"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 123 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының орынбасарлары";

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-2 санатында:

      "Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының сектор меңгерушісі";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы";

      В-4 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының көмекшісі, кеңесшісі".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады