Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 460 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

      1) "Ыстыққа төзімді қорытпалар мен олардың негізінде бөлшектер өндіру жəне өңдеу үшін жаңа буын технологияларын əзірлеу" тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

      "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Аристотель Зейноллаұлы Исағұловқа;

      "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Гүлнар Сантайқызы Жетесоваға;

      "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы - ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Марат Кеңесұлы Ибатовқа;

      "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нанотехнологиялар жəне металлургия" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Светлана Сергеевна Квонға;

      "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нано технологиялар жəне металлургия" кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Виталий Юрьевич Куликовқа;

      "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Ресурстар мен минералды шикізатты кешенді игеру" инженерлік бейінді сынау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовке;

      2) "Инновациялық жасушалық технологияларды əзірлеу жəне клиникалық медицинаға енгізу" тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының басқар ма төрағасы, медицина ғылым дарының кандидаты Абай Қабатайұлы Байгенжинге;

      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының Жасушалар технологиясы мен транспланттау орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Бапұлы Асқаровқа;

      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Мақсат Əскерұлы Жантұрғановқа;

      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Еңлік Əбдікəрімқызы Қадыроваға;

      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының медициналық қызмет жəне ғылым жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Темірлан Сібірұлы Кəрібековке;

      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Болат Ғаббасұлы Көпеновке;

      "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық даму, ғылым жəне халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты Самат Сағатұлы Сапарбаевқа;

      3) "Бейлокальды дифференциалды операторлар теориясына" тақырыбы бойынша жұмыстар циклі үшін:

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика жəне математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кəсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Махмуд Əбдісəметұлы Садыбековке;

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика жəне математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кəсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға берілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады