Жер асты кен жұмыстарында iстейтiн адамдарды және зейнеткерлердiң басқа санаттарын зейнетақымен қамсыздандыруды жақcарту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 11 ақпан N 1559. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Жер асты кен жұмыстарында iстейтiн қызметкерлердi және зейнеткерлердiң басқа санаттарын зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына Z933600_ сәйкес қаулы етемiн:
      1. Көмiр, сланец, руда және басқа да пайдалы қазбалар өндiру жөнiнен жер асты кен жұмыстарында, шахталар мен кенiштер құрылысында iстейтiн адамдарға (кен құтқару бөлiмдерiнiң жеке құрамына қоса), жеңiлдiк шартпен тағайындалатын зейнетақыға құқық беретiн күнтiзбелi есептелген жұмыс iстеген әрбiр жыл үшiн, сондай-ақ еркектер үшiн 20 жылдан, әйелдер үшiн 15 жылдан артық күнтiзбелi есептелген жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы мөлшерi есепке алынатын орташа айлық жалақының 1,5 процентiне өсiрiлетiн болып белгiленсiн.
      Бұл орайда есепке алынатын орташа айлық жалақы процентiне шағып есептелген жасына байланысты зейнетақы мөлшерi осы аталған жалақыдан аспауға тиiс.
      2. Зейнетақы тағайындаған немесе қайта есептелген кезде ең төменгi жалақыны он есе мөлшерiнен аспайтын орташа жалақы сомасы есепке алынсын, керi шегiнiстi шкала арқылы оған шек қойылмайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1991 ж., N 25, 328-бап) жобасын жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.
      4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi "Қазақ ССР-iнде азаматтарды

зейнетақымен қамсыздандыру туралы" "Қазақ ССР Заңына өзгертулер

мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңын қабылдағанға дейiн

қолданылады.

     5. Жарлық 1994 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енедi


     Қазақстан Республикасының

             Президентi







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады