Адам құқығы жөнiнде Республикалық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 12 ақпан N 1567. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996.06.03. N 3009 жарлығымен.


     Қазақстан Республикасында адам құқығы мен бостандығы 
құрметтелуiн қамтамасыз ету, олардың сақталуына кепiлдiктердi күшейту
мақсатында қаулы етемiн:
     1. Адам құқығы жөнiнде республикалық комиссия құрылсын.
     2. Адам құқығы жөнiндегi Республикалық комиссия мына құрамда
бекiтiлсiн: 
     
     Асанбаев Ерiк Мағзұмұлы - Қазақстан Республикасының Вице-
                               президентi, комиссия төрағасы
     Шәйкенов Нағашыбай Аманғалиұлы - Қазақстан республикасының
                                      Әдiлет министрi, Комиссияның
                                      жауапты хатшысы 
     
                  Комиссия мүшелерi: 
     
     Айтбаев Өмiрзақ - Халықаралық "Қазақ тiлi" қоғамының вице-
президентi, филология ғылымының докторы;
     Вайдман Леонид Львович - "Феникс" қоғамдық-саяси көркем-әдеби
журналының бас редакторы;
     Водолазов Виктор Борисович -"Советы Казахстана" газетiнiң Батыс
Қазақстан облысы бойынша меншiктi тiлшiсi;


      Гаркавец Александр Николаевич - украин ұлттық-мәдени орталығының басшысы; ұлттық-мәдени құралымдарды қолдау қорының вице-президентi, филология ғылымының докторы;
      Жигалов Константин Васильевич - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары, тарих ғылымының кандидаты;
      Задорожный Николай Васильевич - Ауғанстан соғысы ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы;
      Кенжетаева Роза Ахметбекқызы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi;
      Козлов Александр Федорович - "Казахстанская правда" газетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша меншiктi тiлшiсi;
      Қозыбаев Манаш - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигi;
      Михайлов Александр Петрович - "Лад" қоғамдық славян қозғалысының басшысы;
      Нұрпейiсов Еркеш Қалиұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, заң ғылымының кандидаты;
      Тәтiмов Мақаш Байғалиұлы - Қазақстан Республикалық партиясы төрағасының орынбасары, "Азат" азаматтық қозғалысының төрағасы, педагогика ғылымының кандидаты;
      Тохматов Тұрған Қасымұлы - ұйғыр ұлттық мәдени орталығының төрағасы;
      Уманов Григорий Абрамович - Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк

педагогика университетiнiң педагогика кафедрасының меңгерушiсi,
педагогика ғылымының докторы, профессор;
     Хан Гурий Борисович - ҚМЭБИ Саясаттану және әлемдiк саясат
кафедрасының меңгерушiсi, философия ғылымының докторы, профессор.
     3. Адам құқығы жөнiндегi Республикалық комиссия туралы Ереже
бекiтiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     Алматы қаласы, 1994 жылғы 12 ақпан
               N 1567 



                                     Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1994 жылғы "12" ақпандағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген


          Адам құқығы жөнiндегi Республикалық комиссия туралы
                                ЕРЕЖЕ

                          I. Жалпы ережелер

      1. Адам құқығы жөнiндегi Республикалық комиссия /бұдан былай Комиссия/ Қазақстан Республикасы Президентiне есептi және өзiнiң бүкiл қызметiнде оның алдында жауап беретiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн кез келген басқа мемлекеттiк органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсiз, қоғамдық құқық қорғау ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен күш бiрiктiре отырып жүзеге асырады.
      3.Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      - Қазақстан Республикасының Президентiне азаматтардың құқығы мен бостандықтарының сақталуын кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мiндеттерiн орындауына жәрдемдесу;
      - Қазақстан Республикасында адамның құқығы мен бостандығының құрметтелуiн нығайту және сақталуына кепiлдiктердi күшейту;
      - адамның құқығы мен бостандығының қамтамасыз етiлуi және сақталуы саласында заңдар мен құқық қолдану практикасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      - Қазақстан Республикасының аумағынан сырт жерлерде жүрген өзiнiң азаматтарына қатысты қамқоршылығын, олардың құқығы мен бостандығының қорғалуын қамтамасыз етуi жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      - халықаралық құқық және Қазақстан Республикасының Заңдары таныған адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыта беру болып табылады.
      4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын,Республика Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.

                    II. Комиссияның құзыретi

      5. Комиссия:
      - Адамның құқығы мен бостандығының бұзылғаны туралы адамдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Президентiне немесе тiкелей Комиссияға жолдаған өтiнiштердi қарайды;
      - жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адам құқығы мен бостандығының сақталуы мәселелерi жөнiндегi адамдар мен ұйымдардың өтiнiштерi туралы өз атына жолданған материалдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы тиiстi жарияланымдарды зерделейдi;
      - Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша айрықша қоғамдық қаупi бар адам құқығын жаппай бұзу оқиғаларын немесе адам құқығына қысым жасаудың жекелеген фактiлерiн тергеудi ұйымдастырып, соған басшылықты жүзеге асырады;
      - адам құқығының сақталуы туралы жыл сайын арнаулы баяндамалар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Президентiне тапсырады, Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы бойынша олардың баспасөзде және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырады;
      - адам құқығы саласындағы iстiң жағдайы туралы парламенттi, үкiметтi және республиканың жоғары сот билiгi органдарын хабарландырып отырады;
      ағымдағы заңдарды саралап отырады, оны Қазақстан Республикасы таныған адам құқығы мен бостандығы туралы халықаралық-құқықтық актiлерге сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, адам құқығы мен бостандығы мәселелерiн қамтитын заң актiлерiн әзiрлеуге қатысады;
      - адам құқығы жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына және олардың тиiстi халықаралық-құқықтық құжаттар әзiрлеуiне қатысады.
      6. Осы аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында Комиссия:
      - кез келген органдар мен лауазымды адамдардан Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындауға қажет мәлiметтер, құжаттар мен материалдар сұратып алдыруға;
      - Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша лауазымды адамдардан түсiнiктер алуға;
      - қолында адам құқығын жаппай немесе өрескел бұзу туралы ақпарат болған жағдайда Комиссия сол ақпаратта аталған органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметiне тексерiс жүргiзуге;
      - қажет болған жағдайда тергеулер мен тексерiстер жүргiзуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының мамандары мен қызметкерлерiн қатыстыруға өкiлеттi.
      Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар Комиссия сұраттырып отырған ақпаратты ешқандай кiдiрiссiз тәртiп бойынша беруге тиiс. Мемлекеттiк құпия болып табылатын ақпараттарды беру "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпиясын қорғау туралы" Заңның талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      7. Комиссия мүшелерi өз қызметiнiң мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен кез келген органдарда, мекемелер мен ұйымдарда еш кедергiсiз болуға қақылы.
      8. Комиссияның мәжiлiстерiнде қабылданатын қаулылар мен тұжырымдар Комиссияның шешiмдерi болып табылады.
      Комиссияның қорытындылары өтiнiштердi немесе тергеулердi қараудың нәтижелерi бойынша қабылданады.
      Комиссия адам құқығы мен бостандығын бұзу фактiсiн таныған жағдайда оның қорытындысында құзырына бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтiру кiретiн тиiстi мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға арналған ұсыныстар болады.
      Комиссияның қорытындысын алған мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам он төрт күннiң iшiнде Комиссияның ұсыныстарын қарап, қабылданған шешiм туралы дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
      Комиссияның қаулылары мен қорытындылары қажет болған жағдайда оның шешiмi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлуi мүмкiн.

          III. Комиссияның құрамы мен оның жұмысын ұйымдастыру

      9. Комиссия төрағадан, жауапты хатшыдан және Комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      10. Комиссияның мәжiлiстерiн қажетiне қарай оның Төрағасы шақырады. Комиссия мәжiлiстерi оның құрамының үштен екiсiнен кем болмайтын мүшелерi қатысқанда құқықты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады