Қазақстан Республикасында валюта нарығын дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 31 желтоқсан N 1484. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Қазақстан Республикасының өтiмдi валюта нарығын қалыптастыру, теңгенiң қайтымдылығын қолдау және банк секторында бәсекенi дамыту мақсатында қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер (бұдан әрi - кәсiпорындар) меншiк нысандарына қарамастан экспорт және импорт бажын белгiленетiн ставкаларға сәйкес теңгемен төлейтiн болып белгiленсiн.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң
               1995.08.02. N 2397 жарлығымен.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, 1994 жылғы 15 қаңтарға дейiн тауарлар (қызметтер, жұмыстар) экспортынан Қазақстан Республикасына валютаның кепiл түсуiне валюталық бақылау жасау тәртiбi туралы Нұсқаулық әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып, экспорттаушы-кәсiпорындар мен өкiлеттi банкiлердiң тауарлар (қызметтер, жұмыстар) экспортынан түскен қаражаттың 30 процентiн мiндеттi түрде ресей рублiмен сату туралы 1993 жылы қолданылған ережелердi орындауына байланысты оларға 1994 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде тексеру жүргiзсiн.
      Тексеру нәтижелерi бойынша кәсiпорындардың осы аталған қаражатты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне сатылу күнi ол белгiленген бағамен теңгеге сатуын қамтамасыз ететiн қажеттi шаралар қолдансын;
       - 1994 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде экспорт және импорт бажын алу және оларды республикалық бюджетке есептеу Ережесiн, оның iшiнде тауар айырбастау операциялары бойынша тауарлар әкелу және әкету кезiнде баж алу тәртiбiн бекiтсiн;
      (5-абзац) <*>
      - 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап, экспорт (импорт) бажын төлеу және валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн мiндеттi түрде сату жөнiндегi жеңiлдiктердi тiкелей беру практикасын тоқтатсын;
      - 1994 жылғы бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасының аса iрi экспорттаушы-кәсiпорындарына халықаралық стандарттар бойынша аудиторлық тексерулер өткiзу үшiн конкурстық негiзде аудиторлық фирмаларды айқындасын.
      Ескерту. 4-тармақтың 5-абзацы күшiн жойды - ҚР Президентiнiң
               1994.07.14. N 1792 жарлығымен. U941792_
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi валюта операцияларын өткiзуге бас лицензиялары жоқ банкiлерге валюталық айырбас пункттерiн құруға лицензия беру ережелерiн оңайлатуды көздесiн.
      Әкiмдер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарымен бiрлесе отырып, банктерге айырбас пункттерiн ұйымдастыруы үшiн қажет үй-жайлар беру мүмкiндiктерiн iздестiрсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1994 жылғы 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк маңызы бар өнiмдер экспортын жүзеге асыратын мемлекеттiк сыртқы экономикалық бiрлестiктерге банк қызметiн көрсетудi монополиясыздандыру жөнiнде шаралар қолдансын.
      7. Шет ел валютасына бөлшек сауда жасауға (қызмет көрсетуге, жұмыс iстеуге) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар кәсiпорындарға 1994 жылғы 1 ақпаннан бастап төлемге шет ел валютасымен қатар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенi қабылдау мiндеттелсiн.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi шет ел валютасына бөлшек сауда жасауға (қызмет көрсетуге, жұмыс iстеуге) жаңа лицензиялар берудi 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатуды көздесiн.
      8. 1994 жылғы бiрiншi тоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн (бұдан әрi Қазақстан Эксимбанкi) құру тиiмдi болады деп танылсын.
      Қазақстан Эксимбанкiнiң негiзгi мiндеттерi:
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде Қазақстан Республикасы алтын немесе кепiлдiк беретiн сыртқы кредиттердi (кредит арналарын) тарту және оларға қызмет көрсету;
      - құрылымдық реформаларды жүргiзу және импортты алмастыратын өндiрiстердi дамыту үшiн қажет технологиялар, жабдықтар мен өнiмдер импортын көтермелеу мақсатында Қазақстан кәсiпорындарына кредиттер беру;
      - Қазақстан үшiн дәстүрлi емес экспорттың дайын бұйымдары мен басқа номенклатурасын экспорттаушыларға кредиттер беру;
      - жоғарыда аталған мақсаттарға банкiлер беретiн экспорттық кредиттер тәуекелiн сақтандыру (оған кепiлдiк беру);
      - мамандандырылған халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру болып табылады деп белгiленсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      - 1994 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына тауарлар (қызметтер, жұмыстар) экспортынан еркiн айналыстағы валютамен және ресей рублiмен түсетiн валюта қаражатын жасырғаны, Қазақстан Республикасының өкiлеттi банктерiндегi шоттарға дер кезiнде немесе толық аудармағаны үшiн кәсiпорындардың

лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар берсiн.
     - 1994 жылғы 15 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлықпен сәйкестендiру жөнiнде 
ұсыныстар енгiзсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады