ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының қызметшілеріне, осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) ротациялық төлемдер белгіленеді.";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, сонымен қатар өзге мемлекеттік органдардың В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, D-O-1, D-O-2 және Е-1 санаттарындағы "Б" корпусы қызметшілерінің ротациясы:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген "Б" корпусының қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусы қызметшілерінің ротациясы олардың соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күнінен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі. Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылымы не лауазымдардың атауы өзгергеннен кейін "Б" корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін, бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежедегі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде қайта басталмайды.
Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусының қызметшісі бұрын атқарған және бұл лауазымнан өз еркімен не өзге лауазымға тағайындалуына байланысты босатылған лауазымға бір жыл ішінде тағайындалған жағдайда ротациялау мерзімі бұрын атқарған кезеңмен қоса есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ротацияны жүргізу мерзіміне "Б" корпусы қызметшісінің әлеуметтік демалысқа шығуына немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуіне байланысты қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыста болмаған кезеңі қосылмайды.
"Б" корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен екі жылға ұзартылуы мүмкін не "Б" корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылады не ол келіскен жағдайда және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі. "Б" корпусының осы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін одан әрі:
1) В-1, С-1, С-О-1 және D-O-1 санаттарындағы қызметшілерге қатысты – Ұлттық комиссияның;
2) А санаттарының тобына және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының В санаттарының тобына, содай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары аппараттарының В-1 және В-2 санаттарына қатысты – уәкілетті адамның;
3) B-2, C-2, С-О-2, D-O-2 және E-1 санаттарындағы қызметшілерге қатысты мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның шешімімен екі жылға ұзартуға жол беріледі.
"Б" корпусы қызметшісінің, оның ішінде осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген лауазымдарды басқа мемлекеттік органдардан іссапарға келу тәртібімен атқаратын қызметшілердің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілместен жүзеге асырылады.";
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте "Б" корпусының B-2, C-2, С-О-2, D-O-2 және E-1 санаттарындағы қызметшілердің ротациясы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Өтпелі ережелер
23. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусының қызметшілері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атқарып отырған лауазымда төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімде болған жағдайда ротацияға жатады. Қызметші бас тартқан жағдайда оның лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның шешімімен оның атқаратын лауазымында болуының алты жылынан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін не қызметші лауазымынан босатылады не ол келіскен және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі.
24. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусының қызметшілері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атқарып отырған лауазымда алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімде болған жағдайда ротацияға жатады. Қызметші бас тартқан жағдайда осы Қағидалардың 18-тармағымен бекітілген тәртіппен оның лауазымда болу мерзімі сегіз жылдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін не қызметші лауазымынан босатылады не ол келіскен және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі.
25. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген "Б" корпусының қызметшілері 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атқарып отырған лауазымда сегіз және одан астам жыл мерзімде болған жағдайда ротацияға жатады. Қызметші бас тартқан жағдайда лауазымынан босатылады не ол келіскен және бос орын болған жағдайда лауазымы төмендетіледі.
26. Осы Қағидалардың 23, 24, 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда "Б" корпусының қызметшілері осы Қағидалар қолданысқа енгізілген кезден бастап үш ай ішінде ротациялануға жатады.
Бұл ретте осы Қағидалар қолданысқа енгенге дейін қабылданған ротация туралы шешімдер қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өз күшін сақтайды.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзара келісімі бойынша олардың арасында ротация жүргізуге жол берілетін "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдарының тізбесінде:
мына:
"
В-2 | Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары |
" |
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
С-2 | Департамент директорының орынбасары |
" |
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
С-О-2 |
Басшының орынбасары |
" |
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
D-O-2 |
Басшының орынбасары |
" |
деген жол алып тасталсын;
мына:
"
E-1 | Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары |
" |
деген жол алып тасталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |