Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
№ | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
---|---|---|---|---|
1. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету | ||||
1. | Әкімнің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі лауазымын, оның ішінде азаматтық қоғам, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық қатарынан құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жыл | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
2. | Үкіметтің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдау | Үкімет қаулысы | 2024 жылғы тамыз | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
3. | БҰҰ, ЕҚЫҰ органдары мен институттарын ықтимал тарта отырып, әйелдердің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің, саяси партиялар өкілдерінің және азаматтық белсенділердің біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін семинар-тренингтер өткізу | тренингтер | 2024–2025 жылдар | Үкімет |
2. Бала құқықтары | ||||
4. | Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту және олардың күш-жігерін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен біріктіру | Заң жобасы | 2024 жыл | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
5. |
Мыналарды: | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2025 жыл | Үкімет |
3. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою | ||||
6. | Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға әлеуметтік-психологиялық түзету практикасын енгізу | Заң жобасы | 2025 жылғы наурыз | Үкімет |
7. | Аудан орталықтарында және шалғайдағы елді мекендерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс істейтін мамандандырылған (дағдарыстық) орталықтардың санын көбейту | әкімдіктермен меморандумдар жасасу | 2024–2025 жылдар | Үкімет |
8. | Әйелдерге, қыздарға және басқа да осал топтарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты профилактикалық іс-шараларға тарту мақсатында отбасын қолдау орталықтарының әлеуетін нығайту | әкімдіктермен меморандумдар жасасу | 2024–2025 жылдар | Үкімет |
9. | Әкімдіктердің даму жоспарларына әйелдер мен балаларды қоса алғанда, жеке адамға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының профилактикасы жөніндегі нысаналы индикаторларды енгізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы желтоқсан | Үкімет, СЖРА |
10. | Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық заңнаманы қатаңдату | Заң жобасы | 2024 жылғы қаңтар | Үкімет |
11. | ІІМ-де қызметкер әйелдерді барынша көбірек тарта отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшені құру | бұйрық | 2024 жыл | Үкімет |
12. | Шағымдарды беру мен қараудың тиімді рәсімдерін, құқықтық қорғау құралдары мен санкцияларды көздей отырып, халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес "жұмыс орнындағы жыныстық қудалау" ұғымын айқындауды қамтитын еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру | Заң жобасы | 2024 жылғы сәуір | Үкімет |
13. | "Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2022 – 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 935 қаулысын жаңарту | Үкімет қаулысы | 2024 жылғы маусым | Үкімет |
4. Қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгездікпен қараудың алдын алу саласындағы адам құқықтары | ||||
14. | Халықаралық ұйымдар мен бизнесті тартып, еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандарды кәсіптік даярлау курстарын жаңарту | оқу бағдарламаларын және әдістемелерін жаңарту | 2024–2025 жылдар | Үкімет, "Атамекен" ҰКП |
15. | Халықаралық ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі шеберханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту | пилоттық жобалар | 2024 жыл | Үкімет |
16. | Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға қатысатын шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау шараларын заңнамалық деңгейде енгізу | Заң жобасы | 2025 жылғы желтоқсан | Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) |
17. | БҰҰ, ЕҚЫҰ органдары мен институттарын ықтимал тарта отырып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтендіру бойынша пилоттық жобаларды әзірлеу және енгізу | пилоттық жобалар | 2024–2025 жылдар | Үкімет |
18. | Азаматтардың жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініштерін қарау бойынша функцияларды алқабилер қатысатын сотқа беру жөніндегі пилоттық жобаны әзірлеу және енгізу | Заң жобасы | 2025 жыл | Үкімет, БП, СӘ |
19. | Жаңартылған Ыстамбұл хаттамасының ұсынымдарына толық сәйкес болу үшін нормативтік құқықтық актілерге сот-медициналық және сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар жүргізу мәселелері бойынша түзетулер енгізу | бұйрықтар | 2024 жыл | Үкімет |
20. | Сот-медициналық және сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың әдістемесін жаңартылған Ыстамбұл хаттамасының ұсынымдарына сәйкес келтіру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы қараша | Үкімет |
21. | Жаңартылған Ыстамбұл хаттамасы мен БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес азаптау және қатыгездікпен қарау құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ оларды оңалту тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | 2024 жылғы маусым | СӘ, БП, Үкімет |
22. | ЕҚЫҰ-ны, БҰҰ-ны және өзге де халықаралық ұйымдарды әріптестікке ықтимал шақыра отырып, құқықтық көмек көрсету кезіндегі біліктілігін арттыру мақсатында адвокаттар мен заң консультанттары үшін семинар-тренингтер өткізу | тренингтер | 2024–2025 жылдар | Үкімет, СӘ |
23. |
ҚР Қылмыстық кодекстің мына баптарына түсініктемелер дайындау: | ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктемелер | 2024 жылғы маусым | БП, СӘ, Үкімет |
24. | Кемсітушілікке қарсы заңнама және Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс тобын құру және/немесе Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта кемсітушіліктің барлық нысандарын жою мәселелері жөніндегі жеке құрылымдық бөлімшені құру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы наурыз | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
5. Бірлесу бостандығы құқығы | ||||
25. | Ведомстволық академияларды тарта отырып, коммуникация негіздері, көпшілік психологиясы, сындарлы диалог құрудың практикалық дағдылары бойынша жаттықтырушылар пулы үшін модульдер әзірлеу | оқу бағдарламаларының модульдерін енгізу | 2024 жыл | Үкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша) |
26. | Қоғамдық тәртіпті сақтаудың және тәртіпті бұзуға ден қоюдың ең үздік практикаларын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | 2024 жылғы желтоқсан | Үкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша) |
27. | ЕҚЫҰ, БҰҰ сарапшыларын ықтимал тарта отырып, "Азаматтық белсенділермен тиімді коммуникациялар және ынтымақтастық" тақырыбында семинар-тренингтер өткізу | тренингтер | 2024–2025 жылдар | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
28. | Бейбіт жиналыстар өткізуге байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | 2024 жылғы желтоқсан | Үкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша) |
29. | "Диалогты полиция" моделін енгізу арқылы бейбіт жиналыстар кезінде мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы сындарлы және инклюзивті өзара іс-қимыл мақсатында құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қызметкерлерін оқыту | тренингтер | 2024–2025 жылдар | Үкімет, БП, АҚҰО (келісім бойынша) |
30. | БҰҰ АҚЖКБ әзірлеген индикаторлардың негізінде наным және діни сенім бостандығының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын енгізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат |
2025 жылғы | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша), СЖРА |
31. | БҰҰ және ЕҚЫҰ институттарын ықтимал тарта отырып, діни сенім бостандығы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша мемлекеттік органдар үшін тренинг-семинарлар өткізу | тренингтер | 2024–2025 жылдар | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
32. |
СІМ жанындағы "Адами өлшем бойынша диалогтық алаң" консультативтік-кеңесші органының қызметін жетілдіру: | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы қараша | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
33. | БҰҰ және ЕҚЫҰ институттарын ықтимал тарта отырып, Президенттің "Адал азамат" (жауапты азамат) тұжырымдамасы шеңберінде халықтың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін түсіндіре отырып, оларды құқықтық ағарту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы маусым | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
6. Мигранттарға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары | ||||
34. | Бала медициналық мекемелерден тыс жерде туған жағдайда туу фактісін тіркеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы қазан | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
35. | ЕХӘҚМ, ҰҚК және ІІМ арасында босқындардың құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу | меморандум | 2024 жылғы қараша | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша), ҰҚК |
7. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты адам құқықтары | ||||
36. | Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау | Үкімет қаулысы | 2024 жылғы желтоқсан | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша), БП |
8. Еңбек етуге, еңбекті қорғауға және кәсіподақтың қызметіне құқық | ||||
37. | Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбектің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау | Үкімет қаулысы | 2024 жыл | Үкімет |
38. | Қауіпсіз еңбек саласындағы заңнаманың талаптарын күшейту | Заң жобасы | 2024 жыл | Үкімет |
39. | Еңбек заңнамасын қолдану бойынша біліктілігін арттыру мақсатында кәсіподақтардың өкілдері мен жұмыс берушілер үшін семинар-тренингтерді ұйымдастыру және өткізу | тренингтер | 2024–2025 жылдар | Үкімет |
40. | "Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы" Халықаралық еңбек ұйымының № 176 конвенциясын ратификациялау туралы ұсынысты қарау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | 2024 жылғы желтоқсан | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша), БП |
9. Кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтары | ||||
41. | БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу | ҚР Үкіметі жанынан жұмыс тобын құру | 2024 жыл | Үкімет, АҚҰО (келісім бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚҰО | – | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
АҚЖКБ | – | БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссардың басқармасы |
"Атамекен" ҰКП | – | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
БҰҰ | – | Біріккен Ұлттар Ұйымы |
ЕҚЫҰ | – | Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы |
ЕХӘҚМ | – | Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы |
СЖРА | – | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
СӘ |
– |
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі |
ҰҚҚ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |