Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1013 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 1013 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224 Жарлығында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күнін белгілеу туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың проблемаларына назар аудару мақсатында, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынымдарын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі болып саналсын.".

      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.08.2023 № 312 Жарлығымен.

      3. "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында:

      2-бөлімде:

      "2.1. Отбасылық саясат саласындағы қол жеткізілген нәтижелер мен проблемалар" деген кіші бөлімде:

      2-тарауда:

      жиырма жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау бірінші кезекте әлеуметтік жәрдемақылар, төлемдер және көрсетілетін қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесі баланың тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге, көп балалы аналар мен отбасыларға арналған жәрдемақыны қамтиды.";

      отыз бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; қадағалаусыз қалған, оның ішінде девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар; туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектеулі балалар; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс- тіршілігі шектелген адамдар; жалғыз тұратын қарттар; тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлеміне қол жеткізеді.";

      қырық үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 2020 жылы 45 736 теңгені (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі) құрады.";

      қосымшада:

      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24

"Мүгедектігі бар және мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау" жобасын іске асыру

Қолдау қызметі

2022 жыл ішінде

АҚДМ, ЖАО

  ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады