Нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттiк кiтап басу iсiн қорғау жөнiндегi шұғыл шаралар туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 15 сәуiр 1992 ж. N 717. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының мерзiмдi басылымдарын, республиканың мемлекеттiк кiтап баспаларын қағаздың баспалық сорттарымен, қатырмамен, мұқабалық және басқа материалдармен мемлекеттiк тапсырыста көзделген көлемдерде қамтамасыз ететiн болсын;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне газеттер мен журналдар редакцияларын, мемлекеттiк телерадио хабарлары компанияларын, баспаларды, полиграфия және кiтап саудасы кәсiпорындарын, Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгiн қосылған құнға салынатын салықтан босату, пайдаға жеңiлдiктi салық белгiлеу туралы ұсыныс енгiзсiн;
мемлекеттiк бюджеттi тиянақтау кезiнде бағаның ырықтандырылуын ескерiп, мемлекеттiк тапсырыстың көлемiнде мерзiмдi басылымдар мен әлеуметтiк маңызы зор (балалар, жастар, оқулық, қазақ тiлiндегi) әдебиеттi шығаруға бөлiнетiн дотацияның ұлғайтылуын көздесiн;
Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң кәсiпорындары мен Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi өздерiнiң негiзгi қызмет шегiнде тұтынатын электр энергиясы мен байланыс қызметiне жеңiлдiктi тариф белгiлеу мүмкiншiлiгiн қарасын;
қағаздың баспалық сорттарын, полиграфиялық жабдық, материалдар, телерадиоаппаратура сатып алу үшiн Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне қажеттi көлемде еркiн айырбасталатын валюта бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекет мүлкi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп кiтап саудасы мен кiтап тарату объектiлерiн, олардың негiзгi функциясын сақтау принципiн көздей отырып, меншiктеу және акцияландыру бағдарламасын әзiрлеп, оның тәртiбiн бекiтсiн.
3. Жергiлiктi әкiмшiлiк басшылары жергiлiктi баспасөздi, теледидар мен радионы қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау, соның iшiнде бюджеттен тыс және көлденең қаржыдан бөлу мәселелерiн қарасын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз