Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
Тәртіптік жарғыға 1-қосымшада:
екінші бөлікте:
5) тармақшаның екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойынға қатысуы және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылыққа бәс тігу әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық болып табылады;".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |