Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 39 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 3-1, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 8), 11-1), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Төраға қызметіне:

Қостанай облыстық сотына

Салий Вячеслав Васильевич;

Ұлытау облыстық сотына

Адранов Қайрат Төлепбергенұлы
Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына

Жаманбаев Бақытберген Мейірханұлы
Павлодар облысы Павлодар қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына

Қайырбаева Лаура Еркінқызы;

Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Есенжолов Нұролла Ерғалиұлы
Павлодар облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына

Шошықбаев Бақытжан Қуанышбайұлы
Алматы облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына

Әбділдин Ерлан Әукенұлы;

Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Құлбеков Арман Шәріпұлы;

Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына

Шортанбаев Жанболат Бектұрсынұлы
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына

Шағатаев Қайрат Күнесбекұлы
Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Шайқамалов Қанат Жандарбекұлы;

Абай облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Хасенбаев Нияз Зиядабекұлы
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Сыздықов Қанат Сайлаубайұлы
осы облыстың Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Семей қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Ахметова Анар Темірғазықызы;

Үржар ауданының № 2 аудандық сотына

Иманмәдиев Берік Айтмұхамбетұлы
осы облыстың Үржар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облысы бойынша:

Алакөл ауданының № 2 аудандық сотына

Құрманғалиев Ринат Ұзақұлы
Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

қылмыстық істер жөніндеп мамандандырылған ауданаралық сотына

Брмаханов Бақыт Аманбайұлы
Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ұлытау облысы бойынша:

Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Исабаева Жанна Ермекқызы
осы облыстың Жезқазған қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      2. Судья қызметіне:

Абай облыстық сотына

Қабышева Нұрсұлу Әшімханқызы
Абай облысы Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облыстық сотына

Гапуов Асхат Хамидоллаұлы
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Ибрагимова Жанар Мұхадиқызы
Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Сәдуақасова Маржан Маратқызы
Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ұлытау облыстық сотына

Тоқбаев Дархан Қажығұмарұлы
Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Ізбайырова Диляра Серікқызы
Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Егембердиева Жанат Жұмабайқызы
Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Кенжин Жәкен Еденұлы
Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Мұқатаев Руслан Қалиақбарұлы
Қарағанды облысы Қарағанды қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Оспанов Ерлан Советұлы
Қарағанды облысы Абай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Сағатов Сәрсен Сейіткенұлы
Ұлытау облысы Ұлытау аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Шөженов Жұмағұл Нығметұлы
Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Алматы қаласы бойынша:

Алматы гарнизонының әскери сотына

Тасжүреков Мадияр Майданұлы;

Абай облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Бесеева Айжан Тоқметоллақызы
Павлодар облысы Железин аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Байқұмбаева Әлия Сламбекқызы;
осы облыстың Аягөз аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Балғабеков Саят Балғабекұлы
осы облыстың Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Семей қаласының № 2 сотына

Рақымова Айнұр Сәкенқызы
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Федосова Лариса Александровна
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына

Баймұханова Ботакөз Елеуқызы
осы облыстың Сырым аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Жетісу облысы бойынша:

Талдықорған қалалық сотына

Омарова Шырын Әуесбекқызы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Арқалық қалалық сотына

Ержанов Сайлаухан Айдарханұлы;

Ұлытау облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Кендірбаева Нұргүл Есенжолқызы
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Агедилова Жанар Бақытжанқызы
осы облыстың Жезқазған қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Еганова Елена Владимировна
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Өскемен қалалық сотына

Әли Асқар Мұхаметжанұлы
осы облыстың Ұлан аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      3. Атқаратын қызметінен:

Алматы қалалық сотының судьясы

Елшібаев Бақытжан Затыбекұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Ақтөбе облыстық сотының судьясы

Алмасбаева Ботагөз Алмасбайқызы
орнынан түсуіне байланысты;

Жамбыл облыстық сотының судьясы

Әтібеков Мейірхан Дайырбекұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы

Кириленко Владимир Александрович
судья лауазымында болудың шекті жасына толуына байланысты;

Астана қаласы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары

Бекіш Сая Сексембайқызы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
Қонақбаев Бақыт Шәріпбайұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Алматы қаласы бойынша:

Медеу ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Шәкіров Тәкен Шайманұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Шымкент қаласы бойынша:

Еңбекші аудандық сотының судьясы

Шыналиева Светлана Үбәйдақызы
орнынан түсуіне байланысты;

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Тұрлыбекова Гүлжан Паезиллақызы
орнынан түсуіне байланысты;

Абай облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Молдағожина Айтжамал Темірханқызы
орнынан түсуіне байланысты;

Атырау облысы бойынша:

Атырау қалалық сотының судьясы

Маратқызы Эльвира
өз тілегі бойынша;

Жамбыл облысы бойынша:

Тараз қалалық сотының судьялары

Манкетегі Бауыржан Қазыбекұлы
өз тілегі бойынша;
Молдабекова Аида Жолдасбекқызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Түркістан облысы бойынша:

Қазығұрт аудандық сотының төрағасы

Тоғызбаев Ілияс Жұмабекұлы
өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Өскемен қаласы № 2 сотының судьясы

Әлімханов Тельман Нәбидоллаұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Шемонаиха аудандық сотының судьясы

Райымбеков Құрманғаиф Ағзамұлы
орнынан түсуіне байланысты

      босатылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады