Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 340 Жарлығына (2020 жылғы 28 мамырдағы № 102 (29831) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі,
Цой Алексей Владимирович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Е.А.Біртанов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |