Мемлекеттiк акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 наурыздағы N 1589 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабына сәйкес және экономиканы мемлекеттiк реттеудi одан әрi жетiлдiру, республиканың экономикалық әлеуетiн анықтаушы акционерлiк қоғамдардың бiлiктi басшыларын ынталандыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Мемлекеттiк акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Меншiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына  енгiзсiн.
      3. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және "Меншiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
      4. Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
бұрын жiберiлген 1994 жылғы 11 наурыздағы
N 1589 Жарлығына         
 
Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1994 жылғы
11 наурыздағы N 1589 
Жарлығымен бекiтiлген 

Мемлекеттiк акционерлiк қоғамдардың басшыларына
сату үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр
бөлiгiн бөлу тәртiбi туралы
Ереже

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру жөнiндегi ұйымдық шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1136 Жарлығына сәйкес бұрынғы мемлекеттiк кәсiпорындар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың бiрiншi басшыларына (президенттерiне) республиканың экономикалық әлеуетiн құрайтын қоғамдардың бiлiктi басшыларын ынталандыруға арнап сату үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлудiң тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
      Бұдан әрi - қоғам
      2. Ереже мемлекеттiк пакетi 51 процент және одан да көп болатын қоғамдарға қолданылады.
      Мемлекеттiк пакетi 51 проценттен аз болатын қоғамдарда басшыларға акциялар беру тиiстi қоғамның жарғысында көзделген жалпы тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      3. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

II. Бөлiнетiн акциялар пакетiнiң мөлшерi

      4. Қоғамдардың бiрiншi басшыларына сату үшiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу олардың кәсiпорын қызметкерi ретiнде Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасына сәйкес артықшылықты акцияларды алуымен қатар жүзеге асырылады.
      5. Бөлiнетiн акциялар пакетiнiң мөлшерi қоғам жұмысының нәтижесiне байланысты. Бөлiнетiн акциялар пакетiнiң шамасы акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң жалпы шамасының 5 процентiнен аспауға тиiс.
      6. Басшыларға бөлiнетiн акциялар пакетiн олар номиналдық құны бойынша сатып алады. Сатып алу номиналдық құны бойынша акциялар пакетiнiң құнын бiржолғы жарна немесе 3 жылға дейiнгi мерзiмде бөлiп-бөлiп төлеу арқылы жүзеге асырылады. Бөлiп-бөлiп сатып алған жағдайда бастапқы жарна - акциялардың мемлекеттiк пакетi құнының 20 процентi енгiзiледi, сатып алудың кейiнгi сомасы тоқсан сайын теңбе-тең үлеспен өтеледi.

III. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр
бөлiгiн бөлу тәртiбi

      7. Қоғамдардың басшыларына акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы мағлұмхатты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
      8. Қоғамдардың басшыларына акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы тиiстi салалық мемлекеттiк басқару органдарымен алдын ала келiсiлген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне республиканың Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi енгiзедi. Мемлекеттiк акционерлiк компанияларға, оның iшiнде холдинг компанияларға кiретiн қоғамдар үшiн осы қоғам құрамына енген Компанияның басшылығымен келiсiп алу қажет.
      9. Бiрiншi басшыларға акциялар пакетiн бөлуге қажеттi шарттар қоғамның қаржы және шаруашылық жағдайын жақсарту болып табылады.
      Акциялар пакетiн бөлу туралы шешiм қабылдау үшiн мынадай көрсеткiштер пайдаланылады:
      қоғам жұмысы рентабельдiлiгiнiң деңгейi;
      еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы;
      қоғам акцияларының өтiмдiлiгi;
      өнiмнiң өзiндiк құнын кемiту;
      төлем қабiлеттiлiгi;
      өндiрiске өз инвестицияларын ұлғайту.
      Сонымен қатар, экономиканың түрлi салалары бойынша өндiрiстiң ерекшелiгi (ресурс үнемдеу, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы және т.т.) ескерiлетiн басқа да көрсеткiштердiң пайдаланылуы мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады