Қазақстан Республикасы Президентінің "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 418 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық комиссияның міндеттері:

      1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;

      2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      4) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне (бұдан әрі – өңірлік резервтер) алынуға жататын кандидаттарды айқындау болып табылады.

      4. Ұлттық комиссияға міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:

      1) Резервке алуға ұсынылған кандидаттарды қарау;

      2) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларды жіберу және мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат алу;

      3) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

      4) адамды Резервтен шығару туралы мәселені қарау;

      5) іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекіту.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қалыптастырылады.

      Ұлттық комиссия:

      1) кандидаттарды үш жыл мерзімге Резервке алу туралы шешім шығарады;

      2) іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекітеді.

      Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізеді.

      Іріктеу жүргізілмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервтеріне алынуға жататын кандидаттардың тізіміне Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау сатысында іріктеуге қатысқан, бірақ Резервке енгізілмеген кандидаттар енгізіледі.";

      2) "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 және "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

      "2-1 тарау. Іріктеу жүргізілмей өңірлік резервке алу

      13-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізіміне енгізілген Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттар (бұдан әрі – Президенттік резервке кандидаттар) комиссияға өңірлік резервке алу туралы өтініш берген жағдайда іріктеу жүргізілмей өңірлік резервке алынады.

      13-2. Президенттік резервке кандидат осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қалыптастырылған өңірлік резервті өзі дербес таңдап, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия іріктеу жүргізілмей, өңірлік резервтерге алынуға жататын кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап бір жыл ішінде тиісті комиссияға өтініш береді.

      13-3. Комиссия өтінішті алған күннен бастап бір ай ішінде Президенттік резервке кандидатты өңірлік резервке екі жыл мерзімге алу туралы шешім шығарады.

      13-4. Президенттік резервке кандидаттар осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған өңірлік резервке алынатын кандидаттар санына қосымша өңірлік резервке алынады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады