Жер қатынастарын реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 24 қаңтар N 1516. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.07.14. N 158 Заңымен. ~Z970158

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Заңының негiзiнде және жер қатынастарын құқықтық реттеудi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Азаматқа немесе заңды тұлғаға жер төлемi уақытша пайдалану үшiн жалдау шартымен 5 жылға дейiнгi /қысқа мерзiмдi жалдау/ және 99 жылға дейiнгi /ұзақ мерзiмдi жалдау/ мерзiмге берiледi деп белгiленсiн.
      2,3,4.
      Ескерту. 2,3,4-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң
               1995.05.12. N 2269 Жарлығымен U952269_
 
      5. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында тiзбеленген Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың республиканың аумағында тұрған мерзiмiне қарамастан, жер телiмiн мұралықпен өмiрлiк иеленуге алуға құқылы деп белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      ауыл шаруашылық мақсатында емес жылжымайтын мүлiктi, соның iшiнде құрылысы бiтпеген объектiлердi жекешелендiру кезiнде азаматтың немесе заңды тұлғаның жер телiмiн пайдалану немесе жалдау құқын иеленуiнiң тәртiбiн бiр ай мерзiмде бекiтетiн болсын;
 

 

     Ескерту. 6-шы тармақтың үшiншi абзацы күшiн жойған - ҚР

              Президентiнiң 1995.05.12. N 2269 Жарлығымен.


     7. Осы Жарлықтың заңдық күшi бар және Қазақстан Республикасының

қолданылып жүрген заңдарына тиiстi өзгертулер мен толықтырулар

енгiзгенге дейiн күшiн сақтайды.

     8. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi


     Алматы қаласы, 1994 жылғы 24 қаңтар

                  N 1516






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады