Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 1 наурызға дейін "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" республикалық мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді қамтамасыз етсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 808 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Архивтің штат саны 168 бірлік мөлшерінде белгіленсін.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 15-үй.";
26-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен және Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен келісу бойынша – өзінің орынбасарларын және мекеме филиалдарының басшыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен келісу бойынша мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;".
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасын және 2025 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |