Тiркелген /ренталық/ төлемдердi алу тәртiбiн нақтылау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 ақпандағы N 1560 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және кәсiпорындардың пайдасы мен табысына салынатын салық мәселелерiн реттеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Былай деп белгiленсiн:
      - газ, мұнай, көмiр және басқа да көмiрсутектердiң өндiретiн, өңдейтiн, тасымалдайтын және ұқсататын кәсiпорындар, аталған қызметтi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыратын шетел қатысатын кәсiпорындардан басқалары, өздерiнiң ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан тiркелген /ренталық/ төлемдердiң төлеушiлерi болып табылады;
      - тiркелген /ренталық/ төлемдердiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мұнай, газ, көмiр және басқа да көмiрсутектерiн сатудан алынған табыстың процентiне шағып белгiлейдi;
      - тiркелген /ренталық/ төлемдер бойынша бюджетке қаржы аудару тоқсандық соманың 1/3 мөлшерiнде әр айдың 20-ында аванспен төленiп, әр тоқсан үшiн нақты орындалу бойынша қайта есептелiп отырады.
      2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi "Тiркелген /ренталық/ төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылданғанға дейiн қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Тiркелген /ренталық/ төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, оны жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн. 4. Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 ж. 11 ақпан N 1560
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады