Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жарнялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - "Болашақ" халықаралық стипендиясы) мен ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамалардан өту қағидаларына сәйкес ғылыми тағылымдаманы тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;";
10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Болашақ" халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдамалар бойынша іс-шараларды қамтамасыз етуге және іске асыруға қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады;".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |