1. "КОСКОМ" корпорациясының, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағының Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын кәсiпорындары мен ғимараттарының негiзiнде "КОСКОМ" Мемлекеттiк акционерлiк аэроғарыш компаниясы құрылсын.
"КОСКОМ" Мемлекеттiк акционерлiк аэроғарыш компаниясына аэроғарыш техникасын жасау жобаларын әзiрлеу және оларды "Байқоңыр" ғарыш айлағының негiзгi объектiлерiн тиiмдi және ұтымды пайдалану жолымен жүзеге асыру, сондай-ақ мүлiктiк шаруашылық қатынастарды реттеу, РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранның негiзiнде қазақстандық алып ұшушы зымыран жасау iске асыру жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес компанияның құрылтайшы құжаттарының пакетiн әзiрлейтiн болсын.
3. "КОСКОМ" Мемлекеттiк акционерлiк аэроғарыш компаниясының
президентi мен Бас конструкторын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi ұйымдық шаралар атқарсын. 5. Мемлекеттiк басқару органдары мен әкiмдер "КОСКОМ" Мемлекеттiк акционерлiк аэроғарыш компаниясының қызметiне жәрдемдесетiн болсын. 6. Осы Жарлық қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар N 1520