"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 855 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын келісу;";

      19-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін айқындайды;

      32-2) қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi айқындайды;";

      37) тармақшада:

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін;";

      он екінші, жиырмасыншы және жиырма екінші абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады