Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 13 сәуiр N 1655. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677


     Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуының маңызды
факторы болып табылатын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мақсатында
қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және 
дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы құрылсын:
<*>

     Ескерту. 1-шi тармақтан сөздер алынып тасталды - Қазақстан 
              Республикасы Президентiнiң 1995.05.19. N 2290 жарлығына 
              сәйкес. 
     
     2. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту
жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының құрамы бекiтiлсiн:
<*>

     Соболев В.В.       - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                          орынбасары, төраға
     Тiлеубердин А.А.   - Қазақстан Республикасының Экономика
                          министрi, төрағаның орынбасары
     Мұхамеджанов Б.Ғ.  - Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң
                          бiрiншi вице-президентi, төрағаның
                          орынбасары
     Кинасов О.Г.       - Қазақстан Республикасының Министрлер
                          Кабинетi Аппаратының Экономикалық
                          саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары,
                          хатшы
     Аблязов М.К.       - "Астана холдинг" Қазақ холдинг 
                          компаниясының президентi
     Әлжанов Т.К.       - коммерциялық банктер ассоциациясының
                          президентi
     Әзiмов Р.Ж.        - Қазақстан агроөнеркәсiп биржасының
                          президентi
     Байсейiтов Б.Р.    - Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң
                          президентi
     Дербiсов Е.Ж.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                          төрағасының бiрiншi орынбасары
     Жандосов О.Ә.      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi
                          басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                          төрағасы
     Қадыров Н.Х.       - "Мерей" акционерлiк қоғамының президентi
     Мiнiбаев А.К.      - Қазақстанның өнеркәсiпшiлерi мен 
                          кәсiпкерлер одағының вице-президентi
     Павлов А.С.        - Қазақстан Республикасының Қаржы 
                          министрi
     Сорокин В.И.       - "Интермодуль" акционерлiк қоғамының
                          президентi
     Смағұлов Н.Э.      - "Астана Моторс" қазақ мотор компаниясының
                          президентi
     Өтембаев Е.Ә       - Қазақстан Республикасы Министрлер 
                          Кабинетiнiң Аппараты Басшысының бiрiншi
                          орынбасары
     Өтепов Э.К.        - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру 
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы
     Штойк Г.Г.         - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                          сауда министрi
     Ескерту. Комиссия құрамы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 
              Президентiнiң 1995.05.19. N 2290 жарлығына сәйкес. 
     
     3. Комиссия:


      - кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттарын белгiлейтiн және өндiрiс пен басқарудың барлық саласындағы кәсiпкерлiк құрылымдардың жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз ететiн;
      - министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердiң, жергiлiктi әкiмдердiң кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi күшейту жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн;
      - кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай туғызу мәселелерi мен олардың ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз етiлуiн қарастыратын;
      - кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн нормативтiк құжаттардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырып оларды комиссияның мәжiлiстерiнде талқылайтын және тиiстi шешiмдер қабылдайтын болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Аппаратының

экономикалық саясат бөлiмi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк 
комиссиясының жұмыс органы болып белгiленсiн.
<*>

     Ескерту. 4-шi тармақтан сөздер алынып тасталған - Қазақстан 
              Республикасы Президентiнiң 1995.05.19. N 2290 жарлығына 
              сәйкес. 
           
     5. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады