Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiнде комитет құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 7 қазан 1994 ж. N 1879. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабының 1-бөлiмiнiң 3-тармағы негiзiнде қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарының, арнаулы бағыттағы объектiлердiң және әртүрлi меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтажын қанағаттандыру үшiн арнайы өнiмдер шығару жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiнде комитет құрылсын. 
      Комитет қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарының, арнаулы бағыттағы объектiлердiң және әртүрлi меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу, салааралық үйлестiру қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi үкiметтiк орган болып белгiленсiн. 
      Комитет шешiмдерi өз құзыры шегiнде республиканың тиiстi мемлекеттiк және жергiлiктi басқару органдары үшiн мiндеттi болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн: 
      қорғаныстық және екi рет қолданылатын өнiмдердi дайындау мен өндiру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, қорғаныс өнеркәсiбi құрылымдарын қайта бағыттау және дамыту бағдарламаларын жасау, қорғаныс кәсiпорындарын конверсиялау және қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы материалдарды, жабдық заттарын экспорттық-импорттық тасымалдау; 
      жұмылдырушы қуаттар құру және сақтау жөнiндегi жоспарлар мен тапсырмаларды, қажеттi жұмылдырушы резервтердi молықтыру, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындары мен ұйымдарын ерекше кезеңдерде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғаныс пен жұмылдыруды дайындау жөнiндегi басқа да жұмыстар орындауды ұйымдастыру; 
      шетелдiк ведомстволармен, компаниялармен және кәсiпорындармен әскери-техникалық ынтымақтастық жөнiнде ғылыми-техникалық, өндiрiстiк, кооперациялық және сыртқы экономикалық байланыстар орнату; 
      қару-жарақ, әскери-техника, оқ-дәрi және екi рет қолданылатын өнiмдер дайындау мен өндiру саласындағы барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау. 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет аппаратының санын, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және комитеттiң жұмысында құпиялық режимдi сақтау қажеттiгiн ескере отырып оны орналастыру мәселелерiн шешсiн; 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң қарамағына тиiстi саладағы жекелеген кәсiпорындар мен ұйымдарды беру арқылы оның құрылымын және Ережесiн бекiтсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әскери-өнеркәсiп кешенiн басқаруды және ұйымдастыруды ретке келтiру туралы" 1994 жылғы 11 қаңтардағы N 1500 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын. 
      5. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының 
      Президентi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады