Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 18 сәуiр 1994 ж. N 1669

      Әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiнiң әлеуметтiк-құқықтық мәртебесiн көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi

әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының  

Z933600_

  1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
     
     1. Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және
мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiне мынадай сыныптық шендерi
берiлетiн болып белгiленсiн:
     Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     Бiрiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     Екiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     Үшiншi сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi
     Бiрiншi сыныпты заң кеңесшiсi
     Екiншi сыныпты заң кеңесшiсi
     Үшiншi сыныпты заң кеңесшiсi
     Бiрiншi сыныпты заңгер
     Екiншi сыныпты заңгер
     Үшiншi сыныпты заңгер


      2. Жарлықтың 1-тармағындағы ережелердiң күшi Заң күшiне ие және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан Республикасының әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiне сыныптық шендер белгiлеу туралы тиiстi Заң қабылданғанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
       3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi туралы ереженi бекiтсiн және шендер мен қызмет өткерген жылдары үшiн үстеме ақы төлеудiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлеуге, сондай-ақ әдiлет органдары, мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiне республиканың басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне белгiленген жеңiлдiктерге сәйкестендiрiлген өзге де жеңiлдiктер беруге байланысты мәселелердi шешсiн;

     Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне әдiлет органдары,
мекемелерi және мемлекеттiк нотариат қызметкерлерiне сыныптық шендер
белгiлеу туралы Заң жобасын енгiзсiн.
     4. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     Алматы қаласы. 1994 жылғы 18 сәуiр
              N 1669
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады