Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру, қайта ұйымдастыру және олардың атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 778 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2 және 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      Алматы облысының Алатау қалалық соты;

      Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл аудандық соты;

      Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын аудандық соты құрылсын.

      2. Мыналар:

      Қостанай облысының Алтынсарин аудандық соты, Қостанай аудандық соты біріктіру жолымен Қостанай облысының Қостанай ауданаралық соты болып;

      Павлодар облысының Ақсу қалалық соты, Май аудандық соты біріктіру жолымен Павлодар облысы Ақсу қаласының ауданаралық соты болып;

      Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев аудандық соты, Шал ақын аудандық соты біріктіру жолымен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауданаралық соты болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Мыналардың:

      Абай облысы бойынша:

      Семей қалалық сотының атауы Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты;

      Семей қаласының № 2 сотының атауы Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты;

      Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының атауы Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;

      Семей қаласының мамандандырылған тергеу сотының атауы Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты;

      Үржар ауданының № 2 аудандық сотының атауы Мақаншы аудандық соты;

      Павлодар облысы бойынша:

      Павлодар қалалық сотының атауы Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты;

      Павлодар қаласының № 2 сотының атауы Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты;

      Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының атауы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;

      Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының атауы Павлодар қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты;

      Түркістан облысы бойынша:

      Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының атауы Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;

      Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының атауы Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты;

      Түркістан қалалық сотының атауы Түркістан қаласының ауданаралық соты болып өзгертілсін.

      4. Атауы өзгертілетін соттардың төрағалары мен судьялары атауы өзгертілген соттардың төрағалары мен судьялары болып есептелсін.

      5. Судья қызметіне:


Алматы облысы бойынша:

Алатау қалалық сотына

Әмірқұлов Мақсат Талғатұлы

осы облыстың Қонаев қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мейірбекова Ақмарал Бақбергенқызы

осы облыстың Талғар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай ауданаралық сотына

Айбасов Серік Еділбайұлы

осы облыстың Қостанай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Бүріктібаев Арман Маратұлы

осы облыстың Алтынсарин аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Жарасбаев Жұмаш Рамазанұлы

осы облыстың Қостанай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қабдоллин Рустам Әуезханұлы

осы облыстың Қостанай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Төкенов Сұлтан Сәулетұлы

осы облыстың Қостанай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Төлеев Айнар Боратұлы

осы облыстың Қостанай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Утина Сәуле Құбайқызы

осы облыстың Қостанай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар облысы бойынша:

Аққулы аудандық сотына

Қалкен Ержан Ермекұлы

осы облыстың Май аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Ақсу қаласының ауданаралық сотына

Амангелді Нұрғиса Қайратұлы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Әменова Мейрамгүл Сайлауқызы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Багаева Сабина Анатолийқызы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Батраханов Абылайхан Қуандықұлы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Ерғалиев Руфат Қайырбайұлы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қапанова Алмагүл Құлатайқызы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Пономарева Светлана Николаевна

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Сабабаева Сымбат Қайроллақызы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Силантьева Юлия Вячеславовна

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Темірова Айым Хәлелдіқызы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Құсайынов Ермек Қапарұлы

осы облыстың Ақсу қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Успен аудандық сотына

Хамитова Гүлзия Ерсайынқызы

осы облыстың Май аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына

Әлжанова Гүлім Еламанқызы

осы облыстың Тимирязев аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Шал ақын ауданының ауданаралық сотына

 

Басыбаева Әлия Досқызы

осы облыстың Шал ақын аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Курынова Татьяна Борисовна

осы облыстың Шал ақын аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Үлкен Нарын аудандық сотына

Фирсов Владимир Сергеевич

осы облыстың Зайсан аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалсын.


      6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     
      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады