Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 799 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 3, 5, 7, 8, 9-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 7), 8), 11-1) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Төраға қызметіне:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына

Тукиев Аслан Султанович;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына

Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы
Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Алматы облысы бойынша:

Кеген аудандық сотына

Құрманбаева Салтанат Қожахметқызы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Катонқарағай аудандық сотына

Тоқшекенов Ербол Есекенұлы
осы облыстың Бородулиха аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Достияров Жасұлан Бейсенбекұлы
Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Баймаханов Бекбол Алғыбайұлы
Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      2. Судья қызметіне:

Ақмола облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына

Бегенбаева Әлия Сырымбетқызы;

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Балабеков Абзал Өміртайұлы
осы облыстың Бурабай аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Алматы облысы бойынша:

Қапшағай қалалық сотына

Қойшыбаев Нұрсұлтан Мейірбекұлы;

Қарасай аудандық сотына

Шойбеков Азамат Жүсіпұлы;

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына

Тұранова Бақыт Қалмаханбетқызы
осы облыстың Талдықорған қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Атырау облысы бойынша:

Атырау қалалық сотына

Дүйсебалиев Айдарбек Сағынұлы
Павлодар облысы Павлодар аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Мұратова Қаламқас Мұратқызы
осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Шымкент қаласы бойынша:

Абай аудандық сотына

Шымырова Айгүл Әбдірахымқызы
Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Алматы қаласы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына

Жанатбекова Жанар Жанатбекқызы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      3. Атқаратын қызметінен:

Қарағанды облыстық сотының судьясы

Миночкина Светлана Андреевна
орнынан түсуіне байланысты;

Ақмола облысы бойынша:

Егіндікөл аудандық сотының судьясы

Аушахимов Азамат Ескенұлы
өз тілегі бойынша;

Алматы облысы бойынша:

Кербұлақ ауданы № 2 аудандық
сотының судьясы

Абділхади Жібек Абділхадиқызы
өз тілегі бойынша;

Қарағанды облысы бойынша:

Бұқар жырау ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Айдарханов Талғат Болатұлы
өз тілегі бойынша;

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай қалалық сотының судьясы

Қадырова Бақыткүл Ысқаққызы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

Маңғыстау облысы бойынша:

Ақтау қалалық сотының судьясы

Ковраева Марет Идрисовна
орнынан түсуіне байланысты;;

Шымкент қаласы бойынша:

Абай аудандық сотының судьясы

Көбеев Болат Сұлтанмұратұлы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

Алматы қаласы бойынша:

әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Абраев Мұрат Советұлы
қайтыс болуына байланысты

      босатылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады