Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және атом қуаты жөнiндегi агенттiгi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1992 жылғы 15 мамыр N 779

      Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына байланысты және Қазақстан Республикасының атом ғылымы мен техникасы жөнiндегi ғылыми-техникалық және өнеркәсiп потенциалын дамыту мен тиiмдi пайдалану мақсатында қаулы етемiн:
      1. Радиациялық хауiпсiздiк және экология жөнiнде, радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату және көму проблемаларын зерттеу, ядролық технология мен энергетикасы саласында әзiрлемелiк жұмыстар жүргiзу мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны кешенi және Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан тиiстi ғылыми ұйымдар мен объектiлердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылсын.
      2. Атом қуатын пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi өзiне жүктелген функциялар шегiнде республиканың барлық министрлiктерiне, ведомстволарына, кәсiпорындарына, ұйымдарына және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан экономикалық қатынастың басқа да субъектiлерiне мiндеттi шешiм қабылдайды деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:

     Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен 
Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiн құрудың
ұйымдық шараларын жүзеге асырсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Атом
қуаты жөнiндегi агенттiгi туралы ережелердiң бекiтiлуiн қамтамасыз
етсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады