Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн сыртқы заемдарға қол қою өкiлеттiгiн Ә.М. Қажыгелдин мен Е.Ж. Дербiсовке беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 4 сәуiр 1994 ж. N 1619

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының Z933600_ негiзiнде және Қазақстан Республикасына берiлетiн сыртқы заемдарды тарту жұмысының ұйымдастырылуын және оның құқықтық, қаржы-экономикалық шарттары мемлекеттiк реттелуiн тәртiпке келтiру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Бiрiншi орынбасары

Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi Еркешбай Жайлаубайұлы Дербiсовке сыртқы 
қаржыландыруға және Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан
Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн заемдарға Қазақстан 
Республикасының атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
            Қазақстан Республикасының
                  Президентi 
            Алматы, 1994 жылғы 4 сәуiр
                   N 1619

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады