Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанынан Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2097. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында шет ел капиталын тарту мен пайдалану саласында мемлекеттiк реттеудi, үйлестiрудi және бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң таратылатын Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiгi негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет шет ел инвестицияларын, кредиттерiн, техникалық және қаржы көмегiн тарту мен пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеп, жүзеге асыру үшiн жауапты орталық атқарушы өкiмет органы болып табылады деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан және соның тапсыруы бойынша қол қойылған техникалық және қаржы көмегi туралы келiсiмдерден туындайтын халықаралық мiндеттемелер жөнiндегi құқылы мұрагерлiгiн анықтау мәселесiн шешетiн болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттiң басты мiндеттерi: 
      Қазақстан Республикасында шет ел капиталын пайдаланудың басым бағыттарын анықтау (Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң ұсынысы бойынша); 
      шет ел капиталын тартудың көлемi (ағымдағы және келешектегi), Қазақстан Республикасының сыртқы берешегiнiң лимиттерi мен кепiлдiктерiнiң лимиттерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу (Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң ұсыныстары бойынша); 
      Қазақстан Республикасына шет ел капиталын тарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу; 
      Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын үйлестiру және олардың шет ел капиталын тарту саласындағы қызметiн мемлекеттiк реттеу; 
      шет ел капиталының пайдаланылуына талдау жасау және тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру деп белгiленсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде: 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiтсiн; 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттiң қызметкерлерiнiң саны, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешетiн болсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитеттi орналастыру үшiн Алматы қаласында үй-жай бөлсiн. 
      7. "Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процестерiн мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 Жарлығына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1 тармақтың "а" тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "шет ел инвестициялары, кредиттерi, техникалық және қаржы көмегi саласында - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет"; 
      1 тармақтың "а" тармақшасындағы үшiншi абзацтан "шет елдiң қаржы көмегi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      1 тармақтың "ә" тармақшасының екiншi абзацы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерiнiң алдынан "жекелеген реттерде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын. 
      8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады