Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 286 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2023 жылғы 17 шілдедегі
  № 286 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы уәкілетті орган мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірлескен құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Агенттіктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы.";

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;";

      мынадай мазмұндағы 44-24), 44-25), 44-26) және 44-27) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-24) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-25) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-26) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;

      44-27) сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;".

      3. "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

      қосымшада:

      реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларына парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптарын енгізу

білім беру бағдарламалары

2024 жылғы
IV тоқсан

ҒЖБМ, ОАМ, ЖАО

6.

Барлық ЖОО-ларда:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық/ұлттық стандартты;
2) академиялық адалдық құралдарын енгізу

сәйкестік сертификаттары
ректорлардың бұйрықтары

2026 жылғы
I тоқсан

ҒЖБМ

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде комплаенс-мамандарды даярлау

білім беру бағдарламалары

2023 жылғы
IV тоқсан

ҒЖБМ, СЖҚІА, ЕХӘҚМ

      ";

      реттік нөмірлері 34 және 35-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдауды, оның ішінде:
1) жобалық тәсілді енгізу;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қағидаларын жетілдіру;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жасау, ұсынымдарды талқылау және олардың іске асырылу мониторингі процесіне қоғамдық кеңестерді міндетті түрде тарту;
4) құқықтық мониторинг жүргізу көздерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы және ішкі талдаудың ұсынымдарымен толықтыру;
5) құқықтық мониторинг нәтижелерін қоғамдық кеңестің отырыстарында қарау арқылы дамыту

бұйрық

2023 жылғы
III тоқсан

СЖҚІА, ӘдМ, ОМО, ЖАО

35.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт институтын дамыту, оның ішінде:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту бойынша құзырет беру
2) әдістемені бекіту;
3) экономика және мемлекеттік басқару салаларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бейіндері бар сыбайлас жемқорлық картограммаларын жасау арқылы дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
бұйрық
картограммалар

2023 жылғы
IV тоқсан
2024 жылғы
IV тоқсан
2025 жылғы
IV тоқсан

СЖҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері

      ";

      реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

47.

"Қоғамдық бақылаушы" жобалық рөлін ұсына отырып, ұлттық жобаларды, өңірлерді дамыту жоспарларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асырудың қоғамдық мониторингі

жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну

2022-2026 жылдар

ЦДИАӨМ, СЖРА, АҚДМ, Ұлттық жобалық кеңсе, мүдделі мемлекеттік органдар

      ";

      реттік нөмірі 52-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

52.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу қағидаларын жетілдіру

бұйрық

2023 жылғы
IV тоқсан

СЖҚІА, Қаржымині

      ";

      реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу және оның ішінде:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін бекіту бойынша құзырет беру;
2) әдістемені бекіту арқылы дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
бұйрық

2023 жылғы
III тоқсан
2023 жылғы
IV тоқсан

СЖҚІА, БП

      ";

      реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

58.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін үйлестіруді күшейту:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту;
2) әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу

Заң жобасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы,
СЖҚІА мен МҚІА бірлескен бұйрығы

2022 жылғы
IV тоқсан
2023 жылғы
IV тоқсан

СЖҚІА, МҚІА

      ";

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады