1. Азиялық Даму банкiне /бұдан әрi "Банк"делiнедi/ осы Банк Келiсiмiнiң Баптарын, сондай-ақ Банк басқарушылары Кеңесi Қарарларының қағидалары мен шарттарын қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының мүше болуы тиiмдi деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзi өкiлеттiк берген адамға Банк Келiсiмi Баптарының түп нұсқаларына қол қоюды әрi Қазақстан Республикасының осы ұйымға мүшелiгiне қатысы бар құжаттарға Қазақстан Республикасы атынан қол қоюды және оларды ұсынуды жүктеуге хұқы болады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы үшiн Банк Келiсiмiнiң баптары
Қазақстан Республикасы осы ұйымға қабылданған күннен бастап күшiне енетiн болып белгiленсiн. 4. Осы Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi