"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 898 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте Ереженің 14-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 898 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады.

      3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.

      10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерде Агенттікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау;

      2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қызметті, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау мен мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұрату;

      мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және өзге де азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қолдап отыру және әкімшілендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператордан сатып алу;

      Агенттікке және оның аумақтық органдарына жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

      2) міндеттері:

      мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау;

      мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуы міндетті ұсынулар енгізу;

      лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысын үйлестіру және оған әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;

      жыл сайын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және істерді қарау;

      жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша тексерулер жүргізу, мемлекеттік органдармен келісім бойынша тексерулер жүргізуге олардың жұмыскерлерін тарту;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;

      Агенттіктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік қызмет саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      3) мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу;

      4) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға консультация беру;

      5) мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды жүзеге асыру;

      6) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындау, шет мемлекеттердің тиісті органдарымен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

      7) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      8) мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік-құқықтық қорғалу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      9) мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу;

      10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      11) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерін үйлестіру;

      13) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың құнын есептеу әдістемесін бекіту;

      14) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторинг жүргізу;

      15) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартудың мониторингі;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, оның ұйымдастырылуын, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындау;

      17) мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстарды өткізу тәртібін айқындау;

      18) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізу тәртібін айқындау;

      19) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды беру;

      20) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен орналасуын келісу;

      21) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      22) сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен босатуды келісу;

      23) сынақ мерзімінен өту тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін айқындау;

      24) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өту тәртібін айқындау;

      25) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      26) құқық қорғау органдарының конкурс негізінде орналасатын лауазымдарының тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін, сондай-ақ құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;

      27) құқық қорғау органдарымен келісу бойынша құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту;

      28) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындау;

      29) персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту;

      30) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

      31) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасасу, ұзарту және бұзу тәртібін айқындау;

      32) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсыну;

      33) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

      34) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      35) мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберу тәртібін әзірлеу;

      36) лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлеу;

      37) мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жүргізу;

      38) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      39) мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      40) мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау;

      41) мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      42) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      43) сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану тәртібін бекіту;

      44) мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізуге қажетті құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Агенттіктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Агенттікке басшылықты Агенттіктің Төрағасы жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Агенттіктің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің аппарат басшысын және Агентттіктің ведомволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыскерлерін (қызметкерлерін) мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;

      5) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;

      6) Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымын бекітеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

      9) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құрады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Агенттіктің Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Агенттіктің Төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

      22. Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестер Агенттіктің алқалы органдары болып табылады, олар туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      23. Заңнамада көзделген жағдайларда Агенттіктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқылы емес.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы;

      2) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      17) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 898 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 74 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Төрағаның хатшылығы

      Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті

      Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті

      Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

      Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті

      Трансформация және цифрландыру департаменті

      Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

      Жұртшылықпен байланыс департаменті

      Заң департаменті

      Персоналды басқару департаменті

      Әкімшілік департаменті

      Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы

      Ішкі аудит қызметі

      Әдеп жөніндегі уәкіл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады