1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы құрылсын. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы республикалық мемлекеттiк басқару органы болып табылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы Ереже бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының негiзгi мiндеттерi бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың және бағалы қағаздар шығаруға қатысты бөлiгiнде эмитенттердiң қызметiн реттеу, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi бақылау функцияларын орындау, кадрлар даярлау деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Орталық бағалы қағаздар депозитарийi құрылсын. Қазақстан Республикасының Орталық бағалы қағаздар депозитарийi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қарамағында болады және оған есеп берiп отырады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Орталық бағалы қағаздар депозитарийi мен Қазақстан Республикасындағы депозитарийлер туралы Ереженi екi ай мерзiм iшiнде бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейтiн актiлердi екi ай мерзiм iшiнде әзiрлеп, бекiтсiн.
6. "Бағалы қағаздар айналымы мен қор биржасы туралы" 1991 жылғы 11 маусымдағы Қазақ КСР Заңының /Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары N 24, 1991 ж. 286-бап/ күшi жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына "Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгiзсiн;
- жаңа Заң қабылданғанға дейiн қолданылатын бағалы қағаздар айналымы мен қор биржасы туралы уақытша ереженi бекiтсiн;
- Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Орталық бағалы қағаздар депозитарийiнiң қызметiн қаржыландыру үшiн республикалық бюджеттен қажеттi қаржы бөлсiн;
- Үкiметтiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкестендiрсiн және
Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және ведомстволары актiлерiнiң қайта қаралуын қамтамасыз етсiн. 8. Осы Жарлықтың заң күшi бар және "Бағалы қағаздар айналымы мен қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiн қолданылады. 9. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1613 Жарлығымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы /бұдан әрi - комиссия/ бағалы қағаздар нарығындағы қатынастардың реттелуiн, субъектiлер мүдделерiнiң қорғалуын және бағалы қағаздар нарығы жұмысының бақылауын қамтамасыз ету жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
2. Комиссия құрамында Төраға мен 4 мүше болады. Төрағаны және
комиссияның барлық мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi 5 жыл мерзiмге тағайындайды. <*> Ескерту. 2-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 11.01.1995 ж. N 2019 Жарлығымен. 3. Өз қызметiнде комиссия Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 4. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi комиссиясының негiзгi мiндеттерi: - келiсiлген қаржы саясатын жүргiзу мақсатымен бағалы қағаздар нарығында мемлекеттiк реттеудi үйлестiру;
- бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттеу және бағалы қағаздар туралы нормативтi актiлердiң сақталуын бақылау;
- бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жөнiндегi бiрегей стандарттар мен ережелердi, бағалы қағаздарды тiркеу, шығару және олардың айналымы мәселелерi жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеу мен практикаға енгiзу.
- акционерлiк қоғамдар /банкiлерден басқалары/ эмиссияларының проспектiлерiн тiркеу;
- акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық жүргiзушi басқа да субъектiлердiң бағалы қағаздар шығару эмиссиялары проспектiлерiнiң дұрыстығын тексеру;
- басқа елдердiң тиiстi органдарымен өзара қарым-қатынас механизмiн жасау шараларын жүзеге асыру;
- кәсiпқой қатысушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының мәселелерiмен шұғылданушы және басқа мемлекеттiк органдар қызметшiлерiн даярлау iсiн ұйымдастыру;
- бағалы қағаздар бойынша кәсiпқой қызмет жүргiзуге лицензиялар беру.
5. Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияға мынадай өкiлеттiктер берiлсiн:
- бағалы қағаздар шығарудың және олардың айналымының тәртiбiн, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушыларға қойылатын талаптарды белгiлейтiн ережелердi, нұсқауларды және басқа да актiлердi әзiрлеу мен бекiту;
- ақпарат жинаумен және бағалы қағаздар нарығының жайына талдау жасаумен шұғылдану;
- бағалы қағаздар нарығындағы қызмет туралы қажеттi ақпарат алу;
- ашық сату үшiн бағалы қағаздарын ұсынушы кез келген эмитенттен, кәсiпқой субъектiлерден және бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының органдарынан, соның iшiнде қор биржаларынан, бағалы қағаздар депозитарийлерi мен клиринг орталықтарынан iшкi ережелер, жарғылар, регламенттер, нұсқаулар, әзiрленуi мен жариялануы мiндеттi үлгi құжаттар талап ету;
- республиканың бағалы қағаздар нарығында қаржы делдалдарының /инвестициялық, сақтандыру және басқа да фирмалардың, банкiлердiң, компаниялардың және қорлардың, соның iшiнде шетелдiк/ қызметiн бақылау;
- эмитенттердiң және бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушыларының бухгалтерлiк құжаттамасын тексеру;
- инвесторлардың, эмитенттердiң, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың өтiнiш-ұсыныстарын қарау;
- бағалы қағаздардың барлық эмитенттерi үшiн ақпарат берудiң ережелерiн белгiлеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы мен жұмыс iстеуi саласында халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
- бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiне байланысты ресми материалдар берiлетiн Комиссия жаршысын жариялау. Жаршыда жарнама материалдарының жариялануына жол берiлмейдi;
- жоғарғы бiлiктi шетелдiк және отандық мамандарды контракт негiзiнде консультанттар мен сарапшылар ретiнде тарту;
- бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi реттеуге қатысты басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
6. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттер шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен, Ұлттық банкiнен, Меммүлiккомнан және басқа да мемлекеттiк органдардан бағалы қағаздар нарығы жөнiнде ақпарат алуға, сондай-ақ олармен бiрге тексерулер жүргiзуге және бағалы қағаздар туралы заңды орындау жөнiндегi басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы.
7. Комиссия жұртшылықты өз қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi.
8. Комиссияны қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
9. Комиссияның өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген ресми мөрi болады.