"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 357 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастыруға қатысты негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген 5-бөлімде:

      "5.3. ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты" деген кіші бөлімде:

      "ҚРҰҚ қаражатын пайдалану" деген тараудың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде ҚРҰҚ үлесін басым түрде өткізу және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оның нарықтық құнына дисконтпен сатып алуды қоспағанда, ҚРҰҚ-дан мемлекеттік, квазимемлекеттік және жекеше секторлар субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарын сатып алуға, қазақстандық компаниялардың акциялар пакеттерін, қатысу үлестерін сатып алуға, екінші деңгейдегі банктерді қорландыруға, заңды және жеке тұлғаларға тікелей кредит беруге, активтерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға тыйым салынады.";

      "ҚРҰҚ пайдалану бойынша шектеулер" деген тараудың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде ҚРҰҚ үлесін басым түрде өткізу және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағаяы қағаздарын сатып алу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оның нарықтық құнына дисконтпен сатып алуды қоспағанда, ҚРҰҚ қаражатын қазақстандық эмитенттердің ішкі қаржы құралдарына инвестициялауды қоса алғанда, ҚРҰҚ қаражатын кез келген өзгеше пайдалануға, сондай-ақ ҚРҰҚ-дан берілетін нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттің ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға/қоса қаржыландыруға тыйым салынады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады