Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифiн енгiзу мерзiмi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 12 ақпан 1994 ж. N 1566. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.12.14. N 2686 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес, экспортқа шығарылатын өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыру мақсатында және осыған орай жаңа кеден бажын жеделдете енгiзу қажеттiлiгiне байланысты қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1499 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi 1994 ж. 21 ақпаннан бастап енгiзiлсiн.
      2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi тиiстi Заң қабылдағанға дейiн

қолданылады.

     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тиiстi заң

актiлерiнiң жобаларын дайындап, оны жағадан сайланған Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.

     4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

            Қазақстан Республикасының

                  Президентi

            Алматы. 1994 ж. 12 ақпан

                   N 1566






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады