"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 236 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл блогы бойынша операциялық бағалау";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Осы блок бойынша операциялық бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және ақпарат саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкімет" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (бұдан әрі – "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы) жүзеге асырады.";

      31-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдарды операциялық бағалаудың осы блогы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағалайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, ақпарат саласындағы уәкілетті органмен және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.";

      37-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдарды операциялық бағалаудың осы блогы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағалайды.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау қорытындыларын енгізу кезінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы тиісті өлшем мәндерін бере отырып, операциялық бағалау блоктары бойынша нәтижелерді қосу арқылы бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бөлінісінде бірыңғай рейтинг (бұдан әрі – бірыңғай рейтинг) қалыптастырады:

      1) мақсаттарға қол жеткізу – 45%;

      2) мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы – 30%;

      3) мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы – 25%.

      Бұл ретте орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай рейтингі операциялық бағалаудың барлық блоктары бойынша бағаланатын орталық мемлекеттік органдар қатарынан қалыптастырылады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесі, сондай-ақ есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесінің, есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесінің жобаларын әзірлеуді және мүдделі мемлекеттік органдармен және әділет органымен келісуді Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүзеге асырады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы нәтижелілікті бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының Президентіне жыл қорытындысы бойынша бағаланатын кезеңнен кейінгі жылдың шілде айында және қажеттілігіне қарай енгізеді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Бағалау қорытындылары бойынша бағаланатын мемлекеттік органның операциялық бағалау блогы және/немесе бірыңғай рейтинг бойынша рейтингте соңғы үш позицияның бірінде болғаны, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың үш жыл қатарынан нашарлағаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыретіне байланысты тиісті мемлекеттік саяси қызметшінің және/немесе орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің аппараты басшысының жауаптылығы мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізеді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі нәтижелілікті бағалау бойынша" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша";

      "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша".

      2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады