Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
мына жол:
"
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 13 |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты | 25 |
";
2) "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 486-құжат):
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Аппараттың құрылымын Кеңестің Төрағасы бекітеді. Аппараттың жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Кеңестің аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос орнына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру;
8) аудандық сот төрағасының, судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос орнына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сәйкес келу мәніне алдын ала қарау;";
9) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша;";
мынадай редакциядағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"конкурстан тыс тәртіппен Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатуралар бойынша;";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"аудандық соттың судьясы лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның бір жыл мерзім өткеннен кейін жұмыс нәтижелері және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешу бойынша;";
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын кәсіби жарамсыздығына орай, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда, атқаратын лауазымынан босату мәселелері бойынша;";
мынадай редакциядағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриі шешімінің негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелері бойынша;";
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот жюриі және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне судьялардың шағым жасау туралы өтініштері бойынша;";
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Сот сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) жасақтау мәселелері бойынша;";
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдау, судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын аяқтаған адамдардың есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) жыл сайынғы Сот жүйесіндегі судья кадрларының жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну, оның кейін жариялауын қамтамасыз ету бойынша Кеңес өкілеттігін қамтамасыз ету;";
14-1) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1) Кеңестің:";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның төрағасы мен комиссия құрамын;";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі құрамын бекіту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;".
20-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Жоғары Сот Кеңесінің ғалым заңгерлер және адвокаттар арасынан мүшелерінің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |