамнан тұратын жоспарлау секторларына шартты түрде бөлінетін болады. Әр жоспарлау секторы өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде қажетті инфрақұрылымдық объектілермен және қызметтермен қамтылуы тиіс.

      Өңірлерді аумақтық-кеңістікте дамыту құралдары ретінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, парктерді дамытуға ерекше назар аудару қажет.

      Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаруларын және оқ-дәрілерін сақтауға арналған объектілерге қарай инфрақұрылымның дамуын шектеу қажет.

      Ірі және үлкен қалаларда қала маңындағы көліктің интеграцияланған инфрақұрылымын құруды жеделдету қажет. Қалалар мен елді мекендер арасындағы үздіксіз және қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз ету, тарифтік саясатты оңтайландыру және тағы басқа бойынша шаралар қабылдау керек.

      Перспективада 2030 жылға дейін халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 30 м2 дейін жетуі керек. Бұл ретте тұрғын ғимараттардың сапасына, экологиялылығына және энергиялық тиімділігіне қойылатын талаптарды жоғарылату, құрылыстың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ жаппай құрылысты жоспарлауда өзге де түбегейлі тәсілдер қолдануды ынталандыру қажет.

      Жергілікті атқарушы органдар авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруға тиіс.

      Ірі және үлкен қалаларда урбандалуды ынталандыру мақсатында жалға берілетін тұрғын үй нарығын қалыптастыру және дамыту бойынша, оның ішінде тозығы жеткен және авариялық жағдайдағы тұрғын үйлері бар аумақтарды реновациялау бойынша шаралар қабылдау қажет.

      ТКШ саласындағы шаралар коммуналдық жүйелерді жаңғыртуға және жөндеуге бағытталады.

      Қалалар мен кенттердегі жасыл аймақтардың желілері қоршаған ортадағы жасыл аймақтармен, ормандармен және басқа да табиғи аймақтармен, сондай-ақ демалыс және спорт аймақтарымен байланысты болуға тиіс. Жасыл желектердің тығыздығы мен тұтастығына қауіп төніп тұрған өңірлерге ерекше назар аудару қажет.

      Өндіруші және өңдеуші салалардың қатты және сұйық қалдықтармен ластануына, ТҚҚ-ны өңдеуге және су ресурстарының ластануына байланысты проблемалар бар. Қалалар мен іргелес аумақтарды тазарту және күтіп-ұстау инфрақұрылымымен, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату объектілерімен қамту бойынша жүйелі шаралар қажет. Бұл ретте инвестицияларды, оның ішінде, МЖӘ тетігі арқылы белсенді тарту қажет.

      Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту арқылы тұлға мен қоғамның техногенді авариялардан, зілзалалардан және дүлей апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Одан әрі елді мекендердің құрылысын салу ерекше қала құрылыстық реттеу аймақтарын, әсіресе, төтенше жағдайлардың әсеріне ұшырау қаупі бар аудандарда орналасқан елді мекендерді анықтаумен қала құрылысы және өзге де қызметтер үшін регламенттер мен шектеулерді қатаң түрде сақтай отырып жүргізілуге тиіс.

      Агломерациялар мен урбандалған ареалдарды дамыту

      Әлемдегі қазіргі заманғы үрдістер елдердің бәсекеге қабілеттілігін өңірлер емес, жаһандық және өңірлік нарықтармен тығыз интеграцияланған қалалар айқындайтынын көрсетеді. Бұл үрдістер Қазақстанда да байқалады.

      Перспективада 2030 жылға дейін қалалық агломерациялар елді аумақтық-кеңістікте ұйымдастырудың түйінді нысаны болады.

      Алдағы онжылдықта агломерацияларды дамыту инновациялық дамуға көшуді қамтамасыз етуге, оларды ұлттық және жаһандық ауқымда экономикалық осудің толыққанды орталықтарына айналдыруға, тұру жайлылығының, өмір сүру сапасының және саудаланатын, жоғары өнімді секторларды қолдаудың параметрлерін күшейтуге бағытталуға тиіс. Агломерациялар ресурстар, инвестициялар мен дарындылар үшін Еуразия кеңістігінің ірі агломерацияларымен бәсекелесуге тиіс.

      Агломерацияларды экономикалық жайғастыруды ел шеңберінде ғана емес, жаһандық бәсекелес қалаларды ескере отырып, ашық жүйе деңгейінде де жүзеге асыру қажет. Агломерациялар орталықтары үшін Mercer 25, Economist 26 сияқты және басқа да өмір сүру сапасы бойынша танылған халықаралық рейтингтерге кіру ұзақ мерзімді мақсатқа айналуға тиіс.

      Астана және Алматы қалалары үшін әлемдік деңгейдегі қалалар қатарына кіру ұзақ мерзімді бағдар болады, ал Шымкент және Ақтөбе қалалары Еуразиялық кеңістік қалаларының деңгейіне шығуға тиіс.

      Астаналық агломерацияның өңіраралық ықпал ету аймағында РФ Сібір федералдық округі (халық саны 2017 жылы 19,3 млн адам), Орталық және Солтүстік Қазақстан (4,5 млн адам) орналасқан, оларда қамтылатын аймақтағы жалпы халық саны 23,8 млн адамнан асады. Макроаймақта миллионнан астам халқы бар бәсекелес қалалар - Красноярск, Новосибирск, Омбы. Астаналық агломерацияға халықаралық маңызы және дамудың ұқсас жағдайларына байланысты Әбу-Даби қаласы бағдар бола алады.

      Алматы агломерациясының өңіраралық ықпал ету аймағында халықаралық хаб ретінде Өзбекстан, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ҚХР), Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстанмен сауда қатынастарындағы кейбір провинциялар (Солтүстік Пакистан, Солтүстік Ауғанстан, Солтүстік Үндістан), сондай-ақ Солтүстік Үндістан бар. Макроаймақ ішіндегі Қазақстан халқы 3,7 млн адам, елден тыс шамамен 48,7 млн адам. Халық көп жиналған ең ірі бәсекелес қалалардың бірі - Үрімші (ҚХР). Алматы агломерациясы үшін ең жылдам дамып келе жатқан қаржы орталықтары ретінде дамуға арналған бағдарлар - Ыстамбұл мен Дубай.

      ______________________________

      25 Mercer халықаралық консалтингтік компаниясы өмір сүру сапасының деңгейі бойынша өткізетін рейтинг

      26 Economist компаниясы әзірлеген өмір сүру сапасының индексі

      Шымкент агломерациясының өңіраралық ықпал ету аймағында жалпы халық саны 4,8 млн адамды құрайтын Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары, сондай-ақ жалпы халқы 17,6 млн адам болатын Өзбекстанның Ташкент, Ферғана, Әндіжан және Наманған облыстары мен Қырғызстан бар. Шымкент агломерациясының әлеуетті өзара іс-қимыл аймағында халық тығыздығы - 22,4 млн адам. Халық тығыздығы бойынша негізгі бәсекелес қалалар - Ташкент, Бішкек. Агрологиялық құрылымдағы Парма (Италия) және Гуаньчжоу (ҚХР) қалалары экономиканы әртараптандыру және қосылған құнды арттыру бойынша бағдар бола аиады.

      Ақтөбе агломерациясының ел ішіндегі ықпал ету аймағында Батыс өңір хабы ретінде 2,8 млн адам халқы бар Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және тиісінше Ақтөбе облыстары бар. Тікелей Ақтөбе агломерациясының ықпал ету аймағында 42 млн халқы бар РФ шекара маңындағы аумақтары қалып отыр. Қазан, Челябі, Приволжье аймағы және Самара - Тольятти агломерациясы бәсекелес қалалар болып табылады.

      Агломерацияларды басқару тәсілдерін өзгерту талап етіледі. Орталық пен оның қала маңындағы аймақтары арасында функциялар мен мамандандыруды нақты бөлу қажет. Бұл агломерацияның барлық аймақтарын үйлесімді дамытуға мүмкіндік береді. Агломерациялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау және басқарушылық шешімдерді қабылдау мақсатында агломерациялар бойынша статистикалық есепті ұйымдастыру қажет. Болашақ дамудың негізгі параметрлерінің бірі агломерациялардың экологиялық жай- күйін жақсарту болады.

      Алдағы онжылдықта агломерацияларды дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар көші-қон өсімі, оларды инновациялар мен құзыреттер орталықтары ретінде жайғастыру, экологияны жақсарту (зиянды шығарындыларды азайту, жасыл аймақтарды кеңейту), базалық және "жұмсақ" инфрақұрылымның сапасын арттыру есебінен халықты одан әрі шоғырландыруға бағытталады.

      Қала құрылысы саясаты одан әрі урбандалу үрдісіне сәйкес келуге тиіс. Қала халқының өсуі қалалардағы энергия тұтынудың едәуір артуына алып келеді. Ғимараттар барлық өндірілетін энергияның 50%-ке жуығын тұтынатынын назарға ала отырып, энергия тиімді, энергия үнемдейтін ғимараттарды жобалауға және салуға баса назар аударылуға тиіс. Гимараттар мен учаскелерді пайдаланудың орнықтылығын, сапасы мен тиімділігін арттырудың басқа да мүмкіндіктері, атап айтқанда, стандарттар мен инвестициялар бар. Мысалы, Аустралияның Экологиялық құрылыс жөніндегі кеңесі әзірлеген "Жасыл жұлдыз" (Green Star System) ұлттық жүйесі ғимараттар мен қоғамдастықтардың орнықтылығын арттыруға көмектесетін рейтингтік жүйе болып табылады. Қалалардағы сәулет-жоспарлау саясаты сәулет мұрасын, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштерін, көрнекті орындарды қалпына келтіруге және сақтауға бағытталуға тиіс. Агломерацияларда заманауи қоқыс өңдеу зауыттарын салу қажеттілігі бар (Швецияның тәжірибесі).

      Астаналық агломерация. Агломерация орталығы - Астана қаласы перспективада экономикасы дамыған постиндустриялық, таланттар үшін тартымды, ашық жаһандық қала болады.

      Агломерацияда креативті индустриялар, инновациялар, экспортқа багдарланған жоғары технологиялық тауарлар мен көрсетілген қызметтер саласы дамиды. Тауарлар өндірісі қала маңындағы аймақтарға ауысып, осы арқылы шеткері аймақта жұмыс орындары мен кірісті қамтамасыз етеді.

      Жүрдек автобус көлігі (бұдан әрі - ЖАК) және ЖРК жүйелерін құру есебінен интеграцияланған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру агломерация орталығының көшелерін босатады және халықтың ұтқырлығын арттырады.

      Осыған байланысты астаналық агломерациясы шегінде әлеуметтік, инженерлік, көліктік инфрақұрылымды дамыту халық санының өсу қарқынынан аса отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

      "Жасыл" экономиканы дамыту шеңберінде жел станциялары мен күн фотоэлементтерін орнату мүмкіндігі бар.

      Алматы агломерациясы. Алматы қаласы қосылған құнның жаһандық тізбегіне қосылуынан, сондай-ақ мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарының, халықаралық компаниялар мен провайдерлердің жоғары шоғырлануынан пайда ала отырып, инновациялар катализаторына айналады.

      Дистрибуция орталығы бола отырып, Алматы бүкіл Қазақстан үшін хабтың функцияларын іске асырады. Оңтүстік өңірдің хабы ретіндегі қаланың рөлін күшейтуге "Белдеулер және жолдар" бастамасын іске асыру ықпал етеді.

      Перспективада Алматының серік-қалаларын27 (Қаскелең, Талғар, Есік), сондай-ақ Қапшағай қаласын, Ұзынағаш және Шелек кенттерін экономикалық тұрғыда нығайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Алматының серік-қаласы ретінде "Gate City"28 жобасын іске асыру жалғасады. Бұл агломерацияның шеткері аймағының біркелкі дамуына және агломерация орталығының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеуге ықпал етеді. Агломерацияның экономикалық дамуының басымдығы экспортқа баса назар аудара отырып, инновацияға бағдарланған экономика болуға тиіс. Перспективада Алматы агломерациясының орталығы өңірлік және халықаралық маңызы бар қаржылық және іскерлік, туристік қызметтер, ғылым мен инновациялар, логистика мен дистрибуция орталығы болады.

      Агломерацияда көлік байланысын жақсарту үшін көліктің басқа түрлерімен интеграцияланған ЖАК және ЖРК жүйелерін қалыптастыруды жеделдету қажет.

      ___________________________________________

      27Серік-қала - бұл ірі қалаға жақын дамитын және оған өндірістік, шаруашылық және мәдени-тұрмыстық қатынастағы орталық ретінде тартылатын қапа немесе қапа типтес кент

      28Gate City жобасы қалаларының бірі

      Автомобильдерді және қоғамдық көлікті газға ауыстыру бойынша шаралар қабылдап, электромобильдерге арналған жанармай құю желісін кеңейту қажет.

      Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында мынадай шараларды іске асыру керек: "лас" өндірістерді қала сыртына шығару, жаңа саябақтар мен рекреациялық аймақтар құру, ТҚҚ-ны өңдеу есебінен коммуналдық қалдықтардың қайталама ресурстарын шаруашылық айналымға тарту.

      Қала үшін климаттық және географиялық тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет.

      Шымкент агломерациясы. Шымкент агломерациясы өзінің транзиттік артықшылығын тиімді пайдаланатын, көрсетілетін қызметтер, ғылым мен инновациялар саласы, сауда және өңдеу секторы, оның ішінде ауыл шаруашылығы дамыған көлік-логистикалық хабқа, елдің Оңтүстік қақпасына айналады. Перспективада агломерацияның экономикалық саясаты экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс. Агломерация орталығы ретінде толыққанды даму үшін қаржы, сақтандыру, телекоммуникация, туризм, демалыс және басқа салаларда көрсетілетін қызметтер секторын дамыту қажет.

      Перспективада өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін агломерацияның алдында "Индустрия 4.0" бағыттарын дамыту қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Big Data технологияларын қолдану қала шаруашылығының жұмыс істеу тиімділігін арттырады.

      Агломерация орталығында дәрігерлермен және орта медицина жұмыскерлерімен аз қамтамасыз етілу, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде орын тапшылығы проблемаларын шешу қажет.

      Қаланың жинақылығы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық қамту қағидаттары бойынша жоспарлы қала құрылысы саясатын жүргізу қажет.

      Агломерация орталығында халық санының өсуіне байланысты қала жолдарының өткізу қабілетін арттыру, оның ішінде жол айрықтарын, айналма жолдарды, теміржол және автовокзалдарды салу бойынша шаралар қабылдау қажет. Перспективада маятниктік көші-қон бағыттарын ескере отырып, ЖАК және ЖРК жүйелерін салуды қарастырған орынды.

      Ақтөбе агломерациясы. Агломерациясының орталығы - Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан аумағындағы хаб-қала болады. Қазіргі уақытта әлемде Төртінші өнеркәсіптік революция трендтерінің әсері және "Индустрия 4.0" практикаларын енгізу күшейе түсуде. Өнеркәсіптік қала ретінде Ақтөбе үшін ең алдымен күнделікті үздіксіз процестерді автоматтандыру, бөлінген деректер тізілімі және ЗЭ-баспа технологиялары маңызды болмақ.

      Агломерациялар өзінің географиялық орналасқан жерін өз пайдасына асыруға тиіс. "Белдеулер мен жолдар" бастамасын іске асыру, сондай-ақ "Солтүстік-Оңтүстік"29 жаңа экономикалық дәлізін қалыптастыру Батыс Қазақстанның өсу орталығы және ірі көлік торабы ретінде Ақтөбе қаласының рөлін күшейтуге ықпал етеді.

      Агломерацияның перспективалық дамуы көрсетілетін қызметтер саласы, көлік және логистика, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты басым салаларда кластерлік тәсіл негізінде ірі және жүйелі жобаларды іске асыруға негізделетін болады.

      Агломерацияда халық санын арттыруға ең алдымен, батыс өңірінің басқа облыстарынан көші-қон өсімі арқылы қол жеткізіле алады, бұл, әсіресе, мұнай өндірісінің болжамды төмендеуі және еңбек ресурстарының босатылуы жағдайында өзекті болып отыр.

      Өңірдің барлық экономикалық өсу орталықтарымен көлік байланыстары бар. Өңіраралық байланысты нығайту республикалық маңызы бар қолданыстағы автомобиль жолдарын реконструкциялау және олардың санаттарын арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Ақтөбе облысының барлық көлік-транзиттік әлеуетін жақсартуға мүмкіндік беретін "Орталық-Батыс", "Ақтөбе-Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ-Ұлғайсын" сияқты ірі жобаларды іске асыруды аяқтау қажет.

      Экономика салалары мен агломерация халқының энергетикалық ресурстарға перспективалық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласында "Бұқара-Орал" газ құбыры тізбегінің 3-желісін салу қажет.

      Ақтөбе қаласында халықтың тыныс-тіршілігі әрекетінің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізе отырып, "Smart City" тұжырымдамасын іске асыру қажет.

      Қалалық жоспарлауда құрылысты тығыз салу есебінен қалалық кеңістікті тиімді игеруді көздейтін жаңа тәсілдерді енгізу талап етіледі. "Жасыл" технологияларды қолдана отырып, қаланы және іргелес аумақтарды тазарту және күтіп-ұстау инфрақұрылымымен, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату объектілерімен қамту бойынша жүйелі шаралар қажет. МЖӘ тетіктерін белсенді пайдалану керек.

      Ақтөбе агломерациясының бәсекелес артықшылықтарын іске асыру үшін қосымша бюджеттік және бюджеттен тыс ресурстарды тарту бойынша тетіктерді әзірлеу қажет. Агломерация үшін Ақтөбе қаласының шетін орталықпен қатар дамыту маңызды болып табылады. Агломерация экономикасын әртараптандыру мақсатында инновациялардың дамуына қосымша түрткі беру үшін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын дамытуға да ерекше назар аудару қажет.

      2030 жылға қарай барлық төрт агломерацияның экологиялық жағдайын жақсарту, оның ішінде су ресурстарының және жерлердің ондірістік қалдықтармен және ТҚҚ ластануын жою, агломерацияларға кіретін барлық аудан орталықтарындағы ТҚҚ бөлек жинау мен қайта өңдеу инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру қажет. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орғандарға қалдықтар орналасқан жерлерде ғарыштық мониторингілеу нәтижелерін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін аумақтарды санитариялық тазалауды тұрақты негізде жүзеге асыру қажет.

      _____________________

      29"Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізі туралы келісімге Ресей, Үндістан және Иран қол қойды, кейіннен келісімге Беларусь, Казақстан, Оман, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Сирия, Болгария, Қыргызстан, Түркия және Украина қосылды

      ФҚА-ны қалыптастыру

      2030 жылға дейінгі ФҚА-ны дамыту саясаты өңірлік дамуға әсер ететін негізгі факторларды есепке алуға негізделеді: көші-қон, басқарылатын урбандалу, цифрландыру, Smart City, инклюзивті даму.

      Қалалармен әлеуметтік-экономикалық байланысы бар облыс орталықтары мен оларға іргелес қала маңы аймақтарының айналасында ФҚА-ны қалыптастыру "адамдар – инфрақұрылымға" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

      ФҚА-да тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет: көшелерді, аулаларды, жаяу жүргіншілер жолдарын міндетті түрде жарықтандыру және жалпы білім беру, медицина, мәдени және спорт ұйымдарында бейнебақылау камераларын орнату. Smart City технологиясын қалалар инфрақұрылымын басқаруға енгізу халық тұрмысының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қалалық ресурстарды ұтымды пайдалануға алып келеді.

      2030 жылға қарай урбандалу деңгейі 65%-ке дейін артады деп күтілуде. Көбірек урбандалған өңірлер Қарағанды облысы (85,4%), Павлодар облысы (78,3%), Ақтөбе облысы (75,7%) болады.

      ФҚА орталықтарында адами капиталды дамытуды, сұранысқа ие, басым технологиялық бағыттағы мамандықтарды оқытуды, сондай-ақ ғылыми-білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін жетекші ұлттық университеттер филиалдарының қызметін ұйымдастыру қажет. ФКД орталықтары жас және креативті таланттарды тарту нүктелеріне айналуға тиіс.

      Денсаулық сақтау сапасын арттыру мақсатында ФҚА орталықтарында жетекші республикалық клиникалардың филиалдарын ашу қажет. Экономикалық күрделілік индексін арттыру үшін өңдеу өнеркәсібі саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетті қалпына келтіру қажет.

      "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту үшін бизнес-бастамаларға жәрдемдесу, ШОБ негізгі капиталына инвестициялардың өсуін ынталандыру қажет.

      Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ШОБ қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көлемін арттыру қажет.

      Агломерациялық әсерді ынталандыруға қоныстандырылу тығыздығы жоғары ФҚА орталық қалалары ауданының өсуіне жол бермеу арқылы қол жеткізілуі тиіс.

      Жұмыс істеп тұрған инженерлік-қорғаныс құрылыстарын жаңғырту және нығайту не жаңа қорғаныс құрылыстарын қосымша салуды көздеу қажет.

      ФҚА-ның көлік инфрақұрылымын дамыту авто және теміржолдардың байланыстылығы, халықаралық көлік дәліздерінің артықшылықтарын барынша пайдалану, көлік торабын және тиісті инфрақұрылымды дамыту есебінен өңірлердің логистикалық әлеуетін күшейтуге бағытталуға тиіс. Сервистік қызметтерді дамытуды қолдау, шағын өндірістердің ірі кәсіпорындармен кооперациясын ынталандыру қажет. Жаңа өндірістердің пайда болуы қала экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер саласын дамытуға ықпал етеді. ФҚА хаб-қалалармен біріктіріледі, ал облыстар шеңберінде орта және шағын қалалар ФҚА орталықтарымен біріктіріледі деп күтілуде. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі қалалық саясат дамудың маңызды көзі және теңсіздікті азайту құралы болып табылатынын көрсетеді.

      Қолданыстағы кәріздік-тазарту құрылыстарын жаңғыртуды жүзеге асыру не жаңаларын салуды көздеу, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін әдетке айналдыру қажет. Қоршаған ортаны жақсарту мақсатында ормандардың өсімін молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту, ФҚА айналасында жасыл аймақтарды құру, жеке меншік орман өсіруді дамыту көзделеді.

      Орталығы Семей қаласындағы ФКД-да, сондай-ақ Семей ядролық полигоны қызметінің салдарын бастан кешкен аудандарда денсаулық сақтау, еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау саласын дамытуға назар аудару қажет. ФҚА ішіндегі елді мекендердің өзара іс-қимылы мақсатында ФҚА қызметін көрсететін әлеуметтік-экономикалық деректерді есепке алуды ұйымдастыру қажет.

      Моно- және шағын қалаларды дамыту

      Алдағы онжылдықта моно- және шағын қалаларды дамыту олардың экономикалық әлеуетін іске асыруға негізделетін болады. Агломерациялар мен ФҚА-ның ықпал ету аймағына кіретін моно- және шағын қалаларды дамытуға ерекше назар аудару қажет.

      Базалық көрсетілетін қызметтермен және игіліктермен қамтамасыз ету мақсатында энергиямен, жылумен және сумен жабдықтау инфрақұрылымы объектілерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуге тиіс.

      Осы елді мекендердің адами капиталын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет, бұл ірі қалалардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.

      Қалалар экономикасын әртараптандыру, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайту, моно- және шағын қалаларға жақын орналасқан пайдалы қазбалардың перспективалы кен орындарын анықтау бойынша шараларды іске асыру қажет.

      Шалғайдағы моно- және шағын қалаларды дамытуда негізінен базалық игіліктер мен қызметтерді қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Барлық моно- және шағын қалалар үшін ШОБ секторын дамыту, басым саланың қызметімен байланысты емес жаңа жұмыс орындарын құру өзекті болып отыр. Инновациялар есебінен шағын және орта кәсіпорындардың өңірлік желісін нығайту және процестер мен технологиялар туралы білімді кеңейту қала құрушы кәсіпорындардан тәуелділікті төмендетуге арналған түйінді сәт болып табылады. Сондай-ақ қосалқы өндірістерді аутсорсингке тапсыру моно- және шағын қалалардың экономикасын әртараптандыруды ынталандырады және қазақстандық қамту деңгейін арттырады. Моно- және шағын қалалар үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейлерін ескере отырып, сараланған қолдау шараларының топтамасын әзірлеген орынды.

      Тұтастай алғанда, қалалар үшін олардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне қарай сараланған шаралар топтамасы:

      1) халықтың "маятниктік" еңбек көші-қонын қалыптастыру (жәрдемдесу) үшін көлікке қолжетімділікті арттыру, агломерациялық құрылымдар ішіндегі жол желісін дамыту мақсатында жобаларды қолдауға;

      2) әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылымды (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, демалыс және демалуға арналған объектілері, саябақ және ойын-сауық аймақтары) дамытуға;

      3) ШОБ-ты қолдауға, оның ішінде жаңа өнім әзірлеуге және оны өндіруді дамытуға, кәсіпорындарды басқаруды жетілдіруге және кадрлық әлеуетті арттыруға;

      4) технологиялар трансфертінің ынталандыру сипатындағы шаралары есебінен монобейінді кәсіпорындарды әртараптандыруға және қайта құрылымдауға;

      5) бөлшектік және технологиялық мамандандыру деңгейі жоғары шағын кәсіпорындарды дамытуға (тораптар мен бөлшектер, жергілікті шикізаттан құрылыс материалдарын, халық тұтынатын тауарларды өндіру) бағытталуға тиіс.

      Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен қалаларда халықтың ағымдағы жұмыспен қамтылуын сақтау үшін шағын бизнесті дамыту бойынша шаралар қабылдау керек.

      Бұдан басқа бірқатар қалалар халық саны бойынша қаланың өлшемшартына сәйкес келмейді. Осыған байланысты оларды АЕМ мәртебесіне ауыстыру мәселесін қарау қажет. Қазіргі таңда мұндай қалаларға әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен Жаңатас, Арқалық, Сергеевка, Державинск, Степняк, Темір және Жем қалалары жатады. Аталмыш елді мекендерді дамыту бойынша тәсілдер тұрмыс сапасының өңірлік стандарттарына сәйкес қайта қаралатын болады. Қолдау құралдарының бірі халықтың өңірлік экономикалық өсу орталықтарына ерікті қоныстануына жәрдем көрсету бола алады.

      Бұдан басқа қаланың мәртебесін озгерту "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына елді мекендерді қалалық және ауылдық елді мекендерге жатқызудың сандық және сапалық өлшемшарттарын, сондай-ақ қалалардың монобейінділігін айқындау шарттарын қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етеді.

      Халық саны 50 мың адам және одан көп, ФҚА құрамына кірмейтін моно- және шағын қалалар үшін экономиканы әртараптандыру бойынша нақты шаралар қабылдау қажет, өйткені 1-2 қала құраушы кәсіпорында жұмыс орындарын қысқарту жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

      Ауылдық аумақтарды дамыту

      Алдағы онжылдықта ауылдық аумақтарды дамыту саясаты мынадай қағидаттарға негізделеді: өмір сүру сапасының базалық стандарттарын қамтамасыз ету; ерікті қоныс аударуды ынталандыру; инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар салудың тиімділігі; жер және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігі; экологиялық қауіпсіздік.

      Ауылдық аумақтарды дамыту ауылдық округтерді ірілендіру есебінен өмір сүру сапасының өңірлік стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталады. Халық саны аз АЕМ-ді қайта бағындыру және ірілендіру "адамдар инфрақұрылымға" моделін іске асыру есебінен базалық әлеуметтік және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта тірек АЕМ-ді дамыту көзделіп отыр. Осы елді мекендер мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтары болады және "адамдар - инфрақұрылымға" моделі бойынша өмір сүру сапасының өңірлік стандарттарын қамтамасыз ету үшін жете дамыған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым болады.

      "Ауыл - Ел бесігі" жобасы шеңберінде тірек АЕМ-ді айқындау оларды әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне сәйкес іріктеуді көздейді. Бұл ретте негізгі өлшемшарттарға демографиялық үрдістер, көліктік қолжетімділік, өткізу нарықтарынан алшақтық дәрежесі және тағы басқа жатады. АЕМ-ді одан әрі дамытуды демографиялық үрдістерді ескере отырып қарастыру қажет. 2030 жылға қарай ауыл халқы 7,8 млн адамды құрайды. Ауыл халқының үлесі Түркістан (83,5%), Алматы (75,8%), сондай-ақ Ақмола (52,5%), Жамбыл (59,3%), Қызылорда (52,7%), Маңғыстау (63,0%) облыстарында басым болады.

      Ресурстық базаны, экономикалық әлеуетті және нарықтық сұранысты ескере отырып, ауылдық жерлерде импорттық аграрлық өнімдерді, тамақ өнімдерін алмастыруға және агроонеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруға бағдарланған заманауи өндірістерді құру қажет. Осы өндірістерді дамыту мемлекеттік органдар мен даму институттарының тиісті қолдауымен жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру кооперацияның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қаржы қызметтерінің, оның ішінде микрокредит берудің, қаржы лизингінің қолжетімділігін арттыру арқылы кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін жағдай жасау маңызды.

      Басқарылатын урбандалуды жүргізу мақсатында ауыл халқының ұтқырлығы мен көші-қонын қолдау шаралары, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден тірек АЕМ мен ірі қалаларға ерікті қоныстануына жәрдем көрсету арқылы қолдау көрсетіледі.

      Шекара маңындағы аумақтар

      Әлемдік тәжірибеге сәйкес шекара маңында орналасу аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының неғұрлым тиімді факторларының бірі болып табылады. АҚШ, Канада, ҚХР, Ұлыбритания және басқа да дамыған елдердің мысалы аумақтар өздерінің шекара маңында орналасуының артықшылықтарын пайдалана отырып, өз мемлекеттерінде озыңқы даму аймағына айналғанын көрсетеді. Шекара маңындағы өңірлердің аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуына әсер ететін негізгі элементтер олардың транзиттік және шекара маңында орналасуы болып табылады. Мәселен, өңірлер аумағы бойынша "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" сияқты халықаралық транзиттік дәліздердің учаскелері өтеді, тораптық теміржол станциялары бар. Шекара маңындағы өңірлер көліктік байланыстылығымен және көрші мемлекеттердің ірі қалаларына жақындығымен сипатталады.

      Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану және шекара маңындағы аумақтардың шекаралас мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастарын дамыту елдің аумақтық-кеңістікте дамуына ықпал ететін фактор болады.

      Елдің геосаяси жағдайын күшейту және шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарсыз қалуына жол бермеу үшін өндірістік, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мәселелерді шешу қажет.

      Шекара маңындағы инфрақұрылымды кешенді дамыту мәселелеріне 2030 жылға дейінгі кезеңде ерекше назар аударылуы тиіс.

      Шекара маңындағы өңірлерді одан әрі дамыту үшін тірек АЕМ-нің инфрақұрылымына инвестиция тарту қажет. 8 шағын қаланың (Жаркент, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шемонаиха, Мамлют, Булаево, Жетісай) дамуына ерекше назар аудару қажет. Алматы облысында "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын дамыту шеңберінде Нұркент қаласын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады.

      Шекара маңындағы тірек АЕМ-нің және қалалардың инфрақұрылымын дамыту шекаралық инфрақұрылымды дамытумен қатар жүргізілуге тиіс. Өмір сүру сапасының базалық деңгейімен шекара маңындағы елді мекендердің халқы ғана емес, шекара қызметінің әскери қызметшілері мен олардың отбасылары да қамтылуға тиіс.

      Көлік-логистикалық орталықтар (бұдан әрі - КЛО) ретінде шекара маңындағы өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыру қажет. Шекара маңындағы КЛО-ны өткізу пункттерінің жанында немесе Кеден одағының кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде өткізу пункттерінің аумағына жақын жерде салу қажет.

      Шекара маңындағы өңірлерде Қазақстанның КЛО-сын дамытудың басым міндеттері:

      транзиттік әлеуетті іске асыру;

      жолаушылар тасымалын дамыту;

      экспортты және экономиканың ішкі қажеттіліктерін дамыту.

      Елдің шекара маңындағы аумағында логистикалық жүйенің үйлесімді құрылымын қалыптастыру үшін логистикалық объектілерді тауар ағындарына қызмет көрсету және көлік жүйелерінің жұмысы деңгейі бойынша саралау қажет. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде Қазақстанды ашық жүйе ретінде қарастыру керек. Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін ЕАЭО, ҚХР-дың Солтүстік-Батыс бөлігі және Орталық Азия елдері өңірлері арасындағы бәсекеге қабілеттілік сияқты неғұрлым кең ауқымда қарастыру қажет.

      Барлық шаралар елдің шекара маңындағы қалаларын (шектес мемлекеттердің ірі қалаларымен) симметриялы дамытумен сүйемелденуге тиіс (бәсекелес қалалар қағидаты). Шекара маңындағы өңірлер халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды аймақтары болуға тиіс. Шекара маңы саудасына қатысу әлеуеті бар шекара маңы аумақтарында "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына ұқсас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтарын құру мәселесін қарастырған жөн.

      Осыған байланысты шекара маңындағы аумақтарды дамыту перспективалары ЕАЭО шеңберінде және одан тыс жерлерде олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тауар өндірушілерді атаулы субсидиялау, кәсіпорындардың кредиттік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету ауыртпалығын төмендету; шикізаттық емес секторға қосымша салықтық ынталандыруды ұсыну; инвестицияларды тарту мақсатында инфрақұрылым құру сияқты шаралардың ауқымды кешенін қолданумен байланысты болады. Бұдан әрі ЕАЭО елдерінің өнеркәсібіндегі кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету қажет. Ол үшін ЕАЭО елдері мынадай шараларды іске асыруы керек:

      әріптестер іздеу үшін алаңдарды ұйымдастыру, келіссөздер жүргізу және алдын ала шарттар жасасу (субконтрактация биржалары);

      кооперацияға әріптестер іздеу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарына консультациялық қолдау көрсету.

      Бірлескен ірі жобаларды іске асыру негізінде Қазақстан РФ, ҚХР және Орталық Азия елдерінің қосымша күн тізбегін және ресурстарды пайдалану балансына бейімделуі керек.

      Осыған байланысты мемлекетаралық өзара іс-қимылды арттыру құралдары ретінде шекара маңындағы аумақтардағы өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жандандыру қажет.

      2.3. Өңірлік стандарттар жүйесінің өлшемшарттары мен талаптарын айқындау

      Өңірлік стандарттар жүйесі елдің бүкіл халқы үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етілетін инклюзивті қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді.

      Өңірлік стандарттар үшін көрсеткіштерді әзірлеу кезінде өмір сүру сапасын сипаттайтын әртүрлі индекстердің көрсеткіштері ЭЫДҰ-ның "Better life index"30, MERCER, "Әлем қалаларындағы өмір сүру сапасының рейтингі", Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының "Адами әлеуеттің даму индексі"31 ескерілді.

      Өңірлік стандарттар жүйесінің мақсаты - ауылдық және қалалық жерлерде өмір сүру ортасы сәйкес келуге тиіс базалық талаптарды белгілеу.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің әрбір деңгейі үшін өздерінің базалық өңірлік стандарттары қамтамасыз етілуге тиіс. Өңірлер арасындағы және өңірлер ішіндегі өңірлік стандарттар жүйесінің игіліктері мен көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіндегі алшақтықтарды қысқарту мақсатында бюджетаралық қатынастардың қайта бөлу процестерін құру қажет.

      _______________________

      30 ЭЫДҰ 11 аспект бойынша түрлі елдердегі әл-ауқатты салыстыру үшін әзірлеген индекс

      31 БҰҰ әзірлеген адами капиталдың даму индексі

      3-бөлім. Ел өңірлерін дамытудың болжамды параметрлері

      Елді дамытудың болжамды параметрлерін есептеу Түйінді ұлттық индикаторлардың стратегиялық картасы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары көрсеткіштерінің негізінде жүргізілді.

      2030 жылға дейінгі ел өңірлерін дамытудың барлығы 9 болжамды параметрі кезделеді.


1) халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты ақшалай кірісінің өсуі*, 2016 жылғы деңгейден % өсу

2) ЖІӨ-дегі ШОБ-тың үлесі*, ЖІӨ-ге шаққандағы ЖҚҚ%

3) халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі**, бір адамға м2

4) жыл басындағы жағдай бойынша урбандалу деңгейі, %

1

2

3

і


5


2019

2030

2019

2030

2019

2030

2019

2030

Қазақстан Республикасы

6

122,9

28,2

40

22,4

30

58,2

65

Ақмола

15

180,5

28,6

44

22,8

29,0

47,2

54,8

Ақтөбе

10,4

150

19,9

30

22,7

28,9

70,7

75,7

Алматы

16,7

226,3

28,5

43

19,4

24,6

22,4

33,4

Атырау

-2,4

56,5

20

31

22,1

28,4

52,1

56,8

Шығыс Қазақстан

12,3

134,4

14,9

23

21

26,6

61,6

69,6

Жамбыл

7,8

89

20,1

31

17,1

21,6

39,7

48,1

Батыс Қазақстан

2,8

76,8

42,5

65

21,2

26,8

52,0

59,6

Қарағанды

8,8

91,8

13,8

21

24

30,4

79,6

85,4

Қостанай

16,3

189

27

41

22,8

29,0

54,5

61,6

Қызылорда

7,4

87,9

14,5

22

20,5

26,0

44,3

51,7

Маңғыстау

0,6

176,5

19,4

29

23,5

29,7

40,0

51,1

Павлодар

6,2

131,9

18,3

28

22,6

26,7

70,6

78,3

Солтүстік Қазақстан

6,9

113,7

26,3

29,4

22

27,9

45,6

51,7

Түркістан

0,2

95,5

23,2

35

18,1

24,3

19,6

27,6

Астана қаласы

0,5

112,1

48,7

74

32,6

42,2

100

100

Алматы қаласы

2,3

87,1

36,3

55

28,9

36,6

100

100

Шымкент қаласы

0,4

89,7

42,5

64,7

22,1

29,6

100

100

      * Стратегиялық карта-2025 деректеріне сәйкес 2050 жылға дейінгі өсу қарқынына көбейтілген сырғымалы орташа шама әдісімен есептелген

      ** Тұрғын үйдің болжамды қоры өңірлер бойынша фактіге қатысты есептелген


5) АЕМ-нің Интернетке КЖҚ қамтамасыз етілуі***, бірлік

6) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі*, %

1

2

3


2019

2030

2019

2030

Қазақстан Республикасы

685

1250

71,0

97,0

Ақмола

0

47

74,3

98,3

Ақтөбе

11

36

56,0

97,6

Алматы

89

223

81,0

100,0

Атырау

16

18

57,0

95,4

Шығыс Қазақстан

33

111

81,0

98,5

Жамбыл

68

119

85,0

100,0

Батыс Қазақстан

60

92

31,0

75,7

Қарағанды

27

52

80,0

100,0

Қостанай

32

53

69,0

98,0

Қызылорда

56

73

65,0

95,0

Маңғыстау

1

8

93,0

100,0

Павлодар

6

34

82,6

100,0

Солтүстік Қазақстан

0

79

65,0

99,5

Түркістан

286

305

74,1

100,0

Астана қаласы

-

-

-

-

Алматы қаласы

-

-

-

-

Шымкент қаласы

-

-

-

-

      * Стратегиялық карта-2025 деректеріне сәйкес 2050 жылға дейінгі өсу қарқынына көбейтілген сырғымалы орта шама әдісімен есептелген

      *** Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      7) ЖЭК-тен алынатын электр энергиясының үлесі (ірі СЭС-тен басқа) жалпы өндіріс көлемінен %-пен 2019 жылға қарай 2,3%-ке, 2030 жылға қарай 10%-ке жетуі тиіс****;

      **** Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі

      8) "Өңірлер арасында жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша дамудың алшақтығы"* Стратегиялық жоспар-2025-те көрсетілген әдістеме бойынша есептелген (мәні ең томен 9 өңірмен салыстырғанда мәні ең жоғары 8 өңір) және ол 2019 жылға қарай - 3,2 және 2030 жылға қарай - 2,6 есені құрайды;

      9) "Қалдықтарды өңдеу үлесі"**** 2019 жылға қарай - 14%, 2030 жылға қарай - барлық түзілетін ТҚҚ көлемінің 40%-ке жетуге тиіс.

      Аумақтық-кеңістікте дамыту құжаттарының өзара байланысының институционалдық схемасы

      Болжамды схеманы іске асыру мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарын - мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      Аумақтық-кеңістікте дамыту құжаттарын сатылап жасау үшін "Болжамды схема - Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы - Аумақтарды дамыту бағдарламаларының" әдіснамалық сабақтастығын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ерекше функционалдық рөл беріледі, ол өңірлердің қажеттіліктері мен әлеуетін ескере отырып, өңірлер арасында қаржыландырудағы теңгерімсіздіктерге жол бермей, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын бөлуді матрицалық схема бойынша белгілеуге тиіс. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы халықты өмір сүру сапасының өңірлік стандарттарымен қамтамасыз етудегі алшақтықты қысқартуға түрлі салалық индикаторлардың, көрсеткіштердің әсерін есепке алу бөлігінде үйлестіруші құжатқа айналуға тиіс.

      Аумақтық-кеңістікте жоспарлау сатылас деңгейде құжаттардың бір-бірімен өзара үйлесіміне байланысты.

      Қорыта келе, аумақтарды дамыту бағдарламалары айрықша маңызға ие, өйткені олар нақты игілік алушыға қатысты. Жергілікті атқарушы органдар өз қызметін жоғары тұрған құжаттардың басымдықтарын, бастамаларын негізге ала отырып жоспарлауға, көрші өңірлермен жоспарлауды үйлестіруге, ауқымды консультациялар негізінде жергілікті халықты қатысуға тартуға тиіс.

      "Төменнен жоғары" жүйесі шеңберінде өңірлерден шығатын барлық бастамалар ескерілуге тиіс, оларға өз кезегінде орталықтан әдіснамалық және институционалдық қолдау көрсетілуі керек.

      Кеңістікте басқаруға арналған бірыңғай ақпарат базасы

      Кеңістіктік және статистикалық деректердің инфрақұрылымы аумақтық-кеңістікте дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу үшін қажетті шарт болып табылады.

      Өңірлік талдауды жақсарту үшін аумақтық деректер мен статистикалық есепті жақсарту қажет. Аумақтық деректердің болуы өңірлердің әлеуетін ашуға көмектесе алады.

      Қазіргі уақытта жергілікті деңгейде коп статистикалық деректер қажет. Ағымдағы деректер әкімшілік аудандар үшін ғана қолжетімді және олардың еңбек нарығының құрылымдары мен күнделікті өмірдің басқа да аспектілеріне сәйкес келуі міндетті емес. Тиісінше ФҚА, қалалар, агломерациялар бойынша статистикалық деректерге қажеттілік бар.

      Аумақтық-кеңістікте жоспарлау мақсаттары үшін деректер Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымында болуға тиіс.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2021 жылға қарай "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үш жобаны - "Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын" (бұдан әрі - КДҰИ), "Ұлттық геоақпараттық жүйені", "Жылжымайтын мүлік объектілерін кадастрлық есепке алудың және оларға құқықтарды тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесін" әзірлеуді аяқтайды.

      КДҰИ деректерін пайдалану көп жағдайда аумақтарды аумақтық-кеңістікте ұйымдастыруды және нарықтардың жұмысын, әсіресе, тұрғын үй нарығы мен жұмыс күші нарығын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын және олардың даму үрдістерін жақсы түсінуге ықпал етеді.

      Кеңістіктік деректер инфрақұрылымы шетелде аумақтық-кеңістікте жоспарлау процесінде белсенді қолданылады.

      АҚШ, Жапония, ҚХР, Аустралия, Канада, Үндістан, Малайзия, Еуроодақ елдерін аумақтық-кеңістікте дамытуда Кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымы кеңінен пайдаланылады.

      КДҰИ-ды пайдалану:

      ақпаратты тереңдетіп талдамалық өңдеу негізінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға;

      ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдалану базасында басқарушылық шешімдердің салдарын болжауға және модельдеуге;

      өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға;

      төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын тиімді жоюға;

      жер ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға;

      инженерлік желілердің, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болуы, ұзақтығы, жай-күйі туралы толық ақпаратты шоғырландыру және оларды демографиялық болжаммен байланыстыру есебінен неғұрлым тиімді бюджеттік жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      4-бөлім. Өңірлерді перспективалы дамыту схемалары

      1. Халықтың перспективалы қоныстануы



      2. Теміржол көлігін дамыту және әуежайлар



      3. Урбандалу деңгейі



      4. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің 2030 жылға дейінгі болжамы



      5. Газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйесін дамыту



      6. ЖЭК-тің даму әлеуеті, ТҚҚ-ны қайта өңдеу



      7. Өңірлердің перспективалы экономикалық мамандану схемасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады